«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc» акционерлік қОҒамы



жүктеу 391.92 Kb.
бет2/2
Дата22.02.2016
өлшемі391.92 Kb.
1   2

Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау менеджменті жүйесінің талдауы

Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау менеджменті жүйесі OHSAS 18001:2007 негізінде әзірленді, жұмыс күйін сақтайды. КҚДҚМЖ біріктірілген менеджмент жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады.

Аталған бөлім бойынша талдау жүргізу үшін кіріс деректер мыналар болып табылады:

- Жоспарларды, Бағдарламаларды орындау;

- ішкі аудит нәтижелері;

- жазатайым жағдайлар статистикасы, авариялар, технологиялық бұзылыстар туралы есептер, қауіптерді сәйкестендіру процесі, тәуекелдерді бағалау және тәуекелдерді басқару туралы есеп (ЖЭТ филиалдарынан, ЖО ҰДО филиалы мен АД тиісті бөлімшелерінен алынған ақпараттар мен деректер бойынша құрылған ТБжәнеЕҚҚ есебі);

- БМЖ жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырыстарының хаттамалары, жедел және жұмыс мәжілістерінің хаттамалары («KEGOC» АҚ басшылығы, бөлімше басшылары).

Кіріс деректерге ТБжәнеЕҚҚ-дан алынған КҚДҚМЖ және олардың процестерін жақсарту жөніндегі ұсынымдар да жатады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын құру, технологиялық операцияларды орындаған кезде жарақаттануды азайту, қызметкерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту, зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

2014 жылы кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау саласындағы қызмет «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 11.03.2014ж. бекіткен, «KEGOC» АҚ қауіптері мен тәуекелдерінің 2014 жылға арналған тізілімін есепке ала отырып әзірленген «KEGOC» АҚ Кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау менеджменті жүйесі жөніндегі 2014 жылға арналған бағдарламасына сай жүзеге асырылды.

Сенімділік және еңбекті қорғау қызметтерінің (топтарының) «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің еңбегін қорғау және электр желілері жұмысының сенімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарын жетілдіру, проблемалық мәселелер бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 2014 жылғы наурыздың 26-ы мен 28-і аралығында мәжіліс өткізілді. Мәжіліске барлық филиалдардың, сонымен қатар «Энергоинформ» АҚ сенімділік және еңбекті қорғау қызметтерінің (топтарының) бастықтары қатысты.

2014 жылы еңбекті қорғауға жұмсалған нақты шығындар 205,126 млн. теңгені құрды.

Арнайы киімдерді орталықтан сатып алу жөніндегі тендерлердің өткізілмеуіне, сонымен қатар арнайы аяқ киім бойынша ашық тендердің толық көлемде орындалмауына байланысты арнайы киімдер сатып алынбады, ал аяқ киімдер ішінара сатып алынды.

2014 жылы Компания қызметкерлері осы кезеңге жоспарланған медициналық тексеруден өтті, оқудың, біліктілікті арттырудың барлық қазіргі заманғы түрлерімен қамтылды; қолданыстағы нормаларға сай қажетті жеке қорғаныс құралдарымен, соның ішінде электрден қорғану құралымен, арнайы тағаммен, дәрі-дәрімектермен, ҚТ жөніндегі плакаттармен қамтылды. Жұмыс орындарындағы болуы мүмкін зиянды жағдайларға жүргізілген атестаттау нәтижелері бойынша жұмыс процесінде зиянды факторлардың әсеріне ұрынған қызметкрелер нормалармен бекітілген өтемақылар алды.

Барлық филиалдарда жөндеу науқаны кезеңінде жұмысты қауіпсіз ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі семинарлар өткізіліп, қорғаныс құралдарымен, құралдармен, такелаждармен, арнайы киіммен толықтырылуын тексере отырып, жөндеу бригадаларына аттестаттау жүргізілді.

2014 жылдың ішінде 9 ЖЭТ филиалдарының техникалық пайдалану, қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі жай-күйіне мақсатты тексерулер ұйымдастырылып, өткізілді, солардың қорытындылары бойынша нормативтік-техникалық құқжаттама, пайдалануды ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау сәйкессіздігіне қатысты ұйғарым актілері ресімделді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сай Қауіпсіздік техникасы ережелері талаптарының бұзылуына жол берген тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану шаралары қолданылды. Барлығы тәртіптік жазаға (ескерту, сөгіс, қайта сыйақыдан айыру) филиалдардың басшыларын қоса алғанда, 103 адам тартылды.

Қазақстан Республикасының Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидасының талаптарына сәйкес қызметкерлердің білімдеріне біліктілік тексерулерін жүргізу мақсатында Филиалдар мен Атқарушы дирекциясының ҒТҚ басшы құрамындағы 17 қызметкердің білімдерін тексеру жөнінде Орталық біліктілік комиссиясының 11 отырысы өткізілді. Олардың қорытындылары бойынша электр қауіпсіздігі жөніндегі топтар расталды.



Н KEGOC 00-701-08 «Нұсқаулық. «КЕGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерін қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша сәйкестікті бағалау» нұсқаулығына сәйкес «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында 12 Қауіпсіздік техникасы күні өткізілді, соның нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 5784 іс-шаралар әзірленді.

«Еңбек (қызметтік) міндеттемелерді орындау кезінде қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «KEGOC» АҚ қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды жүзеге асырады. 2014 жылы сақтандыру сомасы 10 426, 202 млн. теңгені, ал сақтандыру сыйақысы 75,372 млн. теңгені құрды.

Сонымен қатар «KEGOC» АҚ «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупіне байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырады. 2014 жылға сақтандыру сомасы - 140,752 млн. теңге, ал сақтандыру сыйақысы – 1,013 млн. теңге.

«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының объектілерінде жұмыс орындарындағы химиялық және физикалық факторлар анықталды, өріс, жарықтандыру, діріл және шу кернеулілігі өлшенді. Нормативтерден ауытқушылық анықталған жоқ.

«KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалынды жұмыс орындарына аттестаттау жүргізген кезде 146 жұмыс орындарында электр өрісінің, шудың және басқа да физикалық факторлардың кернеулігіне өлшемдер жүргізілді. Аттестаттау қорытындылары бойынша еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

2014 жылы «Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және жазатайым жағдайларды тексеру»; «Еңбекті қорғау және технологиялық процестер мен өндірістердің экологиялық қауіпсіздігі», «Энергоаудит және энергия үнемдеуді басқару» тақырыптары бойынша Техникалық бақылау және еңбекті қорғау қызметінің 3 қызметкерінің біліктілігін арттыру қамтамасыз етілді.

2014 жылы «Алматы ЖЭТ» филиалында 1 авариялық оқиға болды.

Комиссия жүргізген жазатайым жағдайға арнайы тексеру нәтижесінде ЖКА-ға жеке жеңіл автокөлік жүргізушінің Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережесін 10.1-т. бұзуы (жол қозғалысының қарама-қарсы жағына шығып кету) себеп болғаны анықталды.

Тексеру нәтижесі бойынша кінәлілік дәрежесі анықталды:

- жұмыс беруші – 100 %;

- қызметкер – 0 %.

2006-2014 жылдардағы өндірістік жарақаттану жай-күйі туралы мәлімет 5-кестеде келтірілген.


5-кесте –2006-2014 жылдардағы өндірістік жарақаттану жай-күйі




Жыл

Барлығы жазатайым жағдайлар

Соның ішінде

Жарақат алғандар саны

Жұмысқа қабілетсіздік күндерінің саны

Ксағ.

Кт

Қызметкерлердің орташа тізім бойынша саны

Топ

Өлімге әкелг.

Ауыр

1

2006

1

-

-

1

1

47

0,25

47

3974

2

2007

3

-

1

2

3

233

0,76

78

3908

3

2008

1

-

-

1

1

107

0,25

107

3954

4

2009

1

-

-

1

1

113

0,25

113

3923

5

2010

1

-

1

-

1

-

0,25

-

4034

6

2011

5

1

3

2

7

273

1,21

55

4123

7

2012

2

-

1

-

2

39

0,49

20

4062

8

2013

0

-

-

-

-

-

-

-

4074

9

2014

1

-

1

-

1

19

0,26

19

3901


Өрт қауіпсіздігі

2014 жылы «KEGOC» АҚ объектілерінде өрт пен тұтану жағдайлары болмады.

2014 жылы «KEGOC» АҚ фиалдарында өрт қауіпсіздігін сақтау үшін қаржыландыру 6610624 теңгені құрды, олардың ішінде: тараптық ұйымдардың өрттен қорғауына 4206588 теңге, өртке қарсы құралдармен толықтыруға 2404037 теңге.

2014 жылы «KEGOC» АҚ-да өрт қауіпсіздігін сақтау және арттыру үшін мынадай іс-шаралар орындалды:



  • ғимараттың ағаш құрылымдарының 42623,75 шаршы метрін өрттен қорғайтын құраммен өңдеу;

  • 144 өрт сөндіргіштерді қайта куәландыру;

  • 773 өрт сөндіргіштерді қайта зарядтау;

  • қосалқы станцияларда қызметкермен жұмыс жоспарына сай өртке қарсы, соның ішінде бірлескен (мемлекеттік өртке қарсы қызметпен) жаттығулар жүргізілді, өртке қарсы нұсқамалар, өрт-техникалық минимум бойынша сабақтар өткізілді;

  • сыртқы өрт сөндіретін су құбырына – 113, ішкі су құбырына – 117, автоматты өрт сөндіру қондырғыларына – 169 сынақтар жүргізілді.

«KEGOC» АҚ филиалдарында директорлардың бұйрықтарымен өрт қауіпсіздігі бойынша филиалдардың бас инженерлерінің басшылық етуімен өрт-техникалық комиссиясы құрылды, олар 156 профилактикалық тексеру жүргізді. Анықталған бұзушылықтар бойынша бұзушылықтарды жою және бұдан кейін осындай бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар әзірленді.

«KEGOC» АҚ-ның корпоративтік сайтында тұрақты негізде өрт қауіпсіздігі саласындағы НТҚ электрондық кітапханасын жаңарту жұмыстары жүргізіліп отырады.

Атқарушы дирекция қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі саласындағы білімдері мен өрт кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын арттыру мақсатында жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқама жүргізу қамтамасыз етілді; «Өрттің негізгі себептері», «Қызметкерлердің өрт кезіндегі әрекеті» тақырыптарына дәрістер әзірленіп, сабақтар өткізілді.
Басқарма төрағасының корпоративтік

басқару жөніндегі орынбасары,



Басшылықтың БМЖ жөніндегі өкілі Ж.Бексары




1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет