Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


  Абай мұрасының рухани нәр алған көздерi жайлы танымды да абайтану



Pdf көрінісі
бет29/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

2.8. 
Абай мұрасының рухани нәр алған көздерi жайлы танымды да абайтану 
саласында М. Әуезов ендiрдi. О баста негiзi дұрыс салынған бұл өзектi де бағыт бағдары 
дұрыс таным Абай мұрасының нәр алған көздерi мен дүниетанымының қалыптасу 
процесiндегi шешушi орында қазақ елiнiң тума мәдени-рухани қазынасы тұрса, М.  
Әуезовтiң айтуынша, екiншi орында мұсылмандық шығыстың рухани ой қазыналарының 
терең iздерi жатқанын да ғылыми тұрғыдан болжай бiлдi. Ал, орыс және Европалық ой 
қазыналары 
Абай 
дүниетанымының 
әлемiне 
үшiншi 
кезекте 
яғни 
Абай 
дүниетанымыныңқалыптасып қалған тұсында араласты деген ойды меңзеген болды. Осы 
мәселе жайында абайтану саласында кеңестiк идеология үстемдiк еткен тұста бұл саланы 
шешушi орынға қойып қарастыруы себептi де пiкiр таластың ең мол орын тепкен тұсына 
айналды.
Осы күрделi мәселеге орай Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайындағы мәселе бiртiндеп 
көтерiлсе де, Мәскеудегi Орталық Комитеттiң 1949 жылы қабылдаған «космополитизм» туралы 
қаулысынан кейiн бұл тақырыпқа зерттеу жұмыстары жүргiзiлмедi, яғни бұл тақырыпқа тиым 
салынды. Соның өзiнде де М.Әуезов Абай мұрасының шығысқа қатысы туралы ой танымдарын 
жария түрде айтпаса да, уақытқа, жағдайға қарай жарияланбаған тезистерiнде iз қалдырып 
отырды. М. Әуезов тезистерi Абай мұрасының соңғы жылдардағы шығысқа қатысы жөнiндегi 


42 
зерттеулерге адастырмас бағыт бағдар беруiмен де абайтану саласында ерекше дараланып 
тұрады. Ғалымның Абайдың әдеби ортасы туралы ой танымдары абайтану саласында 
ғылыми зерттеулерiнiң нысанасына айналса, жазушының «Абай жолы» эпопеясының 
сюжеттiк желiсiнде молынан орын алды. Яғни жазушының өзi арнайы түрде атап өткенiндей: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет