2. Еуропа мәдениетінің Абайға әсері.
2.1. Абай мұрасы және кітапханасы Батыс мәдениеті мен Шығыс мәдениетіне қатысын
айрықша екшеп талдауында: «...Абайда Батыстан кірген белгіден гөрі Шығыс белгісі басымырақ,
нығырақ. Батысқа келгенде ол арқасын шығысқа, ақылмен қорытып алған мұсылмандыққа нық
тіреп алып келеді» дейтін терең ғылыми ой байламын береді. Осылайша ғылыми тұрғыдан
сарапталған ой байламдары 1938 жыл мен 1961 жылдар аралығында табиғи бастапқы қалпы
бұзылып өзгеріске түсті. Оның себебі 1938 жылы БК (Б) П ОҚ барлық жерде орыс тілін міндетті
түрде оқыту қаулысы мен 1945 жылы ҰОС аяқталуына байланысты И. Сталиннің орыс
халқының ролі туралы сөз сөйлеуі және КПСС ОК 1949 жылы космополитизм туралы саяси-
идеологиялық мақсат көздеген қаулысына байланысты болды. Кеңестік тоталитарлық
идеологияның саяси-идеологиялық талабы қоғамдық ғылымдар мен әдебиет, өнер саласында
батыс пен шығысқа бас июшілерді яғни космополиттерді талқандау науқаны қатты
қарқынмен жүргізілді. Барлық Одақтас республикаларда мыңдаған көрнекті әдебиет пен өнер
30
қайраткерлері жазаланып, қуғындалып жатты, аяусыз жазаланып қуғындауға ұшырады. Абай
мұрасының рухани нәр алған бір саласы яғни Абай мұрасының Шығысқа қатысы түгелдей
терістеліп жатты. Мұны профессор Қ.Бейсембиевтің «Мировоззрение Абая Кунанбаева» (1956
г.) деп аталатын монографиясында ашық көрініс берді. Абай мұрасының рухани нәр алған өнікті
рухани бұлақ көздері қазақ халқының рухани ой-қазынасы мен мұсылмандық рухани әлемі мүлде
ғылыми зерттеу нысанасынан тыс қалды. Яғни Абай мұрасының шығысқа қатысы 1963-ші жылға
дейін зерттеу нысанасына алынбай қозғаусыз жатты. Кеңестік дәуірде Абай мұрасының
шығыстық ой-қазынасына қарым-қатынасы абайтану саласындағы 1963-ші жылдан бастап там-
тұмдап ғылыми зерттеу нысанасына алынып, алғаш рет қозғалысқа түсе бастады. Тек 1965 жылы
М.Мырзахметұлы «Абайдың әдеби мұрасының зерттелу жайы» деген тақырыпқа кандидаттық
диссертациясы қорғады, 1994 жылы «Абайтану тарихы» монографиясы басылды, 1982 жылы
«Ғылым» баспасынан жарияланған «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты ғылыми
зерттеу монографиясы жарияланды.
Қазақ әдебиетін зерттелу саласында айрықша мол зерттелген арнасы Абайдың әдеби
мұрасы молынан рухани нәр тартқан саласы – мұсылмандық шығыстың немесе Абай мұрасының
шығысқа қарым-қатынасын айқындауда аса күрделі де қиын арна. Абай орыс класиктерінен
жасаған аудармаларына жанама түрде болса да, мол дерек көздерін таба аламыз.
«Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абайдың Шығыстың рухани
әлеміне бойлай енуінің сырын танып, мәнін білу жолындағы іс-қимылы жайында сөз еткенде,
осы ұрымтал мәселенің яғни Абайдың ақындық кітапханасының сыры мен көлеміне сүйенбей
Абайдың Шығыстық рухани қазынасына қарым-қатынасын ашып, танып білу мүмкіндік бар.
Абай дүниетанымы жайлы соңғы жылдардағы нысанасыз ғылыми зерттеу еңбектері осы
кемшілікті нақтылы түрде көрсетіп отыр (Д.Омаров, Т.Жұртбаев, Қ.Жүкешов еңбектері).
Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы туралы мәселені пайдалану үшін екі
түрлі әдіс-тәсілді қолдану жөн деп білеміз:
а) Абайдың өз шығармаларында арнайы сілтеме жасай отырып беретін ең сенімді дерек
көздері - кейбір туынды нанымдары мен кісі аттары болып табылады. Осылар арқылы ең сенімді
дерек көздеріне молығып, көп мәселенің сырын ашып, мәнін білуге бастап отырады. Мысал
ретінде алар болсақ, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: «Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани...» деген өлең жолындағы Ғұламаһи Дауани – ирандық ғұлама ғалым
Мұқаммед ибн Асат Жалаладдин ад Дауанидың (1427-1501) лақап аты екенін кешігіп барып біліп
отырмыз. Ғұламаһи Дауани жазған «Жалали этикасы» еңбегін Абай оқып пайдаланған, айта
берсек, бұл дерек көздері Гиессаддин Хондамирдің «Жақсылықтар» («Макорым-ул-ахлақ») атты
шығармасында атап өтетіні бар. Парсы тілін өзінше оқып меңгерген жас ғалым С. Оразалиев
Абай мен Ғұламаһи Дауани арасындағы шығармашылық байланысты ашу, танып білу арқылы
«Абай – Дауани» деген монографиясында мол деректер көзімен таныстырды.
Абайдың толық адам ілімімен тікелей ұштасып 1069 жылы Шу өзені бойында жазылған
Жүсіп Хас Хаджиптің атақты «Құтадығу білік» дастанындағы жәуанмәртлік ілімінің төрт
негізіне айналған аталы ұғымдарға бастайды.
Жәуанмәртлік ілімінің жұрт таныған төрт түрлі негізі (әділет, ақыл, дәулет, қанағат)
дастандағы басты төрт кейіпкер: Күнтуды (әділет), Айтолды (дәулет немесе қайрат), Өзғырмыш
(ақыл), Одғұрмыш (қанағат) арқылы баяндалып суреттелуі бізді тағы да Абайда айтылған
31
«жәуанмәртлік» ілімімен ұштастырумен бірге Абайдағы «Толық адам» ілімі мен Шәкәрімде
«Ар» ғылымымен бізді тікелей байланысқа алып келеді.
Абай мұрасындағы кейбір жанама түрде айтылса да, олардың түп төркіні Ибн Халдуның
«Әл-Мухтидия» (кіріспе), Хусаин Воиз-Кашафидың «Музкин этикасы», Әл-Фарабидың «Ізгі
қала тұрғындары», Наршаһидың «Бұхара тарихы», Ясауидың шығармаларындағы «Хал ілімі»
жазған өлең теориясы мен терең танысуға болады. Міне, осы әдіс-тәсіл арқылы Абайдың
ақындық кітапханасының көлемін зерттеу, іздену ғылыми талдау арқылы жыл өткен сайын
толықтыра берілмек.
ә) «Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті» екендігіне көзі жетіп мәдениетін, әдебиетін
меңгеруі, туған халқының өркениетіне білім-ғылымның қадір-қасиетін арттыруға сара жол ашты.
Балаң жас Абай Семейге келген бойда-ақ кітапхана қорын бірнеше рет шәкірт көзімен
ақтарып шықты. Ұлы Абай кемелденген шағы 40 жасында Семей кітапханасының тұрақты
оқырманы болып: америкалық К.И.Льюистің, француз И.Тэннің, және ағылшын философтары
Д.С.Милльдің,
Г.Спенсердің,
Э.Б.(Тайлор)Тэйлордың,
Ч.Р.Дарвиннің,
Т.Г.Гекслидің
шығармаларымен танысқан. Осы көріністі жіті бақылаған cолтүстік америкалық саяхатшы
жазушы, көсем сөз зергері, зерттеуші Джордж Кеннан (1845-1924) естеліктерінде 1865-1868
жылдары орыс-американ телеграф қоғамының тапсырмасымен Сібір өңірі (Беринг бұғазына
дейін) мен Ертіс бойы және Қап тауында болған. Семейге 1885 жылы қыс айларында келген
Кеннан, Абаймен кітапханада кездеседі. Кеннан өзінің «Сібір және жер аудару» (1890-1891)
(орыс тілінде 1906) атты кітабында қазақ жеріне айдалған Ресей азаттық қозғалысы
қайраткерлеріне қарсылық танытқан билік, әрекеттің барлығын жер аудару тәсілдерімен
тұншықтырып отырғандығы, саяси сүргіндермен кездесулерінде сотсыз, тергеусіз жіберілген
азаттық қозғалысының қайраткерлерімен жүздескендігі айтылған. Осы еңбекте Абай туралы
құнды деректер келтіреді.
Абайдың кемелденген шағы «Еуропаны коммунизм елесі» кезіп жүрген Ресейдегі алғашқы
төңкерісіне дайындық кезең болатын. Аса қауіп күткен патшалы билік, көзі ашық көкірегі ояу
өзіндік жаңашыл ұстанымы бар азаматтарын «халық еркі» ұйымын құрғаны, «Жас ұрпаққа» атты
үндеуді таратқаны, студенттік толқуларды ұйымдастырып қатысқаны, «жасырын ұйым
құрушылар» деген аттарды жауып, қысқасы қит етсе төндіріп Қап тауы етектеріне, Сібірге және
қазақ сахарасына жер аударып отырды.
Еуропаға алғаш рет Абайды танытқан осы Джордж Кеннан: «Семейде Д.С.Милль мен
Дрэперді оқуға қабілетті қырғыз (қазақ) барын көрдім - дей келіп, - Бірінші рет кездескенімізде
ол менен индукция мен дедукцияның айырмашылығын түсіндіруді өтінуімен таң қалдырды»
деген болатын.
Индукция мен дедукция - философилық ұғым б.д.д. ІҮ ғасырда өмір сүрген ежелгі грек
философы Аристотельдің «Аналитикасында» баяндалған. Оның негізгі идеялық тұжырымы
танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру.
Индукция - ойлау арқылы арманға, жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге қарай бағыттау әдісі.
Дедукция ұғымы - жалпыдан жекеге, жекені жалпыдан бөліп шығарудың тәсілі. Ұлы Абай бұл
категорияларды босқа сұрамағаны белгілі шығармаларында шындықтың даму заңдылықтарын
логикалық тұрғыда ой қорытудың ұстанымы деп белгілеген.
32
ХІХ ғасырдың 80-жылдарында патша өкіметі үшін Семей, азаттық үшін күрескен ел
елеулілері жер аударылатын орынға айналғанын: Ф.М. Достоевский, П.П. Семенов-
ТяньШанский, Г.Н. Потанин, Н.М. Пржевальский, А. Гумбольдт, П.С. Паллас т.б. айтулы қоғам
қайраткерлері қазақ сахарасында болғандығын тарих растайды. Қазақстанда жаңа дәуірге
бейімделген ағарту-мәдениет орындарын ұйымдастыруға атсалысқан да осы саяси жер
аударылғандар еді. Қазақтың біртуар ойшылдары Шоқан мен Абай осында көрнекті өкілдерімен
таныстығы достыққа ұласқан қасиетті жер Семей елді мекені болатын.
Жергілікті судья П Е.Маковецкий Семейге жер аударылып келгендерге қазақтарды толық
үйреніп шығу жолында салт-дәстүр заңдылық құқығын зерттеуді поляк С.С.Гросс пен орыс
А.Л.Блектерге алғаш бағыт берді. Олар ел аралап зерттеу жүргізу барысында Абайдың көп көмегі
тиген болатын. Мәселен, Гросс Абай ауылын аралап көптеген құнды деректер жинап Абаймен
кеңесіп отырған. М.Әуезов Абайдың озық ойлы көзқарастары қалыптасуына зор ықпалын
тигізген адамдардың бірі ретінде Блек пен Гроссты ерекше атайды. Олар заң маманы ретінде 1886
жылы «Қырғыздардың заң жөніндегі әдет-ғұрыптарын үйренуге арналған материялдар» деген
кітап шығарған. Кітапта Абай туралы оң пікірлер барлығымен құнды.
1876-1878 жылдары Қоңыр-Көкше еліне Абай болыс болады. Ар жолындағы Абай ел ішінде
әділдік таразысын тең ұстап, қорғансыздарға пана болуға тырысты. Ұрлық жасағандарды
ашықтан-ашық әшкере етті. Бір топ шонжарлар ақын үстінен «Абай барымта алды, ауыл шауып,
әйел қорлады» деген жала, судья П.В.Маковецкий тарапынан расталмай Абай ақталып шықты.
Михаэлис Евгений Петрович (1841-1913) Абаймен 1870 жылдары Семей кітапханасында
танысады. Михаэлиспен достасуы ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына өте көп әсері
болды. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында Михаэлисті Михайлов деген кейіпкер
арқылы бейнелейді. Михаэлис Абайды Еуропаның саяси дамуымен, мәдениетімен, сонымен
қатар Ресейдің ішкі саяси жағдайын, орыс әдебиетінің озық ойлы өкілдерінің шығармаларымен
таныстырды.
Е.П.Михаэлис Абай ауылында жазда қонақта болып, қыста хат жазысып тұрған. Сібірден
мерзімі жетпей қашқан саяси тұтқындар отанына оралар жолда Абай ауылында тынығып,
әлденіп, барлау жасап барып жолға шығатын болған. Абайдың болыс болған жылдарында ауыл
тұрғыны Үзікбай Бөрібаевтың «Таймақкөл» деген жерімді Абай тартып алды» деген жалған арыз
бойынша тергеуде жүргенде Е.П.Михаэлистің көмегімен шешілген.
М.Е.Салтыков-Щедрин (1826-1889) орыстың сатирик қаламгері. Ұлы Абайдың Салтыков-
Щедрин шығармашылығымен таныс екендігін «Интернатта оқып жүр» өлеңінде:
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Тостой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой.
Ақын қазақ жастарының оқып, білім алып, пайдалы, әлеуметтік іспен айналыспай, жұрт
үстінен пайдаланып босқа сабылып жүрмекке табылатынына өкінішпен қарайды. Салтиковтай
сөз зергерлерін еліне таныстыру жолында, одан үлгі алуға жастарды шақырған.
Салтиков-Щедриннің сатирасы Абайдың «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»
өлеңдерінде айнымай сақталған деп айта аламыз. Салтиков Шедриннің патша шенеуніктерін
33
әшкерелеу тәсілін, олардың екіжүздемелігін, сыбайластыққа бейім тұратындығын осы өлеңнен
көруге болады. М.Е.Салтиков-Щедрин шенеуніктер мен помещиктердің типтік бейнесін жасаса,
қазақ ақыны сахарадағы ел басқарып жүрген дөкейлердің дөң мінездерін әжуалайды.
Семей кітапханасында жүрген Абай Еуропаның Гете, Байрон, Шекспир, Гейне, Шиллер,
Мицкевич, сияқты ақындарымен, Бальзак, Дюма сынды жазушыларымен, Спенсер, Спиноза,
Декарт, Милль, Льюис, Дарвин, Дреперлердің еңбектерімен танысты. Есімі аталған әлем
жұртшылығына белгілі классиктердің кейбір өлеңдерін Абай Құнанбайұлы алғаш рет қазақ
тіліне аударды. «Ақынның достарының айтуы бойынша Абай Батыс философиясымен де
қызыққан көрінеді мысалы, Спиноза мен Спенсерді оқығаны, Дарвин жайын сұрастырғаны
мәлім» деген болатым М.Әуезов.
Немістің
классик
ақыны,
драматургі,
ағартушы
И.Ф.Шиллердің(1759-1805)
шығарамларымен Жуковский, Тютчев, Фет және Лермонтов аудармалары арқылы таныс болған
Абай, Лермонтовтың «Дитя в люльке» атты аудармасын Абай «Кең жайлау – жалғыз бесік жас
балаға» деп, өлеңнің түпкі мағынасын сақтай отырып, қазақтың ұғымына сай «кең жайлауға»
алып шығып еркін аударма жасаған.
Немістің Ұлы ақыны, драматургі, жазушы, философы И.В.Гетенің «Бақташының түнгі әні»
өлеңін Лермотовтың «Горные вершины» аудармасы арқылы Абай «Қараңғы түнде тау қалқып»
атты өлеңіне ән жазып қазақ даласыда қалықтатты.
Ағылшынның ұлы ақыны Д.Г.Байронмен (1788-1824) Абай Лермонтов арқылы таныса
отырып, «Еврей сазы», Лермоновта «Еврейская мелодия», ал, Абайда «Көңлім менің қараңғы»
деп аталады. Абай ұлттық езгіні, халықтың қайғысын, ішкі сезімін қиналғандарға сүйеніш
идеясымен байланыстырған. Қазақ халқының отарлық езгі басқан салмақты бостандық таңы
серпілтер деген сенімді елес бейнеленген.
Поляктың ұлы ақыны А.Мицкевичтің (1798-1855) «В альбом С.Б.» атты өлеңін
«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» деген тақырып қойып «Дүрілдеген найзағай» деп
басталатын өлеңін Абай мағынасын сақтап еркін аударма жасаған. Төңкерісшіл ақынның
туындысын шығыста алғаш аударған Абай ХІХ ғасырда қазақ жұртшылығына танытты.
«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» бұл бір өлең емес бінеше өлеңдерді Абай аударып
осылай жалпы тақырып қойған сияқты, бірақ ол бізге жетіп келмеген болуы да мүмкін. Қазақ
ақынының поляк тілін білетіні жөнінде дерек жоқ, орыс ақындарының қай аудармасын
пайдаланғаны да белгісіз.
Абай орыс жазушыларының әсіресе
Белинскийдің,
Пушкиннің,
Лермонтовтың, Толстойдың, Салтыков-Щедриннің шығармаларын оқып, реалистік өмір
шындығын жаңаша жырлауды үйренді, деген болатын абайтанушы ғалым Ә.Жиреншин. Орыс
ақындары Пушкин, Лермонтовтың өлеңдерін, Крыловтың мысалдарын аударып, қазақ халқына
Еуропаның озық мәдениетін ұсынды. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге
Достарыңызбен бөлісу: |