Әлеуметтану теорияларына кіріспе 2 Дәріс тақырыбы


Құрылымдық функционализмнің негізгі тұжырымдары



бет4/5
Дата22.10.2022
өлшемі1.96 Mb.
#463264
1   2   3   4   5
Әлеуметтану 2 лекция

3.Құрылымдық функционализмнің негізгі тұжырымдары
Құрылымдық – функционализмің ірі өкілдері америка социологтары Т.Парсонс (1902-1979) және Р. Мертон.
Оның ұсынған көптеген тұжырымдамаларының ішіндегі негізгі екеуі:

Бұл тұжырымдамалар бойынша, алдымен қоғамда белгілі бір әлеуметтік тәртіп болуы керек. Ал бұл тәртіпті қамтамасыз ететін мораль , құқық, дін, мәдениет, саясат пен ғылым сияқты құндылықтар жиынтығы. Осы құндылықтардың бір бірімен келісімде, ортақ мақсатқа жету жолында әрекет етуі – қоғамдағы басты фундаменталдық интегративті принцип болып табылады.
Қоғамда барлығы мойындаған жалпы құндылықтар жүйесі қоғамның жалпы даму бағытын анықтап, нақты жағдайлардағы нақты әрекеттерді бағыттайтын жалпы нормаларды қалыптастырады.
Осы негізде Әлеуметтанудың басты мақсаты - әлеуметтік жүйедегі барлық бағыт беретін құндылықтарды институциоландыру. Институттар , қоғамдық мінез құлықты реттеген жағдайда ғана «әлеуметтік (равновесие) бірқалыпты дамуға» қол жеткізіледі
Парсонс айтуынша, бұл жағдайға жетудің екі жолы бар:
Әлеуметтенуқұндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жеткізілуі. Мұндағы жеткізу функциясын отбасы, тәрбие және білім беру жүйесі атқарады.
Екінші әлеуметтік бақылаудың әртүрлі мехнизмдерін құру.
4. Қақтығыстар теориясы
Басты өкілдері: Георг Зиммель, Даниел Белл, Кеннет Боулдинг, Ральф Дарендорф, Льюис Козер, Карл Маркс т.б.
  • Барлық қоғамда әлеуметтік теңсіздік болады. Себебі, адамдардың әлеуметтік мүдделері, интеллектуалдық деңгейлері, сенім жүйелері, өмір сүру образдары әртүрлі.
  • Қоғам мүшелерінің арасындағы ұдайы болып тұратын психикалық, эмоционалды күйзелістер, құндылықтар, әлеуметтік статустар мен рөлдер, билік және ресурстар үшін күрестер, қоғамдағы әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық дағдарыстар, соғыстар, билікті және ресурстарды бөлудегі теңсіздіктер т.б. қақтығыстар мен шиеленістерді туындатушы басты факторлар болып табылады.
  • Қақтығыстар мен шиеленістердің болуы қалыпты құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет