15
күн отыртып», – дейді. Расында, бұл – кез-келген елдің дамуын кенже қалдыратын, ұлттың
бірегейлігін әлсірететін қауіпті үрдіс.
Бізге, Абай айтқандай, артық мақтанға салыну, өзгені қор, өзімізді зор санау, дау қуу әсте
жараспайды.
Әр қадамымызды анық басып, әлемде және елімізде болып жатқан оқиғаларды
байыппен сараптай білуіміз қажет. Тұрақтылық пен дамуымыздың кепілі болған татулық пен
бірлікті бәрінен жоғары қойған абзал. Мемлекет мүддесін көздесек,
әуелі сабақтастық сақталып,
төгілген тер мен атқарған еңбектің далаға кетпеуін ойлайық.
Осындай саясат жүргізген кезде ғана барлық стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізіп,
Қазақстанды озық дамыған мемлекеттердің қатарына қоса аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: