119
салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі ?» -деген
негізді тұжырымға келеді.
Абай талдауынан өтпеген,
Абай сынына ілінбеген, қазақ қоғамында әлеуметтік топ жоқ
десе де болады. Жиырма екінші сөзінде ол: «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп,
кімді қадірлейді деп ойладым. Байды қадірлейін десең бай жоқ. Бай болса да, өз басының, өз
малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ… Мырзаларды
қадірлейді десең, осы күнде
анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреуі бір
пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген
болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып бас ұрып алған болыстық пенен биліктің
ешбір қасиеті жоқ.
Қазақ қоғамының әлеуметтік дертін байқап-тануда және оларды сынға алуда 20
ғасыр
басындағы қазақ саясаткерлері, ойшылдары мен жазушылары Абайдан үлгі алды, өздерін ұлы
ақынның шәкірті санады.
Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың – деген Абайдың сын
мектебі Әлихан, Ахмет, Міржақыптарға қазақ қоғамын терең түсіну үшін ғана емес, ең алдымен
оны түбегейлі өзгерту үшін керек болатын.
Достарыңызбен бөлісу: