Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


«Қалың елім, қазағым...» «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек»



Pdf көрінісі
бет89/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

2. «Қалың елім, қазағым...» «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек»,  
«Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман» атты өлеңдерінің бағдарламалық мәні.  
Ел, Отан, Халық, ұлт деген ұғымдар пендеге жат сөздер. қарнын ойлаған пенде - халқын 
қайтсін! Абайдың даналық тусінігінде Адамның адамдығы, ең игі қасиеті жан сақтау емес - арын 
сақтау. Абай этикасында Ар, Намыс, Үят - ең негізгі ұғымдар. Бұл ұғымдардың мәні, мазмұны, 
ішкі сыры тек адамның өзімен - өзі кеңескенде, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана 
мағынасы ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Осындай мәнді моральдық, адамгершіліктің 
категорияларын - өз шығармашылығының езегі, түйіні, тамыры етеді.
«Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! Ұятың мен арыңды 
малға сатып, Ұятсызда иманжоқ, түпке жетер» деп, ар мен ұятты негіз етіп, өмірдің түбін ойлауға 
шақырады. Адамгершіліктің мәні жөнінде терең толғанған ақын өз ойын әлем кеңістігіне 
жүгіртіп, Ар, Үят, Намыс деген ұғымдар адам өзінің ары алдында жүгінген кезде түйсігімен 
түсінетін киелі ұғымдар екенін, әр адам өзінене-өзі жауапты екенін аңғарта айқыңдай, түсіндіре 
келіп: «Абай - қазақтың тарихына ой жүгірте отырып: «Аты аталып, аруақ шақырылған жерде 
ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен .. «өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады», - деп түйеді. 
Абай түсінігінде әр адамның еңүлкенкүнәсі, міні, өзінің өз ары алдында жасаған рухани кылмысы 
- арын сату, арсыздыққа салыну, ұяттан безу. Мұндайларға Абай төмендегідей теріс бата береді: 
«Ант ішіп күнде берген жаны құрсын, Арын сатып тіленген малы құрсын, қысқа күнде қырық 
жерге қойма қойып, Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын» .
Адам болудың бір шарты - Үят деген ұғымды бойға сіңдіру. Үят дегеніміз - адам бойындағы 
адамгершілікке жат, жаман қылықты, істі өз мойнына алып, өзіңді-өзің сөгу, өзіңеөзің ұрсу, 
өзіңді-өзің дұрыс, әділ, адал жолға салу «Жалығу бар, шалқу бар, іш пісу бар. Жаңа сүйгіш 
адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тәнін асырап, Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар» Абай 
ұяттыларға мейірленсе, үятсыздардан жиіркенеді де: «қайнайды қаның, Ашиды жаның, 
Мінездерін көргенде», «Жігерлен сілкін, қайраттан, беркін!»деп насихат бергенде; «Ұятсыз, 
арсыз салтынан қалғып кетер артынан» деп, үятсыздарды сөгіп, «осы күнде менің көрген 
кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да, «ол істен», «мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?», 
- дейді. Я болмаса, «жә, жә, оған менақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің?» -дейді. Ар, 
Ұятпен қатар саналы қазақтың табиғатына сіңген бір ұғым - Намыс. Ақын бұл ұғымға да ерекше 
мән береді. «Бұрынғы алған бабаларымыздың бұл замандағыларымыз данартық екі мінезі бар: 


117 
соның екіншісі - намысқор келеді екен. Ар, ұяттан айырылған, намыс дегенді білмейтін, білгісі 
де келмейтін болыстарды Абай мысқылдай кекетіп, өткір сатиралық тілімен түйреп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет