және әлеуетті ґнім берушілердің аукционға қатысуға ґтінімдерді
беруі
Аукционға қатысуға ґтінім
7. Аукционға қатысуға ґтінім осы АҚ-да кґзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарды жеткізуге (жұмыстарды орындау, қызметтерді кґрсету) аукционға қатысуға үміткер әлеуетті ґнім берушінің келісімін білдіру нысаны болып табылады.
8. Әлеуетті ґнім беруші ґтінімді жасау алдында осы АҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісімді қабылдайды.
9. Аукционға қатысуға ґтінім екі бґліктен тұрады және осы АҚ-да кґзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер кґрсетуге) аукционға қатысуға үміткер әлеуетті ґнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
10. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті ґнім берушінің ұйымдастырушыға беретін ґтінімінің бірінші бґлігі мыналарды:
1) тауарды мемлекеттік сатып алу кезінде тауардың (тауар белгісіне, қызмет кґрсету белгісіне, фирмалық атауларын, тауардың шыққан жерінің атауы мен ґндірушінің атауын, сондай-ақ егер аукциондық құжаттамада сатып алынатын тауардың сұлбаларын, суреттерін, сызбаларын, фотосуреттерін және басқа да бейнелеулерін беру туралы талап кґзделген болса, онда аукционда қатысуға ґтінім мұндай ақпаратты қамтуы тиіс) техникалық, сапалық және пайдалану, тауарды жеткізу мерзімін және (немесе) оның кґлемдерін, тауарға қызмет кґрсетуге сапа кепілдіктерінің берілуін, тауарды пайдалануға шығатын шығыстарға сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелікті;
2) заңнамада белгіленген мґлшерде, мынадай:
банктік кепілдік түрінде, бұл ретте оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционда қатысуға ґтінімдерді табыс етудің соңғы мерзіміне дейін осы АҚ-ға 7-қосымшаға сәйкес ұсынады;
ұйымдастырушының банктік шотында орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз тґлем құжатының электрондық кґшірмесі түрінде аукционда қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді ұсынады.
11. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті ґнім берушінің ұйымдастырушыға беретін ґтінімінің екінші бґлігі мыналарды:
1) әлеуетті ґнім беруші ґзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған мынадай қағаз құжаттардың электрондық кґшірмелерін не электрондық құжаттарды:
әлеуетті ґнім берушінің сатып алынатын тауарларды ґндіруге, қайта ґңдеуге, беруге және ґткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді кґрсетуге құқығын растайтын лицензиялар және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттар;
аукцион жарияланған күннен кейін берілген, акция ұстаушылар тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және мґр басылған үзінді-кґшірмені;
тґлем қабілетін растайтын құжаттарды:
осы АҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті ґнім берушіге қызмет кґрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мґрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі ґткен берешектің жоқтығы туралы анықтама (егер әлеуетті ґнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама аукцион жарияланған күннен кейін берілген болуы тиіс;
аукциондық ґтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тґлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасын;
Әлеуетті ґнім беруші аукционға қатысуға ґтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мґлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету беру арқылы тґлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті ґнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін банктік кепілдік түрінде АҚ-да белгіленген мерзімге беріледі, оның түпнұсқасы электрондық аукционға қатысуға ґтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін беріледі.
Әлеуетті ґнім беруші қажет болған кезде ґзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін құжаттардың электрондық қағаз кґшірмелерінің біреуін:
а) әлеуетті ґнім берушіге (қосалқы мердігерге, бірлесіп орындаушыға) халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгенін растайтын құжатты;
б) әлеуетті ґнім берушінің (қосалқы мердігердің, бірлесіп орындаушының) биржаның ресми листингіне енгізілгені туралы қор не тауар биржасынан үзіндіні;
2) әлеуетті ґнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушыларының) арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
осы АҚ-ға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтерді;
осы АҚ-ға 9-қосымшаға сәйкес аукционда сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жґніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер кґрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті ґнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызметтер кґлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын беру арқылы растайды.
Егер әлеуетті ґнім беруші жұмыстардың не кґрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды кґздеген жағдайда әлеуетті ґнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын қағаз құжаттардың электрондық кґшірмелерін ұсынуы тиіс.
Аукциондық ґтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық ґтінімдерді ашу күнінен бастап, кемінде күнтізбелік _____ күнді құрауы тиіс.
Аукционға қатысуға ґтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
12. Аукционға қатысуға ґтінімді әлеуетті ґнім беруші ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
13. Аукционға қатысуға ґтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық кґшірмелері дәл және анық болуы тиіс.
14. Әлеуетті ґнім беруші дайындаған электрондық аукционға қатысуға ґтінім, сондай-ақ аукционға қатысуға ґтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы АҚ жасалған тілде жасалады және беріледі. Әлеуетті ґнім беруші беретін сүйемелдеуші құжаттама мен баспа әдебиеті, егер оларға тиісті бґлімдерінің дәл (нотариалдық расталған) аудармасы аукционға қатысуға ґтінімнің тілінде қоса берілу шартымен басқа тілде жасалуы мүмкін және бұл жағдайда аукционға қатысуға ґтінімді түсіндіру мақсатында мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған құжаттар басымдыққа ие болады.
Аукционға қатысуға ґтінімді беру тәртібi
15. Аукционға қатысуға ґтінімді әлеуетті ґнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
16. Әлеуетті ґнім берушілер берген аукционға қатысуға ґтінімдер автоматты түрде веб-порталда электрондық ґтінімдер журналында тіркеледі.
17. Аукционға қатысуға ґтінім берген ґнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте аукционға қатысуға берілген ґтінім қабылданған болып есептеледі.
18. Әлеуетті ґнім берушінің аукционға қатысуға берген ґтінімі мынадай:
1) егер әлеуетті ґнім беруші бұрын осы аукционға қатысуға ґтінім берген;
2) аукционға қатысуға берілген ґтінім аукционға қатысуға берілетін ґтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында кґзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
Аукционға қатысуға ґтінімдерді ґзгерту және оларды кері қайтарып алу
19. Әлеуетті ґнім беруші ґзінің аукционға қатысуға ґтінімін аукциондық ґтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін ґзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, ґзінің аукционға қатысуға ґтінімін кез келген уақытта веб-порталды пайдалана отырып, ґзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін.
20. Аукционға қатысуға ґтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі ґткеннен кейін аукционға қатысуға ґтінімді қайтарып алу сияқты, оған ґзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
21. Ұйымдастырушы қажет болған кезде, КҚ-мен белгіленген аукционға қатысуға ґтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті ґнім берушілерге олардың ґтінімдерінің қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзарту туралы сұрау салады. Әлеуетті ґнім беруші аукционға қатысуға ґтінімдердің қолданылу мерзімін ұзартудан аукционға қатысуға оның ґтінімді қамтамасыз етуін қайтару құқығын жоғалтпай, аукционға қатысуға берген ґзінің ґтінімін кері қайтарып, бас тартуға құқылы.
22. Әлеуетті ґнім беруші, оның аукционға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды кґтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) аукционның қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды ґтеу жґніндегі міндеттемелерді кґтермейді.
4. Аукционға қатысуға ґтінімдердіің бірінші бґлігін ашу және
қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
23. АҚ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы кґрсеткен аукционға қатысуға ґтінімді берудің соңғы мерзімінің уақыты мен күні басталған уақыттан, аукциондық комиссия хатшысы автоматты түрде құпиялылықты сақтамай веб-порталмен АҚ сәйкес ґтінімді қамтамасыз етуді аукциондық комиссиямен анықтау мен қарастыру үшін ґтінімді қамтамасыз етуді ашуға қолжетімділікті ұсынады.
24. Аукциондық комиссия аукциондық құжаттаманың ґтінімінің бірінші бґліміндегі ґтінімді қамтамасыз етуге сәйкес, аукциондық комиссия хатшысы автоматты түрде құпиялылықты сақтай отырып мемлекеттік сатып алу веб-порталымен аукционға қатысуға ґтінімнің бірінші бґлімінде бар тауарлардың техникалық ерекшеліктерін ашуға қолжетімділікті ұсынады.
25. Ґтінімнің бірінші бґлімінде бар тауарлардың техникалық ерекшелігін ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукциондық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) осы әлеуетті ґнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
26. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін аукциондық комиссия хатшысы аукционды комиссия мүшелері мен тґрағаға автоматты хабарлама тарата отырып веб-порталда сараптамалық қорытындыны жариялайды.
27. Аукциондық комиссия ґтінімнің бірінші бґліміндегі тауарлардың техникалық ерекшелігін АҚ талаптарына тауарлардың әлеуетті ґнім берушілері ұсынған сәйкестікке тексереді. Егер сараптау комиссиясы немесе сарапшы болған кезде аукциондық комиссия сараптама қорытындысын ескере отырып ґтінімнің бірінші бґлімінде бар тауарлардың техникалық ерекшелігін қарайды.
28. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға ґтінімнің бірінші бґлімін АҚ талаптарына сәйкес келген ретінле, егер ішінде ґтінімнің бірінші бґліміндегі заттарды тиіспейтін грамматикалық немесе арифметикалық қателіктер болмаса қарастырады.
29. Аукциондық комиссия мынадай:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға ґтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) аукциондық комиссияға:
аукционға қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған ґтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционда қатысуға ґтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
аукционға қатысуға ґтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына аукционға қатысуға ґтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан кґрінетін аукционға қатысуға ґтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) аукциондық ґтінімді қамтамасыз етуді аукционға бґлінген соманың бір пайызынан кем мґлшерде енгізген;
4) аукционға қатысу ґтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда ґтінімнің бірінші бґлігінде қамтылған;
5) әлеуетті ґнім беруші, егер аукцион тақырыбы тауар болса, ең үздік материалдан жұмыстарды орындау және (немесе) үздік технологиялық шешімдер ұсынылған жағдайда, анағұрлым жақсы техникалық, сапалық және пайдалану ерекшеліктерімен техникалық ерекшелік ұсынылған жағдайды есептемегенде, аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде орнатылған талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған кезде ґтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
30. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға ґтінімдердіің бірінші бґлігін қарайды және мемлекеттік сатып алу кезінде аукционға қатысуға ґтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей әлеуетті ґнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешімді қабылдайды.
31. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті ґнім берушілерді электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні жариялайды.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға олар болған кезде аукциондық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса беріледі.
32. Аукционға қатысуға бір ґтінім ұсынылған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес, аукционға қатысуға ґтінімнің екі бґлігі де ашылады және қаралады.
5. Аукционды ґткізу
33. Аукционға қатысуға рұқсат берілген әлеуетті ґнім берушілер (электрондық аукционға қатысушылар) аукциондық баға ұсыныстарын (АБҰ) веб-порталды пайдалана отырып, береді.
34. Отандық әлеуетті ґнім берушілердің АБҰ теңгемен берілуге тиіс.
35. Ұлттық валютада берілмеген АБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына - аукциондық сауда-саттық ґткізілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейді.
36. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада кґрсетілген күні және мерзімде ґткізіледі.
37. Аукцион басталатын уақыт жұмыс уақытында белгіленеді және Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кеш болуы мүмкін емес.
38. Аукцион ґткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бґлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына тґмендету жолымен жүргізіледі.
Аукцион адымы ґткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бґлінген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
39. Аукционды ґткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең тґменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға тґмендетуді кґздейтін АБҰ береді.
40. Аукционды ґткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы, қажет болған кезде, ағымдағы ең тґмен ұсыныс болмауы шартымен, аукцион адымына қарамастан, ґткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бґлінген сомадан тґмендетілген, АБҰ туралы ұсыныс береді.
41. Егер мұндай АБҰ-ны аукционның осы қатысушысы берген болса, аукцион қатысушысы ґткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ағымдағы ең тґмен ұсыныстан тґмен болатын АБҰ беруге құқығы жоқ.
42. Аукционға қатысушылардың АБҰ-ны қабылдау уақыты аукционды ґткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ ґткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер кґрсетілген уақыт ішінде ґткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің неғұрлым тґмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
43. Егер ґткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен ұсыныс үздік болып танылады.
44. Автоматты сауданы аукционның екі және одан да кґп қатысушысы пайдаланған жағдайда кезекті ең тґмен баға ұсынысын беруден алдыңғы міндетті уақыт аралығы 1 минутты құрайды.
45. Егер аукционды ґткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі АБҰ бермеген болса, осы АҚ-ның 4-тармағына сәйкес, аукцион ґтпеді деп танылады.
46. Аукционды ґткізудің нәтижелері туралы хаттама аукционды ґткізу аяқталған күні Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда автоматты түрде қалыптастырылады және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.
6. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған
ґтінімдердің екінші бґлігін олардың біліктілік талаптарына
сәйкестігі тұрғысынан қарауы және аукцион жеңімпазын анықтауы
47. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті ґнім берушілердің аукционға қатысуға ґтінімдерінің екінші бґлігін қарауға рұқсатты веб-портал аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күні автоматты түрде береді.
48. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті ґнім берушілердің АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
49. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қарау нәтижелері бойынша:
1) аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қарау хаттамасын;
2) аукцион нәтижелері туралы хаттаманы рәсімдейді.
50. Аукциондық комиссия АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуеттік ґнім берушілерді айқындаған жағдайда, аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қарау хаттамасын рәсімдейді.
51. Аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қарау хаттамасы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуеттік ґнім берушілердің тізімін;
2) АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтіру үшін веб-порталдың кґмегімен әлеуетті ґнім беруші АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестендіруі және ұсынуы қажет құжаттардың тізбесі.
52. Аукциондық комиссия веб-порталда автоматты түрде тіркелген аукционға қатысушылар болып танылған барлық әлеуетті ґнім берушілерді электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, аукционды ґткізу нәтижелері туралы хаттаманы жарияған күннен бастап күнтізбелік жеті күн мерзімде аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті ґнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
53. Аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қарау хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес веб-порталда жариялайды.
Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қарау туралы хаттамаға қоса салынады және құжаттың электрондық кґшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қарау тиісті хаттамаларында аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссиясының хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.
54. Әлеуеттік ґнім берушілердің АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда, аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қарау хаттамасы рәсімделмейді.
55. Осы Қағидалардың 214-тармағында белгіленген мерзімнен кейін аукциондық комиссиясының хатшысы веб-портал арқылы АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келтірілген аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґліктерін қайта қарау рәсіміне бастамашылық етеді.
56. Аукциондық комиссия:
1) аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґліктерін қарау хаттамасының тізбесінде белгіленген әлеуетті ґнім берушілердің аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґліктерін оларды аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґліктерін қарау хаттамасында белгіленген құжаттар тізбесі бойынша АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтіру толықтығы тұрғысынан қайта қарайды;
2) аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қарау хаттамасында кґрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті ґнім берушілерді айқындайды;
3) әлеуетті ґнім берушілерден АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысу ґтінімдерді, материалдар мен түсіндірулерді қарастыруды жеңілдету үшін олардың ґтінімдеріне байланысты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
4) аукционға қатысуға ґтінімдерде қамтылған, АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратып алады.
Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты ґзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
Осы Қағидалардың 214-тармағында кґзделген, АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес аукционға қатысуға ґтінімдерді келтіру мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысу ґтінімдердің екінші бґлігінде берілген құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды тиісінше түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған аукциондық комиссияның іс-әрекеттері аукционға қатысуға ґтінімді аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деп түсіндіріледі.
5) АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті ґнім берушілерді анықтайды және аукцион нәтижелерінің қорытындысын шығарады.
Әлеуетті ґнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында, осы Қағидалардың 260 мен 261-тармақтарында кґзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
Әлеуетті ґнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына олардың банкроттық рәсіміне қатысы болмауы бґлігінде сәйкес келуін нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарастырады.
57. АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия:
аукционға қатысушылар деп танылған және баға туралы ең тґмен ұсыныс бойынша АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті ґнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды;
аукционға қатысушылар деп танылған және АҚ-да белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті ґнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды;
аукционға қатысушы деп танылған және баға туралы ұсыныс берген бір де бір әлеуетті ґнім беруші АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, аукционды ґтпеді деп таниды;
аукцион қорытындылары туралы хаттаманы рәсімдейді.
58. АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қайта қарауды аукцион комиссиясының хатшысы веб-портал арқылы аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қайта қарау рәсімін бастамалаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде аукциондық комиссия жүзеге асырады.
Аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґлігін қайта қарастыру нәтижелері аукцион қорытындылары туралы хаттамада ресімделеді.
Аукцион қорытындылары туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тіркелген АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін және баға туралы ұсыныс берген аукцион қатысушылар деп танылған барлық әлеуетті ґнім берушілерді электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда аукцион нәтиежелері туралы шешім қабылданған күні жариялайды.
Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол аукционның қорытындылары туралы хаттамаға қоса салынады және құжаттың электрондық кґшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Аукциондық комиссияның аукцион қорытындылары туралы тиісті хаттамаларында аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссиясының хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |