5. Символикалық интеракционизм. Рөлдер теориясы
Өкілдері:
американдық әлеуметтанушы және әлеуметтік психолог Герберт Блумер;
американдық философ, әлеуметтанушы және әлеуметтік психолог Джордж Герберт Мид (1863-1931).
Адам әрекетінің басты сипаты – символдарды қолдану. Дж.Мид әлеуметтік әрекеттің екі формасын немесе екі сатысын ажыратады: ишараттың (ымның) көмегімен адамның қарым-қатынас жасау сатысы; жанама қарым-қатынас жасаудың символдық сатысы.
Ишараттың «ым» арқылы қарым-қатынас жасау әрекеттің қысқартылған түрі секілді сипатталады, жекелеген ишараттардан әрекетті толық қалпына келтіруге болады. Мінез-құлықты үйлестіру функциясын өз құзырына алған мұндай түрдегі ишараттар тілдің кейпі сияқты болып көрінеді.
Символдық жанама өзара әрекеттер, яғни, ең алдымен, тілдің көмегімен болатын өзара әрекеттердің сипатталуы былайша жүзеге асады:
а) кез-келген индивидпен қарым-қатынаста бірдей реакцияны тудырады;
б) өзін басқа адамның орнына қойдырады;
в) өзіне басқа адамның көзімен қарайды.
Символдық интеракционизм әлеуметтік құрылымдарды құруда құрылымдық-функционалистік теориялардың тұлғааралық өзара әрекеттесуді(интеракцияны) елемеуіне қарсы реакция ретінде пайда болды.
Бұл теорияның негізін қалаушы Дж.Мид жеке тұлғаны әлеуметтік дамудың өнімі ретінде түсінді және оның қалыптасу механизмін рөлдік өзара әрекеттестіктен көрді.
Дәріс бойынша пайдалануға ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1.Әлеуметтану теориясы. Sociological Theory: Ритцер Д., Степницки Д. (George Ritzer,Jeffrey Stepnisky).- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018, 856 c. http://e-lib.turan-edu.kz/book/93591
2.Әлеуметтану: Әбсаттаров Р., Дәкенов М..- Алматы: Ғылым, 2003, 376 c. http://e-lib.turan-edu.kz/book/99121
3.Әлеуметтану теориясы. Sociological Theory: Ритцер Д., Степницки Д. (George Ritzer,Jeffrey Stepnisky).- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018, 856 c. http://e-lib.turan-edu.kz/book/93591
4.Әлеуметтану: .- Алматы: Қазақстан, 2002, 632 c. http://e-lib.turan-edu.kz/book/2715
5.Игенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы- Алматы, Экономика, 2004ж.
6.А.И. Кравченко Социология: Общий курс: Учебное пособие для вузов. – М.: ПЕРСЭ; Логос, 2002.–640 с.
Достарыңызбен бөлісу: |