Лекция № 6.
АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ
1. Кемел адам туралы ілімнің шығу, даму тарихы. Абайдың «Толық адам» туралы
ілімі.
2.Абайдағы жүрек культі - толық адамның елеулі сипаты. Абай шығармасындағы
«Толық адам» идеясының эволюциялық-хронологиялық даму жолы.
3. Абайдағы иманигүл (үш сүю) – толық адам ілімінің темірқазығы.
4. Толық адам ілімінің даму жолы.
Абай «...адамгершілікті моральдық философияда
барлық жайдан жоғары қояды»
М. Әуезов
1.Кемел адам туралы ілімнің шығу, даму тарихы. Абайдың «Толық адам» туралы
ілімі.
Исламға дейінгі Тұран жерінде тәңірлік дүниетаным негізіндегі түркі әлеміндегі ой-
сананың абызы - Қорқыт. Қорқыт абыздың сол заманның басты идеологы ретінде түрік
қауымын ізгі жолға салудың басты құралы ретінде ұлыстық, елдік дәстүрдің күшінде
жатты. Халықтың ғасырлар бойы ұстанған ата-бабалардан қалған тұрмыстық дәстүр,
атадан қалған салт-санасы, әдет-ғұрпы, дүниетанымы қауымды ізгілік, кісілік тұрғыдан
тәрбиелеудің бірегей тірегіне айналған құбылысты көреміз.
Ал, VIII-IX ғасырда исламият әлеміне енген түрік халықтарының мінез-құлықтары
ой-танымы исламдық жолға салу әрекеті Әл-Фараби ұстанған моральдық-этикалық
ілімінде парасатты адам (инани фазыл) туралы танымында жатты. Әл-Фараби түрік
әлемінде өз танымының негізі ретінде жүрекке шешуші мән беруі - түрік халықтары
поэзиясында жүрек культін жырлаудың дәстүрін орнықтырды. Әл-Фараби этикалық
трактатында адам тәнінің патшасы ретінде жүрекке шешуші мән беруі - Абай негізін қалаған
толық адам ілімінің түп төркіні қайда жатқанын әрі қайдан рухани нәр тартатынын сілтеуімен
де құнды дерек көзіне айналуда.
Әл-Фараби, Жүсіп Хас Хаджиб шығармаларында сөз болатын ар түзейтін ілім негіздерінің
бәрі де әр қайсысы өз заманына сай тарихи жағдайға, уақыт талабына байланысты қоғамның
рухани қажеттілігіне орай пайда болған дәстүрлі жалғасы бар, қайталанбас рухани құбылыстар
болатын-ды.
Достарыңызбен бөлісу: |