Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Әлемдік мәдениеттің тұлғасы



Pdf көрінісі
бет12/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Әлемдік мәдениеттің тұлғасы 
Қазіргі өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен 
мақтана алады. Олардың қатарында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, 
қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да 
біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ біз ұлы 
ойшылымызды жаһан жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келеміз.
Мен көп жылғы дипломатиялық қызметімде басқа елдердің саясаткерлерімен, түрлі сала 
мамандарымен жиі кездестім. Шетелдіктермен адамзатқа ортақ көптеген түйткілді мәселелер 
туралы пікір алмасып, ой бөлістім. Жалпы, олар Қазақстанның саяси және экономикалық 
жетістіктері жөнінде жақсы біледі. Ал, рухани және мәдени құндылықтарымызбен жете таныс 
емес. Осы орайда «Неге қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін Абай арқылы танытпаймыз?», – 
деген сұрақ туындайды.
Ғұлама Абай - қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат 
баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады.Абайдың ақындық қуатының терең тамырына үңілген 
зерттеушілеріміз оның қазақ фольклорынан, Шығыс пен Батыстың сөз өнерінен, орыс 
әдебиетінен, тарихи еңбектерден сарқылмас нәр алғанын айтады.Абайдың асқан ойшылдығы 


17 
оның діни талғам-танымынан да айқын көрінеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз 
ешуақытта жалған болмас», – дейді ол. Бұл ой-тұжырымға ол Шығыс пен Батыс 
философтарының еңбектерін терең біліп, зерттеп, зерделеп барып жеткені анық. Ол отыз 
сегізінші қара сөзінде Аллаға деген көзқарасын толық білдіреді.
Абайдың рухани өресіне баға берген дінтанушы философ ғалымдар оның «кәміл 
мұсылман» ұғымына ерекше назар аударады. «Кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, 
бүкіл мұсылман әлеміне қатысты айтылса керек. Міне, біздің ойшыл Абай, хакім Абай – әлемдік 
деңгейде осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға.
Елордада барлық діннің басын қосып, дәстүрлі жиын өткізіп келе жатқанымызды 
білесіздер. Мұндай іс-шаралардың мақсаты мен ұлы Абай ұстанымының арасында өзара 
үйлесімділік бар.Ақынның барша адамзат баласының жан дүниесінің тазалығын сақтауға деген 
ниеті бәрімізге ой салады.
М.Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы Абай бейнесі көркем образ ретінде әлем 
әдебиетінде жоғары бағаланғаны белгілі. Бірақ бұл – Абайды танудың бір қыры ғана. Нағыз 
Абайды, ақын Абайды тану үшін оның өлеңдері мен қарасөздерінде айтылған ойтұжырымдардың 
мән-маңызы ашылуы керек. Ол әлемнің кең таралған негізгі тілдеріне барлық бояуын сақтай 
отырып аударылуға тиіс. Бұған біз толық қол жеткізе алдық деп айту қиын. Нағыз ұлт ақындарын 
өзге тілдерге аудару – оңай шаруа емес. Аудармашы да сол ойшылдың деңгейіндегі талант болуы 
керек. Біздің абайтанушы ғалымдарымыз, тіл мамандары мен жанашыр азаматтар осы мәселеге 
ерекше мән бергені жөн.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай - қазақ халқының рухани қазынасына 
өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында 
ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер.
Абай - әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға» – деген болатын. 
Шынында да, дана ақын шығармалары тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзат баласының рухани 
өмірін жан-жақты байыта алады. Өйткені Абай туындыларының мазмұны жалпыадамзаттық 
құндылықтарға толы. Оның қара сөздері - әлем халықтарының ортақ қазынасы. Бұл - 
классикалық үлгідегі өнегелі ойлар шоғыры. Нақыл сөз, ғибратты сөз, ғақлия сөздер деп әрқилы 
аталғанымен, бұл - ерекше жанр.
Абай өзінің қара сөздерінде адамзат баласына ортақ мұраларды дәріптей отырып, рухани 
биікке құлаш сермеп, алысқа қанат қаққанын көрсетеді. Оның қара сөздерінің арқауы - кісілік, 
мәдениет, ізгілік. Хакім Абайдың қара сөздеріне балама еңбек іздесек, француз ойшылы 
Монтеньнің жазбалары ойға оралады. Десек те, Монтень өз болмысы мен адам тұлғасы жөнінде 
көбірек ой толғаса, Абай қара сөздерінің басты миссиясы – ойлану, өзгеге ой салу, мақсатты 
ұстанымға айналдыру. Демек, ұлы ойшылдың қара сөздері – аса құнды еңбек.
Әлемдік мәдениетте Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да 
мерейін соншалықты асқақтата түсеміз. Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар 
заманында Абай сөзі баршаға ой салуға тиіс.
Дүние жүзінде ғылым мен білімнің түрлі салаларын дамытуға зор үлес қосып, бүкіл 
адамзатқа ортақ ойшыл ретінде танылған тұлғалар баршылық. Мысалы, Қытай дегенде Лао-цзы 
мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо 


18 
бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың 
есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт «Қазақ халқы - Абайдың халқы» деп, бізге 
ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық.
Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы 
шығармашылығы - қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен 
қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен 
қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. 
Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы.
Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде 
жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз.
Ең алдымен, Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. 
Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік 
деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. 
Сондықтан, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру 
қажет. Бұл- бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет