114
ел басшыларының арлылық пен табандылықты ту етіп, күндестіктен арылғанда ғана әділ басшы
бола алатындығына тоқталады.
Абай адам бойындағы өзгеше бір қасиеттерді ғылым-біліммен байланыстырады.
«Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек...» талаптың өзіндік
шарттары бар. Абай шарттарының қысқаша мазмұны мынандай:
Бірінші шарт: Білім ғылымды ізденуге күнделікті ұсақ іске жарата қою үшін,
немесе
біреуден артылу үшін, ерекшеленіп мақтану үшін іздену болмау керек. Ғылымға алдымен берік
ынта-ынтықтық, білмегенді біле беруге құмарлық, махаббат керек. Білмегеніңді білген сайын
сол құмарлық арта бермек. «Адамның
көңілі шын мейірленсе, білім ғылымның өзі де адамға
мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқалады»,-дейді [4,76].
Абай бұл жерде адам бойындағы білімге деген сезімнің тазалықпен, адалдықпен, адамдық
қасиетпен ұштасып жатуын айтып отыр. Өміріңнің ізгіленуі-ол ғылым іздеу. Білім мен
ғылымның
тереңіне бойлап, білмегеніңді білу, ғылым алдында ар ожданыңды жоғалтпау, ол
жолда аянбай еңбек ету керектігін Абай да өз еңбектерінде терең талдаған.
Біздің сөз қозғап
отырған тақырыбымызда ұлттық тұлға бойындағы қасиеттің бірі-білімділік, ғылым меңгеру
десек, шын ғылымды сүйетін адам ғана оның бақытына кенеле алады. Ол
жолда көз майын
таусып еткен еңбектің ғана жемісін көреді деп, ойымызды Абай ойымен толықтыра түскіміз
келеді.
Абайдың пайымдауынша,
білім-ғылымның екінші шарты: Ғылымнан ақиқат табу
мақсатын қою. Таластан пікір ашылады, шындық ашылады, көңіл бекиді. Бірақ, таласта өзімдікі
ғана дұрыс деп қатып қалу жарамайды. Ондай өз пікірін ғана іске асыруды мақсат етіп қоюдың
түбінен менмендік, өзімшілдік пайда болады. Оның ақырынан адамдыққа да, ғылымға да зиян
келеді дегенді айтады.
Достарыңызбен бөлісу: