Негізгі қаражаттар
Негізгі қаражаттар атауы
|
Шыққан жылы
|
Бастапқы құны
|
Шығын
|
Қалдық құны
|
түсініктеме
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Лизинг алушы-кепілгердің міндеттерін орындаумен қамту қабілеті бойынша сараптамалар жүргізу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі
Лизинг алушы-кепілгердің міндеттерін орындаумен қамту қабілеті бойынша сараптамалар жүргізу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі
Осы тізім қарыз ресімдеу кезінде сараптама жүргізу үшін ұсынылатын негізгі құжаттарды анықтайды, мұнымен ол толық қамтылмайды. Қаралатын мәселеге, мүлік, құқық қатынасының түрлеріне, негізіне және басқа да мәселелер бойынша оны меншігіне алуға тәртібіне қарай, басқа да қажетті құжаттар қосымша талап етілуі мүмкін (нақты мән-жайды, деректерді, қажетті деген мүліктерді, бағаларды және т.б. анықтау үшін).
өшіріп тазартылған немесе қосып жазылған, сызылған сөздер мен басқа да түзетулері бар құжаттар, сондай-ақ қрындашпен жазылған құжаттар қабылданбайды.
Осы тізімде көрсетілген құжаттар түпнұсқа немесе нотариальды куәландырығлған көшірмелер түрінде ұсынылуы қажет.
Қарыз берушіге арналған жалпы құжаттар
(егер қарыз беруші әлеуетті лизинг алушы емес, басқа заңды тұлға болған жағдайда)
1. қарыз түріне, мүлік санына ұсынылатын кепілге және мүлік құнын анықтауға әрі сараптама жүргізуге қажетті басқа да мәліметтерге қатысты ақпараттар міндетті түрде көрсетілген хат. 2. Мөрмен бедерленген, қарыз берушінің қолының үлгісі бар карточка. 3. Салыстырма актісінің көшірмесімен салық және бюджеттегі не зейнетақы қорындағы басқа да міндетті төлемдері бойынша қарызының жоқтығы жайлы анықтама.
Қарыз берушінің құқықтық мәртебесін анықтайтын құжаттар
Қарыз беруші үшін:
құрылтайшы құжаттар (жарғы), статистикалық карточка, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі, лицензия (лицензиялы қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда);
бірінші басшыны тағайындау (сайлау) туралы құжаттар не/немесе қарыз берушінің атынан барлық құжаттарға қол қобға құқылы басқа тұлғаның (бірінші басшының орнын басатын) сенімхаты.
3. Кепілге берілетін мүлікке құжаттар дайындау мәселесі бойынша
9. Қарыз беруші үшін:
1) Жер телімдері:
Жер телімдерінің қарызы үшін қарыз берушіге келесіні ұсыну қажет:
1.1.) Құқықтық қалыптасқан құжаттар - заңды деректердің басталғандығын айғақтайтын құжаттар, соның негізінде жер телімдеріне деген құқықты тоқтату немесе өзгерту келіп шығады, соның ішінде келісім-шарттар, соттар шешімі, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, жер телімін уақытша тегін пайдалану құқығын алған немесе меншігінде жер телімдері бар мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта құру кезінде бөлетін баланс не тапсыру актісі;
1.2.) Идентификациялық құжаттар – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрын жүргізуге қажетті жер телімдерінің идентификациялық сипатын құрайтын құжаттар:
- жер телімі жеке меншіктік болған жағдайда - жер телімі жеке меншіктік құқығына акт; - жерді ақысыз уақытша ұзақ мерзімге пайдалану кезінде - жерді ақысыз уақытша ұзақ мерзімге пайдалану құқығына акт; - жерді ұдайы пайдалану кезінде - жерді ұдайы пайдалану құқығына акт;
Сондай-ақ:
- нотариальды тәртіпте куәландырылған жалпы бірлескен немесе жалпы бірлескен меншіктілікке қатысуға жазбаша келісім;
- жер теліміне құқықты қайта тіркеу (құқықтық шешімдер) туралы құқықтық кадастр мәліметі;
2) Ғимарат және құрылыс:
1. жер теліміне құжаттар, жоғарыда көрсетілді.
Ғимарат және құрылыс, соның ішінде тұрғын үйлер:
1. инвентарлық іс/техникалық төлқұжат белгісімен/мөрі және жылжымайтын мүлікті ресімдеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган басшысының қолы қойылған;
2. Құқықтық қалыптасқан құжаттар, соның ішінде сауда-саттық (ауыстыру, сыйлықтар және т.б.) келісім-шарттары, пайдалануға тапсыру актілері немесе құқық меншіктілігін растайтын өзге де құжаттар;
3. құқықтық қайта тіркеулер мен шектеулер (тұтқындау, кепіл және т.б.) не болмаса таластың болмағандығы туралы, жер телімі және жылжымайтын мүлік нысанының меншіктілігі, жер телімі және жылжымайтын мүлік нысаны туралы мәліметтерден құралған Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтан берілген құқықтық кадастрдың тіркеу парағының көшірмесі, орналасқан жеріндегі (алаң, құрамының саны, кадастрлық нөмірі және т.б.);
4. электр энергиясы, сумен қамту, байланыс қызметі және басқа да коммунальдық төлемдер бойынша қарызы жоқтығы туралы анықтама;
5. «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның уәкілетті органы бекіткен баға қоятын компаниялар тарапынан әзірленген жылжымайтын мүлік бағасы туралы есебі
3) Кәсіпорын, мүліктік кешен ретінде:
1. атауы көрсетілген негізгі қаражаттар тізімі, пайдалануға берген жылы, қазіргі жай-күйі мен техникалық сипаттамасы (Қарыз беруші бірінші басшының және бас есепшінің қолымен, мөрмен расталған), бастапқы және қалдық баланс бағасы бар инвентарлық нөмірі;
2. жер теліміне қатысты, ғимараттар мен құрылыстар – жоғарыда аталған барлық құжаттар (1 т., 2 т.) Жер телімдері);
3. жабдықтарға қатысты, мүліктік кешен құрамына енетіндер – төменде көрсетілген барлық құжаттар (4 т.) Жабдықтар және өткізетін құрылғы);
4. қарыз берушінің соңғы 3 жылдағы және соңғы есеп күніндегі №2 (қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп) және №3 (қаражат қозғалысы туралы есеп) балансқа қосымша бухгалтерлік балансы.
Ескерту: Құқықтық қалыптасқан құжаттарда нысан мүліктік кешен ретінде тіркелген болып көрсетілуі тиіс.
4) Жабдықтар және өткізетін құрылғы:
1. атауы көрсетілген анықтама, пайдалануға берген жылы, қазіргі жай-күйі мен техникалық сипаттамасы (Қарыз беруші бірінші басшының және бас есепшінің қолымен, мөрмен расталған), бастапқы және қалдық баланс бағасы бар инвентарлық нөмірі;
2. ғимараттар мен құрылыстардан кем болмайтын кепілге өткізетін құрылғыға техникалық төлқұжат;
3. техникалық құжаттар, шығуы және сәйкестік сертификаты – жабдықтар үшін, оны пайдалану мерзімі 5 жылдан көп емес;
4. сипаттамалық қосымшасы бар (жеткізіп беру келісімі және т.б.) келісім-шарттар (бірмезгілде қаржыландыру құралы болып табылатын жабдықтар мен өткізу құрылғылары үшін), жабдықтар үшін төлемді растайтын құжаттар.
5) Тауарлар, соның ішінде айналымдағы тауарлар:
1. Құжаттар, соның негізінде қарыз берушіде кепілге берілетін мүлікке иелік ету құқы пайда болды (мүліктену негізіне байланысты);
2. кепілге берілетін тауарларды сақтау әрі бөлу үшін материалдық жауапты тұлғаның және Қарыз беруші бірінші басшының және бас есепшінің қолымен, мөрмен расталған, атауын, санын, берілген күнін және сақтау орнын көрсету арқылы кепілге берілетін тауарлар туралы қойма анықтамасы;
3. сақтау орнын жалға алу келісімі немесе жауапты сақтаушының келісімі – егер тауарлар жалға алынған қоймаларда сақталса;
Ескерту: тауарды меншік иесі емес тұлғаға беретін қойма анықтамасында (қарыз бершіге емес) тауарлар көрсетілуі тиіс, осыған қарай қарыз берушіге беруге болатын әрі меншіктік құқылы болып табылатын осы ресурстық анықтама беріледі.
1. сәйкестілік немесе өндірістік/сапа сертификаты;
2. техникалық құжаттама (тауарлардың әрбір түріне арналған);
3. қарыз беруші балансының айналымына кепілге ұсынылатындығын растайтын «Тауарлық-материалдық қорлар» бухгалтерлік балансының бөлімін ашу.
6) Тасымалдау құралы (автомобильдік, ауыл шаруашылық және арнайы):
1. Техникалық төлқұжатты, тасымалдау құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
2. мемлекеттік уәкілетті органның тасымалдау құралына қатысты (тұтқындық, кепіл) шектеулердің болмағандығын және оның ұрлық пен іздестіруге тіркелмегендігін растайтын анықтама;
3. тасымал құралының атауы көрсетілген анықтама, пайдалануға берген жылы, зауыттық нөмірі (қозғалтқыш, қорап, шасси), қазіргі жай-күйі мен техникалық сипаттамасы (Қарыз беруші бірінші басшының және бас есепшінің қолымен, мөрмен расталған), бастапқы және қалдық баланс бағасы;
4. сатып алуын, сондай-ақ тасымал құралын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына енгізуін растайтын құжаттардың түпнұсқасы (ЖКД);
5. тиісті жылда мемлекеттік техникалық қараудан өтуі туралы куәлік;
6. ағымдағы жылда тасымалдау құралына салық төлегендігін растайтын құжат.
7) Әуе кемесі:
1. әуе кемесінің атауы көрсетілген анықтама, пайдалануға берген жылы, зауыттық нөмірі (қозғалтқыш,планер), қазіргі жай-күйі мен техникалық сипаттамасы (Қарыз беруші бірінші басшының және бас есепшінің қолымен, мөрмен расталған), бастапқы және қалдық баланс бағасы;
2. әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
3. әуе кемесінің жарамдылығын анықтау және техникалық жай-күйін тексеру актісі;
4. эксплуатант Сертификатының көшірмесі (бар болған жағдайда);
5. шығарушы зауыттан берілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы уақытша куәлік (шығарушы зауыттан әуе кемесін сатып алған жағдайда);
6. әуе кемесінің қайта жабдықталуы туралы құжаттар (әуе кемесінің бағыты өзгерген жағдайда);
7. жазғы жарамдылық сертификаты (әуе кемесін жазда пайдаланған жағдайда);
8. әуе кемесі үлгісінің сертификаты (жоғары жылдамдықты авиациялық әуе кемесіне арналған сертификат үлгісі немесе сертификат нұсқасы).
8) Су тасымалы:
Су тасымалының барлық түріне жалпы құжаттар:
1. пайдалануға берген жылы көрсетілген анықтама, зауыттық нөмірі (қозғалтқыш), қазіргі жай-күйі мен техникалық сипаттамасы (Қарыз беруші бірінші басшының және бас есепшінің қолымен, мөрмен расталған), бастапқы және қалдық баланс бағасы – Заңды тұлғалардың қарыз берушілері үшін;
2. мемлекеттік өкілетті органнан берілген кемеге меншіктілік құқығы туралы куәлік (кемежайдағы теңіз әкімшілігі);
3. жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік бірегей тіркеу реестрінен теңіз кемесіне қатысты (тұтқындық, кепіл) шектеулердің болғандығы (болмағандығы) және онымен мәмілелер (құқықтық кадастр) туралы мәліметтерді растайтын құжат;
4. ҚР кеме қатынасы Регистры берген кеменің жарамдылығы туралы куәлік;
5. кеменің идентификациялық нөмірі;
6. класы немесе классификациялық куәлігі көрсетілген кеменің жүзуге жарамдылығы туралы куәлігі;
7. теңізде жүзу/кеме қатынасы аясындағы қызмет түрлері мен кемені сақтандыруды растайтын құжаттар (теңізде жүзу/кеме қатынасы қызметінің түрлері мен кемені міндетті сақтандыру жағдайында).
Теңіз кемесі, соның ішінде қатардағы кеме:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме реестріндегі кемені, қатардағы кемені тіркеу кезінде (жолаушылар, жүк тасымалы, мұнай құю, тіркеуге алатын кеме, жүзетін бұрғы қондырғылары, құрғақ жүктер, жүзетін крандар, техникалық флот кемесі, содай-ақ саудалық теңізде жүзу туралы заңнамаларда белгіленген тәртіптегі өздігінен жүретін басқа да кемелер);
Мемлекеттік уәкілетті орган (кемежайдағы теңіз әкімшілігі) берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен теңіз кемесі арқылы жүзу құқығы туралы куәлігі (кемежайдағы теңіз әкімшілігі);
өлшем куәлігі;
классификациялық куәлік;
кеме кітабына тіркеу кезінде (спорттық, серуендеу, сондай-ақ саудалық теңізде жүзу туралы заңнамаларға сәйкес осы реестрдегі тіркеуге жататын өзгеде кемелер);
бербоут-чартерлік реестрге тіркеу кезінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен уақытша жүзу құқығы берілген кеме); бербоут-чартерлік келісімдер (бар болған жағдайда);
Мемлекеттік уәкілетті орган берген бербоут-чартер жағдайында шетелдік теңіз кемесін жалданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы уақытша берілгендігі туралы куәлік (кемежайдағы теңіз әкімшілігі);
Теңіз кемелерін тіркеүге қатысты жоғарыда аталған куәліктерде тіркеу нөмірі болуы тиіс.
Өзен кемесі, соның ішінде қатардағы және жалға алынған шетелдік кемелер:
1. Мемлекеттік уәкілетті орган берген кемені меншіктеу құқығы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен кеме арқылы жүзу құқығын растайтын кеме куәлігі (Теңізде жүзу және кеме қатынасы қауіпсіздігінің бас инспекциясы);
2. Кеменің жүзуге жарамдылығы туралы Қазақстан Республикасындағы Өзен және Теңіз регистрінің құжаты.
Шағын көлемді кеме:
1. Мемлекеттік уәкілетті органдағы шағын көлемді кеменің тіркелгендігін растайтын құжат (Қазақстан Республикасының Транспорт инспекциясы);
2. кеменің жүзуге жарамдылығын техникалық куәландыратын жыл сайынғы белгісі бар кеме билеті.
Ауыл шаруашылық жануарлары:
1. түрі, тұқымы, жасы, саны, жалпы салмағы және Қарыз беруші бірінші басшының, бас есепшінің қолымен, мөрімен расталған жануарлар құны көрсетілген тізім;
2. сәйкестілік сертификаты (асыл тұқымды куәлігі) – асыл тұқымды жануардың шығу тегін, өнімділігін және басқа да қасиетін, сондай-ақ Мемлекеттік уәкілетті орган берген арғы тегінің генетикалық тарихын растайтын тіркелген органнан берілген құжат (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Асыл тұқымды мал шаруашылығы департаменті мен мемлекеттік инспекциясы);
3. жануарлардың тұрған жері бойынша (ветеринарлық- санитарлық сараптамалар жүргізілген егулер) Мемлекеттік уәкілетті орган берген сырқатты ескерту жөнінде жүзеге асырылған іс-шаралар мен жануарлардың жай-күйін анықтайтын ветеринарлық куәлік (мемлекеттік ветеринарлық инспектор).
10) Мүліктік құқық: Жалпы құжаттар:
1. кепілге берілетін, құқықты (құқықтарды) растайтын құжаттар (келісімдер, мемлекеттік билік пен басқару органдарының актілері және т.б.);
2. лицензиялар, өзге де шешуші құжаттар (егер кепілге берілген мүліктік құқық пайдаланылған жағдайда, лицензиялар немесе өзге де шешуші құжаттар талап етіледі);
3. осы мүліктік құқықтың кепілде немесе шектеуде еместігін тиісті құзыретті органның растауы – мүліктік құқық үшін, мұнымен міндетті мемлекеттік (не басқа) тіркеуге жататын мәмілелер мен шектеулер;
4. жер телімдерін, мүліктерді, пайдалы қазбаларды қолдану құқығына арналған меншік иесі мен қарыз беруші (құқық иеленуші) арасындағы келісім-шарт (келісім);
5. мүліктік құқық бергенге (алынған) төлемі туралы құжат – ақысыз алған жағдайда.
а) Ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерін ақысыз ұзақ мерзімге пайдалану құқығы:
1. жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасасқан құқықты тіркейтін орган тарапынан тіркелген жер телімдерін ақысыз ұзақ мерзімге пайдалану құқығына акт (жер телімін ұдайы пайдалану үшін);
2. келісім, соның негізінде жер телімдерін ақысыз ұзақ мерзімге пайдалану құқығы жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасасқан құқықты тіркейтін орган тарапынан тіркелген Қарыз беруші беріледі;
3. егер құқық берілген жағдайда, Қарыз берушіге жер телімін пайдалануға беру жайлы жергілікті атқарушы органның шешімі;
4. жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасасқан құқықты (шектелген) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жер телімін уақытша ақысыз ұзақ мерзімге пайдалану құқығы);
5. жер телімін пайдалану құқығына (жалға алу) төлем туралы құжат (тапсырылған төлем, салыстырма актілер және т.б.) және жер телімін уақытша ақысыз пайдалану құқығының төлемін растайтын құжаттар;
6. жер телімін пайдалану құқығы құнының кадастрлық (баға белгілейтін) актісі;
7. Облыстық Ауыл шаруашылығы Департаментінің аудандар бойынша анықтамасы: егінді алқаптар, өсімдік мәдениетінің атаулары, соңғы 3 жылдағы нақтылы астық өнімі;
8. Қарыз беруші бірінші басшының және бас есепшінің қолымен, мөрімен расталған соңғы 3 жылдағы дайын өнім бірлігіне (өсімдік мәдениеті бойынша) бөлінген шығын туралы анықтама.
б) Жылжымайтын/жылжитын мүлікті ұзақ мерзімді жалдау:
1. мүлікті жалға алушы ұсынатын құжаттар: мүлікті жалға алу келісімі, жалдау төлемі туралы құжат, салық бойынша қарызының жоқтығы туралы анықтама, коммуналдық қызметке қарызының жоқтығы туралы анықтама (жылжымайтын нысандар үшін), мүлікке техникалық құжаттама (техникалық түгендеу кітабы, инвентарлық іс - жылжымайтын нысандар үшін, техникалық төлқұжат – жабдықтар үшін);
2. Қарыз беруші бірінші басшының және бас есепшінің қолымен, мөрімен расталған соңғы 3 жылдағы мүлікті сақтауға кеткен шығын мен мүлікті пайдалану нәтижесінде түскен жыл сайынғы нақты қаражат туралы анықтама.
11) Депозиттегі, шоттағы ақша (қарым-қатынастық, жинақтық, ағымдық т.б.):
1. Банкпен келісім (қызмет көрсетуге, жинақ шотын ашуға, банктік салымға т.б.);
2. банктік шоттың көшірмесі.
12) Келешекте келіп түсетіндерімен қамту:
1. Қамтуға (жеткізуге) сатып алу келісімі (келісім-шарт), соған сәйкес Қамту (соның ішінде ақша) келешек Қарыз беруші меншігіне түседі;
2. Өзара келісімге сәйкес Қарыз берушіге қатысты көрсетілген мерзімде Қамтуды куәландыратын Қамту меншігі берген қойма (ресурстық) анықтамасы (растау хаты) (келешекте Қарыз беруші меншігіне келіп түсетін ақшаны талап ету, қарызға берілген және Қарыз берушінің өздігінен әзірлеу/өндіру талабына құқық беру жағдайларының туындамауы үшін)
3. тізімі (атауы, саны, құны);
4. баға спецификациясы;
5. машиналар, жабдықтар спецификациясы (жабдықтаушының техникалық құжаттары, жабдықтаушының кепілі, техникалық жабдықтау жөніндегі анықтамалық мәліметтер, шефмонтаж және іске қосу);
6. сақтаушымен келісім (астық пен мұнай өнімдері үшін);
7. егер бағасын анықтау бойынша міндеттерді орындау кезінде төмендегі құжаттар көрсетілмесе, Қарыз берушінің меншігіне келіп түскеннен кейінгі Қамту Қарыз беруші/Лизинг алушыға беріледі:
кіріс құжаттары (жүкқұжаттар, инвойстар);
мүлікке төлемді растайтын құжаттар;
жылжымайтындары үшін – техникалық құжаттама;
жабдықтар үшін – техникалық құжаттама; кепілдік міндеттемелер техникалық қызмет көрсету, монтаждау және іске қосу, техникалық қызмет көрсету жөніндегі анықтамалық мәліметтер бойынша жүргізіледі;
кедендік салық және қарызға қатысты бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарызы жоқтығы туралы анықтама (егер мүлік импортталса);
Қамтуға сәйкес әрі сапасы расталған құжаттар.
13) Құнды қағаздар:
1. мемлекеттік қоймашылық құнды қағаздар:
«Құнды қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ немесе тіркеуші тарапынан берілген қарызға ұсынылған құнды қағаздарға шектеулердің болу/болмауы көрсетілген ағымдағы мерзімдегі құнды қағазды ұстаушы реестрінен көшірме;
1. қажетті құжаттар тізімі мемлекеттік жергілікті органдардағы құнды қағаздар – құнды қағаздарды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарымен айқындалады;
2. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар мен шет мемлекеттер шығарған құнды қағаздар – қажетті құжаттар тізімі құнды қағаздарды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарымен айқындалады;
3. ҚР резиденттері шығарған үлестік құнды қағаздар мен Қазақстандық қор биржаларының «А» листингіне енгізілмеген корпоративті қарыз санатындағы құнды қағаздар:
эмиссия анықтамасы;
құнды қағаздарды шығару және орналастыру нәтижесі жайлы есептер;
құнды қағаздарды шығару және орналастыру нәтижесі жайлы есептерді бекіткендігі туралы мәлімет;
Қазақстандық қор биржаларының құнды қағаздарды қарызға беру жөніндегі мәмілелер туралы биржалық куәлігі (ондай куәліктер болған жағдайда); соңғы 3 жылдағы және соңғы есеп күніндегі №2 (қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп) және №3 (қаражат қозғалысы туралы есеп) балансқа қосымша эмитенттің бухгалтерлік балансы; соңғы есеп күніндегі барлық баланс бөлімдерін ашу; соңғы жылдағы және соңғы есеп күніндегі эмитенттің қаржылық-шаруашылық қызмет құнына аудиторлық қорытынды; халықаралық рейтингтік агенттіктердің несие рейтингі туралы ақпараты (бар болған жағдайда); соңғы 3 тоқсандағы есептің жүйелілігі;
-
ҚР резиденттері шығарған үлестік құнды қағаздар мен Қазақстандық қор биржаларының «А» листингіне енгізілген корпоративті қарыз санатындағы құнды қағаздар:
«Құнды қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ немесе тіркеуші тарапынан берілген қарызға ұсынылған құнды қағаздарға шектеулердің болу/болмауы көрсетілген ағымдағы мерзімдегі құнды қағазды ұстаушы реестрінен көшірме; құнды қағаздар эмиссиясының анықтамасы; соңғы 3 жылдағы және соңғы есеп күніндегі №2 (қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп) және №3 (қаражат қозғалысы туралы есеп) балансқа қосымша эмитенттің бухгалтерлік балансы, соңғы есеп күніндегі қызмет нәтижесі бойынша түсіндірме хаттың көшірмесімен;
1. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар мен шет мемлекеттер шығарған құнды қағаздар – қажетті құжаттар тізімі құнды қағаздарды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарымен айқындалады.
14) Астық
1. астықты тіркеу;
2. сапа сертификаты (сәйкестігі);
3. элеватормен келісім-шарт және лизингтік мәмілелер мерзімін 1 айға ұзартатын, мерзімдік кепілді сақтау қызметіне төлем туралы анықтама (кепілгердің жеке сақтау орны болмаған жағдайда ұсынылады).
15) Құжаттық міндеттемелер:
1. алдын-ала кепілдік хаттар;
2. қарыз берушінің соңғы 3 жылдағы және соңғы есеп күніндегі №2 (қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп) және №3 (қаражат қозғалысы туралы есеп) балансқа қосымша бухгалтерлік балансы; 3. соңғы есеп күніндегі барлық баланс бөлімдерін ашу;
4. соңғы жылдағы және соңғы есеп күніндегі кепілгердің қаржылық-шаруашылық қызмет құнына аудиторлық қорытындысы болған жағдайда; 5. пайыздық қатынасына қарай қатысушылар үлесін көрсеттеін қатысушылар тізімінің/акция ұстаушыларының реестрінен көшірме;
6. халықаралық рейтингтік агенттіктердің несие рейтингі туралы ақпараты (бар болған жағдайда);
7. соңғы 3 тоқсандағы есептің жүйелілігі (бар болған жағдайда);
8. жарғылық капитал төлемін растайтын құжаттар;
9. кәсіпорынның соңғы 3 жылғы несие тарихы. Қаржылық борышты ашу (сомалары, мезгілі, пайыздары, қамтылуы). Өтімділік резерві (ақшалай қаражаттар, несие желісі т.б). Міндетті қарызы бойынша ковенанттарды сипаттау;
10. шығыс жоспарларды сипаттау арқылы балас пен ақшалай ағындарды туралы есепті, пайда мен шығын жайлы болжалды есепті енгізе отырып, кепілдер қызметтік кезеңіне қаржылық болжам;
11. қаржы саясаты;
12. соңғы жылдағы есеп бойынша орташа айлық айналымы көрсетілген, қызмет көрсететін банктің кеплігердің қаржылық жағдайы туралы анықтамасы (несие қарызы және картотека бойынша мағлұмат). Салық комитетінен салықтың және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің төленгені/төленбегені туралы анықтама. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
13. компания құрылымы, оның тарихы, даму стратегиясы. Топ менеджментке, қызметкерлердің біліктілігіне қысқаша сипаттама;
14. салалық сипаттама. Салалық компания ұстанымдарының сипаттамасы: нарық үлесі, өндірістік мүмкіндіктер, негізгі бәсекелестермен салыстырғандағы операциялардың тиімділігі және тағы басқалар;
15. компанияның стратегиялық даму жоспары (компания стратегиясы туралы мақұлданған құжат);
16. басқа құжаттарда көрсетілмеген, бірлескен оқиғалардағы қазыр беруші қызметінің нақтылығын бейнелейтін өзге де құжаттар;
17. Кепілгердің қаржылық жай-күйі туралы УПА қорытындысы.
Достарыңызбен бөлісу: |