Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Абайдың ақындық өмірінде әлеуметтік мәселелерге арнап көбірек өлең-жыр жазған



Pdf көрінісі
бет95/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Абайдың ақындық өмірінде әлеуметтік мәселелерге арнап көбірек өлең-жыр жазған 
кездері: 1885 – 1890 жылдар арасы, оның ішінде, әсіресе 1886, 1889 жылдары ол аса күрделі 
еңбек жасады. Осы екі жыл ішінде жазған 40 шақты өлең-жырларының бірен-сараны болмаса, 
басым көпшілігі жұртшылық жайынан, әлеуметтік саяси хал-жағдайлар жайларынан жазылған.
Ақынның қоғам туралы ой-пікірі білім-ғылыммен ұштасып жатады. Білімге арнаған 
өлеңдерімен қатар 32-ші қарасөзінде білім-ғылымның талаппен табылатынын, ал талаптың 6 
шарты бар екенін айтады.
1. 
Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді
2. 
Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйрену
3. 
Ақиқатқа көзің жетсе, өлсе айырылмау
4. 
Білім, ғылымды көбейту үшін мұлахаза (ойлау, пікірлесу)


129 
5. 
Салғырттық құдайдың, халықтың, дәулеттің, ғибраттың, ақыл, ардың 
дұшпаны
6. 
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауат бар. Сол мінездің 
бұзылмауын айтады.
Ақын өз кезеңіндегі әлеуметтік қайшылықтар, теңсіздіктерді көре білді. Сонымен қатар, өмірдегі 
барлық өзгерістер адам өміріне тығыз байланысты екенін айтады әрі адам мен қоғам іштей 
сабақтастықта болып, бірінсіз-бірі күн көре алмайтынын дәлелдейді.
Ақынның өз заманымен, қоғам өмірімен қатынас-байланысы, жалпы дүние-болмыстан 
алатын әсерлері сан алуан, оны бірнеше нақтылы жай-жағдайлармен шектеуге, бір жақты тар 
көлемде түсінуге болмайды. Басты мәселе Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін 
қаншалықты терең ұғынып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен 
айтып жеткізе алатын алғандығында. Ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып
жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, 
ізденіс - міне осылардың түйісіп келуі шарт.
Бүгін біз Абайдың қазақ болмысын терең бойлай түсінуіне жол ашқан осы ел басқару 
ісіндегі болыстық және билік қызметі болғандығы жөнінде сенімді айта аламыз. Абай отаршыл 
билік жүйесі мен халықтың ара қатынасын сырттай бақылау арқылы емес, басқарушы билікке 
тікелей араласа жүріп көзімен көрді, сыншыл ой елегінен өткізіп таныды. Сондықтан да Абай 
сияқты ұлы талант иесінің мемлекеттік басқару ісіне араласуы ұлттық қоғамдық ойдың жаңа 
сапаға көтерілуіне негіз болғандығын мойындауымыз қажет.
Абай сол тарихи мезгілдегі патшалық сайлау жүйесінің қазақ қоғамы үшін аса зиянды 
індетке айналғандығын, қазақ халқын «бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара 
жатқанын» көріп, одан құтылмай ел ісінің оңбайтындығын терең ұғынды. Басқаша айтқанда 
Абай отаршыл биліктің бұрыннан келе жатқан ұлттық мінез, болмыстағы кемшіліктерді 
тереңдетіп жібергенін көзімен көріп, бұл процесті жанымен сезінген ойлы тұлға. Ақынның қара 
сөздерінде бұл дағдарыстық құбылыстың нақты көрінісі берілген.
Ұлы ақын оны жеке тұлғаға, әлеуметтік топтарға байланысты
береді.
Он төртінші сөзінде ол: «тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі 
дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, 
мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі 
еді демек, бұлар жүрек ісі … Жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт 
деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - бәлеге, жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі 
бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі ?» -деген негізді тұжырымға келеді.
Абай талдауынан өтпеген, Абай сынына ілінбеген, қазақ қоғамында әлеуметтік топ жоқ 
десе де болады. Жиырма екінші сөзінде ол: «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, 
кімді қадірлейді деп ойладым. Байды қадірлейін десең бай жоқ. Бай болса да, өз басының, өз 
малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ… Мырзаларды 
қадірлейді десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреуі бір пайдама 
келтірем деп мырза болып жүр. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен 
билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті 
жоқ.


130 
Қазақ қоғамының әлеуметтік дертін байқап-тануда және оларды сынға алуда 20 ғасыр 
басындағы қазақ саясаткерлері, ойшылдары мен жазушылары Абайдан үлгі алды, өздерін ұлы 
ақынның шәкірті санады.
Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздеріңді түзелер 
дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың – деген Абайдың сын мектебі Әлихан, 
Ахмет, Міржақыптарға қазақ қоғамын терең түсіну үшін ғана емес, ең алдымен оны түбегейлі 
өзгерту үшін керек болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет