Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтан (1870-1937)



Pdf көрінісі
бет15/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтан (1870-1937) бастау алады. «Өлеңдерінен көрініп тұрғандай 
Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды» - деген Бөкейханов 
озық пікір білдірген. Географ ғалым П.П.Семенов-Тян-Шанский мен академиқ 
В.И.Ламанскийлер құрастыруымен жарық көрген «Россия. Отанымыздың толық географиялық 
сипаттамасы» (1899-1914) атты көп томдық кітабындағы бір бөлім «Киргизский край» деген 
атпен Петербургте басылып шыққан 18-томында Ә.Бөкейхановпен бірге жазған тарихшы, 
этнограф А.Н.Седельников (1876-1919) қазақтың озық өнері мен әдебиеті туралы айта келіп 
«...Абай қазақтың жаңа әдебиетінің көш басшысы...» деп орыс ғалымдарының арасында тұңғыш 
бағалаған. Орыс ғалымы «Россия» журналының 1903 жылы шыққан 18-томында Абай аударған 
«Татьянаның хаты» ел арасында әнге салып айтып жүргендігі туралы жазады. Абай 
шығармаларын орыс тіліне алғаш аударма жасап орыс қауымына таныстырған осы - Александр 
Никитич Седельников. Абайдың көзі тірісінде, орыс оқырман қауымына тұңғыш таныстырған 
қазақтардан Ә.Бөкейханов болатын.  
1909 жылы Петербургте Борагинский баспасынан шыққан Абайдың тұңғыш жинағына 
Ә.Бөкейханов басшылық жасаған. Бұл жинақ Мүрсейіт Бікеұлының (1860-1917) жинап жүрген 
қолжазбалары арқылы Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев (1868-1915) пен Абайдың баласы 
Тұрағұлдың (1876-1934) ерен еңбектерінің арқасында жарық көрген. Алғы сөз орнына Кәкітай 
Абайдың өмірбаянын жазған. Бұл Абайдың өмірмаянының алғаш тасбаспаға түсуі еді. Аталмыш 


22 
өлеңдер жинағы Абайды күллі елге танытудың тың сапары болатын-ды.Жарық көруінен бірнеше 
жыл бұрын құрастырылып, аударма өлеңдерін қосқанда жүз қырықтай өлендері және «Ескендір» 
мен «Масғұт» поэмалары басылған. Тұрағұлдың «Әкем Абай туралы» естелік еңбегін 
М.Әуезовқа жазып берген. Абайұлы Тұрағұл Ұлы Абайдың мұрасын жинау, оны бастыруда 
құнды дерек көздерін ашқан. Қолжазба нұсқаны қалпына келтіруде Абайтану ғылымына қосқан 
үлесі зор деп айта аламыз.
1911-1913 жылдар арасында Орда мен Орал қалаларында шығып тұрған «Қазақстан» (редакторы 
Елеусін Бұйрин) газетінің үшінші санында «Әдебиет таңы» деген мақалада:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң әрқалан.
Сен де бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан, - дейтін Абай өлеңін «Әдебиетіміздің шыңы!» деп бағалайды. Абай 
шығармалары «халқымыздың көңіл-күйін ашып, сергітеді» деп насихаттайды.
Тыңға түрен салған Алаштың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) өзінің 
«Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Қазақтың бас ақыны - Абай (шын аты Ибраһим) 
Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.» 
Абай өлеңдерімен 1903 жылы қолжазба арқылы танысқан Ахмет Байтұрсынов: «Оқып қарасам, 
басқа ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, 
көпке дейін тосаңсып отырасыз. Сөзі аз, мағынасы көп, терең». – деп жоғары бағалаған. Абайға 
арнаған алғашқы тырнақ алды туындысы 1913 жылы Орынбор қаласында 1913-1918 жылдар 
арасында А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтардың редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» 
газетінің 39,41-сандарында және 1914 жылы 64-санында «Абай» журналында
А.Байтұрсыновтың бас мақалалары шықты. Абайдың «Интернатта оқып жүр» (1913) атты өлеңі 
алғаш жарияланған.
Алаш азаматтарының бірі Міржақып Дулатов (1885-1935) ұлы Абайдың қайтыс 
болғанына 10 жыл толғанына орай 1914 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Абай» атты 
мақаласында: «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш - Абай сөзі, Абай аты боларға 
керек» - деп, ақынды қазақ әдеби тілінің негізін салушы және жазба әдебиетіміздің негізін 
қалаған алғашқы жарық жұлдызға теңейді.
«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 28 санында Абай мен Михаэлистің достығы жайлы 
мақаласында географ Б.Г.Герасимов (1872-ө.ж.б.) «Құнанбаевпен танысқан және оның аса 
қабілеттігін байқаған Михаэлис оған баса назар аударды» деп, Абайды Семей кітапханасында 
көп көріп, көп әңгімелескенін айта келіп, Абай туралы естелік жазған. Қазақ жеріне саяси жер 
аударылған Е.П.Михаэлис (1841-1913) Абай танымына, батыс әдебиетін қалыптасуына себепші 
болған. 1914 жылы Мәскеуде жарық көрген «Восточный сборник» атты кітапта Абайдың өмірі 
мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, бірнеше өлеңдеріне қара сөзбен орыс тілінде 
түсінік берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет