Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Абай ақыл, қайрат, жүректің бірлігі мен жүректің шешуші орнына мән бере қарауы



Pdf көрінісі
бет47/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

Абай ақыл, қайрат, жүректің бірлігі мен жүректің шешуші орнына мән бере қарауы 
себепті 
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек, – 
деп ғылымға сілтеуінің өзіндік мәні бар нәрсе. Өйткені өз ортасының надандық жат 
қылықтарын қатты сынға алған ақын оларға адамзат баласының бойындағы үш асыл қасиетті 
меңгеруге үндеп: 
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: 
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, –
деп ой байлам жасағанда, анықтауыш сөз ретіндегі үш сөзге (ыстық, нұрлы, жылы) ерекше 
мән-мағына беруінде терең таным іздері жатыр. 
Өлең жолындағы жүрекке орай айтылатын «жылы жүрек» сөзі терең гуманистік ұғымның 
салмағын көрсетіп тұр. Бұлардың түп төркіні көне заманнан келе жатқан мешаюндық 
(перепатетиктік) пәлсапаның танымдарынан нәр алған дерек көздеріне негізделеді. Мысалы 
әль-Фараби бабамыз «...жүрек – ішкі табиғи жылылықтың көзі. Басқа мүшелерге жылылық нақ 
осыдан тарайды, олар осыдан нәр алып отырады» (әл Фараби. Философиялық трактаттар. 
Алматы, 1973, 200 бет), – дегені Абай айтып отырған «жылы жүректің» мағыналық төркінін 
көрсетіп тұр. 
17-қара сөзінде жүректі адам денесінің патшасы ретінде көрсете отырып, оны бүкіл әділет, 
рахым, шафағат, ар-ұяттың қайнар көзі, ұлы мекені деген танымда ұқтырады. Осы ойын 
тереңірек ұғындыруға ұмытылған Абай «осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет 
деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен... Үшеуің ала болсаң мен жүректі жақтадым..., деп 
кітаптың айтқаны осы», - деп ғылым атынан көрсеткені мен жүрек жайлы ой танымы ақынның 
тума өз пікірі екендігін оның барлық туындыларының рухы айғақтайды.
Мысалы «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде хауасты түсіндіріп танытуда мұтакәаллимин
мантикиндердің өзі жауап бере алмауы себепті, Абай оларды «Бекер басқа езедур», – деп 
қарап, оған дұрыс жауапты жүрек қана бере алады деп өзіндік ой байламын жасаған. Мұндағы 
Абай ой-танымының нәр тартатын түп төркіні әл Фараби мен ибн Сина еңбектерінде жатқанын 
әл-Фарабидің «Жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет