Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Абайтану саласында М.Әуезов дәуiрiнен кейiнгi орын алған елеулi түрдегi өзгерiстiң



Pdf көрінісі
бет31/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Абайтану саласында М.Әуезов дәуiрiнен кейiнгi орын алған елеулi түрдегi өзгерiстiң  
Абай мұрасының шығысқа қатысын зерттеу саласында болғандығы анықталып отыр. 
Абай мұрасының шығысқа қатысының зерттелу жолына назар аударсақ, о баста тәп тәуiр 
басталған бастама пiкiрлердiң болғандығына қарамай, бұл саланың жербауырлап қалуының екi 
түрлi себебi болғандығын аңғарамыз. Бiрiншiден, бұл саланың абайтануда алар орны, мән 
мағынасы айтарлықтай болса да, өз деңгейiнде дами алмауындағы себебi бұл кезеңде шығыс 
тiлдерiн терең меңгерген мамандардың болмауынан кешеуiлдеп қалды. Екiншiден, 20-30 
жылдардағы қоғам өмiрiнде болып өткен саяси әлеуметтiк дауылдардың яғни барлық саладағы 
күштеу саясатының салдарынан көпке дейiн ес жия алмаған қоғамдық ой санадағы дағдарыстар 
мен бiрге, әсiресе, 1949 жылғы КПСС ОК космополитизм туралы қабылданған арнаулы 
қаулысы бұл саладағы жұмыстарды бiржолата тұқыртып тоқтатып тастады. Мiне, осы 
жағдайларға байланысты ғалымдар бұл саланың қажет екендiгiн бiлсе де, тиым салынған 
тақырыпқа баруға мүмкiндiктерi болмады.


43 
КПСС ХХ сьзiнен кейiн жеке басқа табыну қатты сыналып, қоғамдық ойға қозғау түскен 
кезден кейiн ғана, Абай мұрасының шығысқа қатысы туралы мәселеге Қазақстанда ғалымдар 
артына үрке қарай отырып там тұмдап болса да пiкiр тудыра бастады. 1965 жылы ҚазПИ дiң 
ғылыми кеңесiнде «Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы» тақырыпта Абай 
мұрасының рухани нәр алған бұлағы Шығыстық арнасы жөнiндегi мәселе өткiр қойылып, қызу
пiкiр таласына ұласты. Яғни тиым салынған салаға қозғау түстi, алғаш рет ресми түрде көтерiлдi. 
1989 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Абайдың исламиятқа қатысы 
мен адамгершiлiк мұраттары жөнiнде жаңа танымдағы ой пiкiрлер ғылыми жағынан белгiлi бiр 
жүйеге түсiрiлiп, байсалды түрде баяндалды.С.Оразалиевтiң «Абай және Дауани», 
М.Әлiпхановтың «Кiсiлiк кiлтi» және С.Ғаббасов пен Ә.Көшербаеваның докторлық 
диссертациялары мен философтардың жаңа зерттеу еңбектерi бұл саладағы танымды тереңдете 
түстi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет