Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


тұншықтыру саясаты қазақ елін іштей ірітіп, рухани жағынан азғындап кеселге



Pdf көрінісі
бет45/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

тұншықтыру саясаты қазақ елін іштей ірітіп, рухани жағынан азғындап кеселге 
ұшыраған қалпынан арылтудың жолын толық адам ілімінен тауып, сол арқылы рухани 
тұйыққа қамалған елін кісілік рухани рухпен тазартудың емі ретінде қарады. 
Абайдың толық адам туралы ілімін дәстүр ретінде жалғастыра дамытып, ол ілімінің 
негізін ар ғылымы ретінде танып, «Ар ғылымы оқылса» деп армандайды. Өзінің «Үш анық» деп 
аталатын философиялық трактатында Шәкәрім ұждан мәселесіне айрықша назар аударған. 
Ұжданды адам жанының тілегі ретінде таныстырады Себебі жан жоғалмайтын, өлмейтін
бұзылмайтын қайта уақыт өткен сайын нәрленіп нұрлана жоғарлайтын, іштей түлеп 
толысатын рухани құбылыс болғандықтан, адам жанын танып білу, сырын ашу жантану 
ілімінің зерттеу нысанасына алынуы керек.
Сопы қажы Абдолла Ансаридің «шариғат – тән», «тариқат – жүрек», «ақиқат – жан» деп 
анықтама беруінде көп нәрсенің сыры жатыр. Ақиқатты (жанды) іздеген Шәкәрімнің түп иені: 
Жан де, мейлі бір мән де, 
Сол қуатпен бол таныс 
Дүниені сол жаратқан, – 
деп терең философиялық ой толғанысында жантану іліміне айрықша мән-мағына беруінде 
Шәкәрім дүниетанымының өзекті желісі (ядросы) жатыр. Ар ғылымы жайында Шәкәрім 
дүниетанымының өзекті желісі мен шешуші түрдегі ой қортындысы – ұжданға байланысты 
болуы себепті: «...адамдағы ынсап, әділет, мейір – үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады... 
бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды... ұжданы 
сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды... 
Адамзат ұлын бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы 
мұсылман жолы сияқты» (Үш анық. Алматы. 1991, 5-9 бет) деп өз ой байламын жасайды. 
Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсенің 
төркінінен хабар беруі себепті М.Әуезов ол өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытып айтқан 
мағыналы және програмдық бір өлеңі», - деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. 
Абайдың 
Бес нәрседен қашық бол, 


49 
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз, - деп адам бойындағы мінез-құлқындағы қарама-қарсы ұғымдардың 
сырын 7-қара сөзінде айтылатын «жанның тамағы»дейтін пәлсапалық (философиялық) 
мағынасы бар ұғыммен салыстыра отырып сырын ашсақ, көп мәселенің тамыры жатыр. Осы 
өлеңде ерекше мән бере аталатын Шығыстың озық ойлы Ғұламаһи Дауанидің (XV ғ.) атақты 
шәкірті Жүсіп Қарабағи (XVIII ғ.) «Рисаласында» «жанның азығы» деген ұғымды еске (память) 
байланысты қарап талдайтыны бар. Автор «жанның азығы» (духовная пища) деген ұғымды 
екіге бөліп: бірінші жанның пайдалы азығы (шын сенім, жомарттық, ғылыми түсінік, 
шүкіршілік) екіншісі - жанның зиянды азығы (күншілдік, жалған сенім, күпірлік) деп атайды. 
Абай танымындағы «жанның тамағы» да жан қуаты арқылы біртіндеп қорланатын рухани 
байлықты меңзейді. Өйткені Абай «...құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл 
жанның тамағы еді», - деп көрсетуі арқылы әрбір талапкер жас өзінің дүниетанымының 
қалыптасу жолында жанның пайдалы тамағымен сусындауға саналы түрде бет бұрса ғана толық 
адам жолына түсе алмақ, болмаса жоқ. 
Ақынның «бес нәрседен қашық бол» деп таңбалап отырғаны адамды аздыратын жанның 
зиянды тамақтары болып шығады. Адам болу туралы ойлар, әсіресе, ақынның қара сөздерінде 
молырақ таратылған. Ондағы «адам болу, адам, жарым адам, толық адам, адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет