113
Қу нәпсіден не пайда,-
Дегенді өз жанынан қосады. Сондай-ақ «Шегіртке мен құмырсқа» атты өлеңдегі:
Мен өзіңдей шаруашыл
Жұмсақ илеу үйлі ме? - деген сөздер,
шегірткенің құмырсқаға
барған қалпын:
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра,- деген суреттеме орысша нұсқада жоқ. Абай құмырсқаның еңбекқорлығын,
шегірткенің қамсыздығын көзге айқын елестетерліктей белгілермен үстемелей түскен. Осы
өлеңдегі құмырсқаның атынан айтылатын:
Қайтсін,қолы тимепті,
Өлеңші,әнші есіл ер!- дегенді Абайдың өзі қосарлап келтірген сөздері де нағыз қазақша
сөйлеу қалпындағы әдемі кескіннің үлгісі деп санауға лайық.
Әдейі аяныш сезімін, жаны
ашығанды білдіргендей етіп, керісінше айтылған нағыз ирония, келемеждеудің келісті өткір түрі.
Абай мысалдары оның ақындық шеберлігін танып-білу жағынан бағалы екенін атап айтуымыз
керек. Көп ретте ақынның шеберлігін, өнерпаздық өнегесін сөз еткенде аударма деп саналған
өлеңдер есепке алынбайды, оларға пәлендей мән берілмейді. Ал шынына келгенде ақынның өнер
жарысына түсетін, сыналатын бір тұсы-осы басқа ақындардың шығармасына үңіліп соны өзінше
қалай айтып жеткізетіні десек, артық емес.
Дәл аударма болсын, тек жалпы сарынын сақтай
отырып еркін тәржімаланған шығарма болсын, түпнұсқасымен салыстыра тексерілсе, ақынның
көркемдік талғамы, тақырып
таңдауы өзінше айта білетін, тапқырлығы,
шеберлігі жайында
нақтылы ой түйіндер жасауға мүмкіндік береді.
Түгелдей алғанда Абай аудармалары қазақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға
жетпес зор табысы болды. Олардың өткен ғасырда қазақ сөз өнеріне мол жаңалық әкелген тарихи
мәнін
былай қойғанда, қайталанбас көркемдік сипаты да ешқашан кемімейтін айрықша
құндылығын таныта алады.
Достарыңызбен бөлісу: