Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет20/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

1.1 Абай өмірбаяны
Абайдың бірегей биографы Мұхтар Әуезов. Ол 4 жасынан бастап, Әуез атасымен Абайдың 
ақын шәкірттерімен тікелей араласып, ақын жайлы дерек мағлұматқа жастай қанып біліп өсуіне 
тірі архив иелерінің әсері де айтарлықтай болған. Әсіресе, Абайдың ақын шәкірті Көкбай мен 
Шәкәрімнің Абай өмірі мен жасаған ортасы, ақындық жолдағы рухани ізденістері туралы 
құнарлы әңгіме деректері жәрдемге келгенін биографтың «...Менің жұмысым жинастыру сияқты. 
Әуелі оның өмірін зерттедім... Көптеген деректер тобын жинастырдым. Көкбаймен, атаммен, 
Ділдәмен, ақынның достары, жауларымен жеке-жеке кездестім... Көкбай, Ділдә, Әйгерім, 
Нұрғаным... оларды көрдім, әңгімелестім» (ЛММА архиві, 398-папкі, 27 бет), - деп тебірене 
отырып баяндайтыны бар.
Абайдың ғылыми өмірбаянын М. Әуезов 1924, 1940, 1944, 1951 жылдары, яғни төрт рет 
қайта толықтырып жазған нұсқаларынан оқу арқылы меңгереміз. Бұған қоса XX ғасырдың ұлы 
жазушысы атанған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын оқу арқылы да таным 
нанымымызды кеңейтіп тереңдете түсеміз.
Абайдың әдеби мұрасын өз деңгейінде тереңірек танып ұғынуымыз үшін, алдымен Абай 
өмір сүрген, ұлы ақынды қоғам қайраткері етіп қалыптастырған отбасы тәрбиесі мен сол 
заманның саяси-әлеуметтік болмысын, қоғамдық ортасын жете танып білудің мәні айрықша.
Абайдың өзі ғұмыр кешкен заманы мен оның атасы Өскенбай мен әкесі Құнанбайдың 
заманын салыстыра қарап, сын көзімен қарағанда көптеген саяси-әлеуметтік мәселелердің 
астарлы сыры ашыла түседі.
Абайдың атасы Өскенбай Ырғызбайұлы (1773-1850) тобықты руының атақты биі болған.
Өскенбай заманы тәуелсіз қазақ хандығы мен Ресей империясының отаршылдық заманында
өмір сүрген. Құнанбай әкесі Өскенбайға 1851 жылы ас бергенде 6 жасар Абай әжесімен бірге сол 
асқа барған еді. Бала Абай жастайынан атасы Өскенбай заманын, онда болып өткен түрлі 
оқиғалар мен ру таласын, саяси-әлеуметтік мәселелерді сезініп өссе, олар жайлы тарихи
әңгімелерді ел аузынан естіп, көкірегіне түйіп өсті. Өйткені ол заман әлі де болса қазақтың 
көшпелі өмірі мен әдет-ғұрпын, ұлттық салт-санасы, дүниетанымы сол қаз-қалпында сақталып, 
өзгеріссіз тұрған кезең еді.
Өскенбай заманында-ақ біртұтас қазақ халқын отаршылдар үш жікке бөліп ажыратып 
жіберген кезең туған еді. Ресей патшалығы Кіші жүз қазақтарын Орынборға қаратып, ел билеу 
жүйесінің негізін сұлтан правительдерге билетіп, билік басына тек қана төрелерді көтеріп жатты. 
Өйткені олар патша билігіне адал беріле қызмет етті. Олар саяси жағынан сенімді әлеуметтік топ 
болды.
Орта жүзде биліктің аға сұлтандық түрі орнықты. Әуелі аға сұлтандарды төрелерден 
қойғанымен оларды Кенесары көтерілісінен 1837-1847 кейін саяси жағынан сенімнен ажыралуы 


28 
себепті, аға сұлтандыққа дала қазақтары келе бастады. Құнанбайдың аға сұлтан болуына да осы 
жағдай себеп болғандықтан қара халық Құнанбайды «Қарадан шығып хан болған, айырдан 
шығып нар болған» деп мадақтауында мән-мағына бар еді. Билік жүйесінде сұлтан правитель 
мен аға сұлтандық билік отаршылдық саясатты жүзеге асыруы себепті оларды «ұзын арқан кең 
тұсау» саясаты шеңберінде ұстап келді.
Ал, Ұлы жүзді Қоқан хандығы отарлап, бұл өлкеде ел билеу жүйесін де билік етуге ру 
(тайпа) өкілдері қойылды. Үш өлкеде үш түрлі жағдай қалыптасты. Осы өзіндік қайталанбас 
саяси-әлеуметтік ерекшелігі бар жағдай әдебиетте өз көрінісін беріп жатты. Мысалы, 
сұлтанправительдер билігіне қарсы Махамбет бастаған ақындар тобы шықса, аға сұлтандық 
биліктің өз халқына қарсы сатқындық әрекетін Дулат бастаған ақындар тобы әшкерелеп жатты. 
Поэзияда тұңғыш рет сұлтан правителдер мен аға сұлтан образы жасалуы арқылы әдебиетте
антиколониялық қуатты сарын дүниеге келді. Ал оңтүстік өлкеде датқалар образы жасалып, 
олардың сатқындық қылығын Сүйінбай бастаған айтыс ақындары шаңын қағып жатты.
1867 жылы Ресей патшалығы бүкіл Түркістан халқы жайлаған ұлан байтақ өлкені толық 
жаулап, Қытаймен екі арадағы шекараны бекітіп алған соң, ел билеу жүйесіндегі «ұзын арқан кең 
тұсау» саясатын өзгертіп, бүкіл түрік халықтары жайлаған жердегі ел билеу жүйесін патшалық 
ел билеу жүйесіне сәйкес ел билеудің территориялық принципіне негізделген «жабайыларды 
жабайылардың қолымен тұншықтыру» саясатын ұстанды. Енді қазақ арасындағы билік 
қазақтардың ауылдық болыстық билік шеңберінен аспайтын, одан жоғары билік сатысына бірде 
бір қазақ атқамінерлерінің қолы жетпейтін принцип ұстанды. Үкімет қазақ халқының рухани 
әлеміне де қол сұғып, миссионерлік саясатын ашық жүргізе бастауы болыстық билік тұсында 
күшейді.
Міне, ұлы ақын Абайдың 13 жастан өмірінің соңғы күніне дейінгі өмір жолы аға сұлтандық 
билік жүйесінің соңы мен елді ала тайдай бүлдірген болыстық биліктің заманында өтіп жатты. 
Сондықтан да Құнанбайды терең танып білмейінше, Абайды жете танып білудің өзі қиынға 
соқпақ. Құнанбай Абайды 13 жасынан бастап ел билеу жұмысына баулып, ел өмірімен, халықтың 
тұрмыс болмысымен мидай араластырып жіберді. Абай осы ортада ер жетіп, отбасы тәрбиесі 
мен халық өмірін танып білу жолы мен қалыптаса бастады. 1.2 Әдеби ортасы
Осы кезден бастап қазақы ортада Абайдың алғашқы әдеби ортасының қалыптасу 
жолындағы рухани құбылысын байқалды. Ел билеу жолындағы әкесінің тапсырмаларын 
орындай жүріп, елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен әңгімешіл қарттарымен сырласа жүріп, 
халқының рухани қазынасына байыды. Аты шыққан замандас ақындары Дулат, Шортанбай, 
Шөже, Балта, Тәттімбет, Қазақбай, Жанақ, Түбек, Біржан, т.б. ақындардың алдын көріп
Сабырбай ақынмен сыр шертіп сырласуы Абайдың әдеби ортасының алғашқы бастау көздеріне 
жатпақ. Осы ортада жүріп, өзінің тұңғыш ақындық талпынысы Абайдағы бойына біткен ақындық 
өнердің бүр жара бастаған кезеңін оның бозбала шағындағы экспроматты өлеңдері мен
құрбыларымен сөз қағыстыру өнеріне төселе түскен қалпын танылады. Бала Абайдың атақты 
Барластың (Дулат) ақындық жырын тыңдап, рухани жан дүниесі әсерге бөленуінен Дулаттың 
«Айтушым судай төгілген, Тыңдаушым бордай егілген» тыңдаушысы жас Абайға бата береді. 
Байкөкше ақыннан ақындық шабыттың келу сырын ұғынса, айтыс ақындары өнерінен сөз 
кестесін тоқудағы ақындық психологиялық шеберліктің тылсым сырын сезініп толыса түседі.


29 
Медреседе оқыған жылдары мен әкесінің ел билеу жұмыстарымен айналысқан бозбала 
Абай жігіттік шағында Шығыстың классик ақындарын оқып, ақындық рухани қазынасы да күн 
асқан сайын нәрленіп қорлана береді. Ауыл кәриелерінен, ел ақсақалдарынан да әңгіме үстінде 
шешен, тапқыр сөйлеудің сырын танып, сөз өнерінің тыңдаушыға әсер ету қуатынан сабақ алып, 
көркем сөздің қоғамдық ойдағы алар орнына мән бере бастайды.Бұлардың бәрі де Абай 
мұрасының рухани көздері немесе өзгеден алған рухани нәрлеріне жатады.
Абайдың Шығыс пен Батыстан яғни екі жақтан алған рухани бұйым белгілері де Абайдың 
әдеби ортасына жатады. Осы екі салаға қоса Абайдың қазақи қалпын танып білмейінше, кетпен 
тұяқ кемеңгер ақынның ұлттық, халықтық, ақындық өнер болмысындағы ерекшелігін танып біле 
алмаймыз. Өйткені Абайдың өзі күнделікті іздену үстінде нәр тартып, тікелей араласқан, 
танысып біліскен, шығармаларымен бала жастан қанығып, жаттап өскен әдеби ортасы абайтану 
саласында айрықша мәнге ие болды. Абай араласқан қазақы әдеби ортасының аумағы Түбек 
ақынның Алатауды жайлаған Сүйінбай, Жамбылдармен айтысып жүруі әдеби ортаның 
географиялық кең өрісін де кеңейтті. Абайдың әдеби ортасының екінші басқышы Абайдың 
«өзгеге берген нәрі» немесе оның ақындық дәстүрі деген ұғымды қамтиды. Бұл ұғым 1934 
жылдан бастап бермен қарай «Абайдың ақындық мектебі» деген мәселені кең тұрғыдан сөз 
етіліп, осы саладағы ғылыми зерттеу жұмыстарының мазмұнымен анықталады. Абайдың 
ақындық дәстүрін дамыта жалғастырушылар, алдымен, Абайдың ақын шәкірттері деп аталатын 
Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Әсет т.б. ақындар шығармалары арқылы әдебиет 
көшінің басы қазақы, тарихи, философиялық лирикадан батысқа бұрылып, реалистік
романтикалық сюжетті поэмалардың пайда болды. Шәкірт ақындары Абайдың ақындық дәстүрін 
жалғастыра дамытудың үстіне Абай мұрасының ел ішіне таралып, танылуы жағынан да 
насихатшысы болған. Олар Абай мұрасын жатқа алып, әнге қосып айтумен бірге Абай өлеңдерін 
қолмен көшіріп, ел ішіне жайылуына қызу атсалысқан әрекетін көреміз. Абайдың ақындық 
мектебін М. Әуезов кең мағынада алып қарастырғанда, Абайдың ақын шәкірттерінен кейін қазақ 
әдебиетінің XX ғасыр басындағы ояну дәуіріндегі әдебиет өкілдерін меңзейді.
Бұлар - С. Дөнентаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ақындар.
Абай дүниеден өткен соң әдебиет майданына келген ақындардың талантты тобын Абайдың
ақындық дәстүрін дамытушылар деп танимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет