ертеңгі күніне сенімімізді арттырады.
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында өнер адамдарын жаңа қырынан тану бүгінгі
күннің талабы болса, кітапта көрсетілгендей Қашқынбай аты – Қамысбай, Шәкәрім аты – Шұбар,
Сабырбай аты – Қадырбай, Жанақ аты – Садақ, Дулат аты – Барлас, Түбек аты – Шүмек болып
кездесетін протиптерінің есімдері өзгеріп берілген. Өз есімімен елге белгілі тұлғалар ақын Шөже,
Біржан сал, Байкөкше Балғынбайұлы сияқты ақын-жыршылардың қазақ әдебиеті тарихындағы
орындарын біздің дәріс сабағымызда саралап өтеміз. Олардың да «Абай жолында» көркем
бейнелерін суреттелуі шынайы өмірдегі бейнелерімен зерттелді деп айта алмаймыз. Өйткені,
автордың дәуірі ұлт әдебиетінің екі бүйірінен қысып тұрған заман еді. Мәселен роман-эпопеяда
кездесетін Шұбар бейнесінің өмірдегі сом тұлғасы данышпан ақын Шәкәрім екенін автор жақсы
білді, бірақ империяның тезіне салған қазақтың біртуар ұлы Шәкәрімді Шұбар есімімен жұтаң
бейнемен суреттеді, оның түпкі себебін дәйекті түрде айқындап түсіндіру біздің міндетіміз.
Сонымен қатар Құнанбайдың жаңаша бейнесін яғни елге еткен еңбегін шынайы дерек көздері
арқылы жан-жақты қарастыру бүгінгі күннің талабы.
Эпопеядағы типтік бейнелер Құнанбай мен Абай екі дәуірдің кейіпкерлері
арасындағы қарама-қайшылықтар қоғамдық кезеңнің орын алмасуы және олардың бірін-
бірі жоққа шығарып ескіні жаңа жеңіп отыратын пәлсапалық заңдылыққа М.Әуезовтың
сүйенуі шартты. Заңғар жазушының айтуы бойынша «...қазақ даласында күні өтіп бара
жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның
баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың
қалыптасуын көрсету арқылы үлкен қоғамдық шындықты – ескі мен жаңаның диалектикалық
қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңа жеңуін ашуға тиіс болдым». Мұның
барлығы қазақ халқының ұлы ойшылы Абай айналасына топтап өмір шындығына терең
бойлайды. ХІХ ғасырдағы қазақ халқының қоғам өзгерістерін жаңа мен ескінің күресін бүгінгі
заманның мүдделерімен үйлестіріп бере білген жазушы. Автор Құнанбайды жөн-жосықсыз
қараламай, Абайды асқақтата дәріптемейді қоғамның даму сатысымен ескі мен жаңаның ара
жігін ашып жаңаша сипат беруді мақсат тұтқан.
Достарыңызбен бөлісу: |