Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет88/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

  
Әдебиеттер тізімі:  
1. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1-2 т. Алматы. Жазушы, 1995.
335 беттік. 2. 58. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. Алматы. Санат, 
1997. 416 беттік.
3. Абай энциклопедиясы / З. Ахметов, Л.М.Әуезова, Б.Г.Ерзакович т.б. Р.Н. Нұрғалиевтің 
редакциялығымен. Алматы. Атамұра, 1995. 720 беттік.


114 
Лекция №15  
  
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ - АҚЫН ЗАМАНЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ.  
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚАУЫМЫНЫҢӘЛЕУМЕТТІК  
БЕЙНЕСІ  
1. 
Абайдың поэзиясы. Абайдың поэзиясындағы XIX ғасырдың екінші 
жартысындағы қазақ қауымының бейнесі  
2. 
«Қалың елім, қазағым...» «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», 
«Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман» атты өлеңдерінің бағдарламалық мәні.  
3. 
Абай шығармаларындағы жанрлық ерекшелігі.  
4.Абай шығармашылығындағы адамгершілік тақырыбы.  
5. Абайдың ағартушылық қызметі.  
1. Абайдың поэзиясы. Абайдың поэзиясындағы XIX ғасырдың екінші 
жартысындағы қазақ қауымының бейнесі  


115 
Абайдың әлеуметтік көзқарасын зерттеушілер ұзақ уақыттар бойы кемеңгер ақынның алуан 
салалы ойларының онтологиялық (бүтін дүниенің мәнін, материя мен сананың арақатынасын 
түсіну), гнесеологиялық (нанымның мәнін түсіну) мәселелеріне ерекше мән беріп, біреулері 
Абайды онтологиялық жағынан «идеалист», екіншілері «материалист» деп таныса, 
гнесеологиялық тұрғыдан біреулері «сенсуалист» десе, екіншілері «рационалист» деп, жартылай 
идеалист, жартылай материалист немесе жартылай сенсуалист, жартылай рационалист немесе 
дүниені, қоғамды таным теориясы тұрғысынан біреулері «метафизик», біреулері «диалектик» 
деп түсіндіріп келді. Уақыт етеді, заман өзгереді. Белгілі бір құбылысқа әр уақыттың адамы өз 
түсінігімен, өз пайымдауынша баға береді. Өйткөні, құбылысты әркім -өз кезінің түрғысынан 
бағалайды, мөлшерлейді. «Материалист болу дұрыс екен, қайтсек материалист атанамыз» 
дейтіндер «нан болса, ән өзінен-өзі айтыла береді» дейтіндердің жалған, жасанды, тұрпайы 
қағидасы мақтардың аянышты зардабын аз көрмедік. Осындай тұрпайы, дөрекі социолгиялық 
көзқарас Абай шығармаларын бағалауға да зардабын тигізді. Бұл көзқарастағылар өмірдің өзінде 
қайшылықтар қандай көп болса, Абайдың табиғат, қоғам, таным жайлы түсініктерінде сол 
қайшылықтар, қарама-қарсылықтар өте терең бейнелөнгенін ескере қоймаған. Егер ақиқатқа, 
әділетке жүгінсек, Абай жалаң философиялық категориямен, мысалы, «материя», «сана», 
«уақыт», «кеңістік», «қозғалыс», «даму», «қажеттілік пен кездейсоқтық» сияқты т. б. толып 
жатқан «таза философиямен» шұғылданбайды. Ойшыл ақынның негізгі ойы - материя мен 
сананың, кеңістік пен уақыттың арақатысы емес, «қайран елі, қазағының» келешегі, қайткен 
күнде қазақты өскен, өркендеген елдердің қатарына жеткізу. Осындай ұлы мақсат, игі ниет үшін 
ойшыл-ақын «қыранша қарап қырымға, Мұң мен зарды қолға алады». Абайдың дүниеге, 
әлеуметтік өмірге деген көзқарасының, бүкіл шығар- машылығыныңөзегі, қайнаркезі, рухани 
күші, осы екі ұғыммен тікелөй байланысты. Абайдың этикасы - гуманистік этика. Дүние мен 
Жалған, Адам мен Пенде мәселелерін қамтиды. Абай өзінің Жиырма жетінші сөзінде дін және 
дін мәселесі жөнінде пікір алысып, ой жарыстыратын моралист-философ Сократтың «Адам ең 
әуелі өзіңді-өзің таны» деген этикалық принципі Абайдың да адам, адамгершілік туралы ойлары 
адам тарихындағы ұлы ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады. Абайдың арманы да 
«адамды (пендені) адамға айналдыру», адамды кісі ету, азамат ету.
Абайдың этикалық түсінігінде «дуние» және «жалған», «адам» және «пенде» деген 
бірбіріне қарама-қарсы ұғымдар бар. Дуние мәңгі құбылыс, жалған - өткінші құбылыс, Адам 
дуниенің, мәңгіліктің туындысы, пенде - жалғанның, кунделікті тіршіліктің туындысы. Адамның 
өмірі ақиқат, адалдық, әділеттілік, әдемілік деген ұғымдармен ұштасып жатса, пенденің өмірі 
кунделікті тұрмыстың, тек тіршіліктің, кункөрістің қамымен байланысып жатады. Пенденің бір 
белгісі ол өзінің қиялында да кішкентай, өз қиялында да шарықтай алмайды, тауық сияқты 
қораның шарбағынан жоғары ұша алмайды. қыранның қиялы биік шыңда болса, қораздың қиялы 
қи тубінде. Пенде әрқашанда бағынғыш, құптағыш, күндегіш,затшыл, өзімшіл келеді, 
мырзаларының алдында құрдай жорғалайды. Адам, оның керісінше, өзін - өзі, айналасын 
сыйлайды, өзінің азаматтығын,адамгершілігін бағалай біледі, затқа бағынбайды,заттарды өзіне 
бағындырады. Пенделер заттың «құлы болса - Адам заттарды өзіне ҚҰЛ етеді, осы тұрғыдан 
келіп, Абай адам деген ұғымды үлкен даналық санайды («Адам деген даңқым бар» ). Тұрған 
мекеніне келгенде - адамның журген жері гулстан да, пенденің журген жері - мыстан болып 
келеді. Абайдың арман ететіні - ақылды, жігерлі,білімді, адал, әділ адам. Ондай адам ханның 


116 
тағына да, байдың бағынада қызықпайды, ойы сергек, өз қамымен халық қамын ұштастыра, 
жалғастыра білетін мейірімді жан.
Абайдың өзіне тікелей сөз берсек - пенде өз басында еркі жоқ, айналасына тәуелді - 
«байғұс». «Ақылыбар, ықтиярлы, Пенде теппесөз жарын. Ерік неде, пенде зарлы, Не білер не 
боларын?» немесе «Зар қылып тілеймін Рахметін алланың. Елжіреп жылаймын, Көңілін аш 
пенденің». Тіршілікте жан сақтау да, ар сақтау да бар. Абай ар сақтауды жан сақтаудан жоғары 
қояды. Абайша айтқанда, пенде жан сақтаудың қамы үшін өмір суреді, оның арманы мөн қиялы, 
тамақ пен киімі - мансап пен атақ. Пенде: «Шіркін, ананың киген киімі - ай, мынаның ішкен асы 
- ай, көршінің мінген аты - ай, тұрған уйі - ай»т. б. деп, өзгенің тіршілігіне тамсанумен өтеді. 
Пенде жеке басының қамы ушін, жан сақтау ушін арын құрбан ете береді. Осындай 
пендешіліктен арыла алмаған «қуыс кеуделерге» налыған Абай: «Құдай тағаланың кешпес 
кунәсы жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жузі құрысын,» - дейді ..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет