Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


  Ақын дүниетанымының қалыптасу жолында әр түрлi саладағы ой пiкiрлерiнiң



Pdf көрінісі
бет27/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

2.5. 
Ақын дүниетанымының қалыптасу жолында әр түрлi саладағы ой пiкiрлерiнiң 
эволюциялық даму қалыптасу жолын ғылыми тұрғыдан танып бiлуде, әрине, Абай 
шығармаларының жазылу мерзiмiн анықтау мәселесi жазушының ақын мұрасын ғылыми 
творчестволық тұрғыдағы iзденiстерiнде хронологиялық жүйенi ұстануға әкелдi. Абай 
шығармаларының жазылу мерзiмiн анықтау iсi Абайдың ақын шәкiрттерiнiң ықпалымен 1907 
жыл мен 1927 жылы жүргiзiлген едi. Бiрақ ол жылдарда ақын шығармаларының жазылу мерзiмiн 
анықтаудың негiзi салынғанмен көптеген өлеңдердiң жазылу уақыты толық анықталмай бiршама 
кемшiлiктерге жол берiлдi. М.Әуезов өз зерттеулерiнде осы кемшiн жайларды толықтырып, ақын 
шығармаларының жазылу мерзiмiн анықтауда толассыз iзденiп, бiр iзге түсiрiп кеттi. Мұндағы 
басты мақсаты Абайдың ой танымы мен ақындық өнердегi қол жеткен шеберлiктiң эволюциялық 
даму жолдарындағы сапалық дамудың табиғатын ғылыми негiзде айқындап бiлуге тiрелетiн. 
Неғұрлым Абай шығармаларының жазылу мерзiмiн дәл анықтаған сайын ақын 
дүниетанымындағы құбылыстың сырын танып бiлу жазушыға «Абай жолын» жазуға да ғылыми 
зор тiрек боларын, өйткенi ақын мұрасында әр жылдар кезеңiне орай бой көтерiп отырған ой 
танымдардың табиғи қалпын табуға адастырмай апарар бағыт бағдар беретiнiн бiлуден туған едi.
2.6.Абай мұрасын танып бiлуде зерделi зерттеушi ақын шығармаларында тiлге 
алынатын арнау өлеңдерге ерекше мән бере қараған. Өйткенi арнау өлең нысанасына 
алынған кiсiлердi жан жақты терең танып бiлу арқылы сол заманда орын алған саяси-әлеуметтiк 
мәселелер мен Абай бастан кешкен өмiр шындығын ұштастыра отырып көркемдiк тәсiлмен 
ашуға қолы жеткен. Бiрақ арнау өлеңдер Мүрсейiт Бікеұлының қолжазба көшiрмесiнде де, 
тұңғыш толық жинақ басылым көргенге дейiнгi Абай басылымдарында да толық мағлұмат 
берiлмеген едi. Мiне, осы себептi зерттеушi Абай өмiр баянын жазу үстiнде, әсiресе, «Абай 
жолы» эпопеясына даярлық алдында бұл қиындық алдынан шыққан. Бұл кедергiнi аттап өтуге 
болмайтынын ескере отырып «Абайдың ақындық мұрасында өмiрбаяндық деректер жоқтың 
қасы. Оның өлеңдерiнен көптеген адамдар мен жеке кiсiлерге байланысты деректер өшiрiлген. 
«Тоғжан туралы» өлең де жоғалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет