Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Аударма өнеріндегі мысалдарды аударуы. Абайдың жаңалығы



Pdf көрінісі
бет87/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

3. Аударма өнеріндегі мысалдарды аударуы. Абайдың жаңалығы.  
Крылов мысал өлеңдерді орыс поэзиясында дербес әдеби жанр ретінде қалыптастырып, 
жаңа дәуірдің тілек-талаптарымен ұштастыра, биік белестерге көтере алады. Ол мысал өлеңдерді 
орыс өмірінің шындығымен тығыз байланыстырып, оларға шынайы халықтық ұлттық сипат 
дарытты. Сондықтан да оның мысалдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне 
аударылып кеңінен тарады. Мысал өлеңдерінде Крылов қоғамдық өмір қайшылықтарын, әртүрлі 
топтардың мінез-құлқын ашып көрсетіп күнделікті тұрмысқа қатысты сан түрлі жайттарды, 
орынды қозғап, баяндап бере алған. Бір алуан мысалдардан үстем тап өкілдері мен қарапайым 
халық өкілдері арасындағы қайшылықты, еңбекқор қарапайым шаруа адамының жағымды 
қасиеттерін көреміз, ол «Қасқыр мен қоян», «Жапырақтар мен тамырлар», «Шегіртке мен 
құмырсқа» сияқты тағы басқа аударма мысал-өлеңдерінде кездеседі. Орыс халқының сол 
дәуірдегі өмірін асқан шыншылдықпен суреттеуінен, әртүрлі таптар мен топтардың өкілдерінің 
мінезін, іс-әрекетін дәл көрсете білуінен, бейнелілік нақышын шебер пайдалана білуінен осының 
бәрінен Крыловтың үздік көркемдік шеберлігі толық танылады. Мысалдардан еңбекқор 
қарапайым шаруа адамының жағымды қасиеттерін «Жапырақтар мен тамырлар», «Шегіртке мен 
құмырсқа» көреміз.
Абайдың мысал өлеңдері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы 
өлеңдерді талдап, бағалағанда бір жайды толық ескеру қажет. Олар толық мағынасында аударма 
емес, көбінесе белгілі бір сюжетті алғанымен қазақ қоғамы, қазақ тіршілік-өмірінде кездесетін 
түйткілді мәселелер еркін баяндалады.
Абайдың мысал өлеңдерінің ішінде кейбір аудармаларға жатқызуға болатын да кездессе, дені 
еркін тәржімелегендіктен белгілі сюжеттің сарыны мен жазылған деуге лайық болып келеді. 
Айталық, «Жарлы бай» атты мысал өлеңінде Абай оқиға желісін еркін баяндап, соңында:
Алтын қайда, сөз қайда?


113 
Қу нәпсіден не пайда,-
Дегенді өз жанынан қосады. Сондай-ақ «Шегіртке мен құмырсқа» атты өлеңдегі:
Мен өзіңдей шаруашыл
Жұмсақ илеу үйлі ме? - деген сөздер, шегірткенің құмырсқаға 
барған қалпын:
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра,- деген суреттеме орысша нұсқада жоқ. Абай құмырсқаның еңбекқорлығын, 
шегірткенің қамсыздығын көзге айқын елестетерліктей белгілермен үстемелей түскен. Осы 
өлеңдегі құмырсқаның атынан айтылатын:
Қайтсін,қолы тимепті,
Өлеңші,әнші есіл ер!- дегенді Абайдың өзі қосарлап келтірген сөздері де нағыз қазақша 
сөйлеу қалпындағы әдемі кескіннің үлгісі деп санауға лайық. Әдейі аяныш сезімін, жаны 
ашығанды білдіргендей етіп, керісінше айтылған нағыз ирония, келемеждеудің келісті өткір түрі.
Абай мысалдары оның ақындық шеберлігін танып-білу жағынан бағалы екенін атап айтуымыз 
керек. Көп ретте ақынның шеберлігін, өнерпаздық өнегесін сөз еткенде аударма деп саналған 
өлеңдер есепке алынбайды, оларға пәлендей мән берілмейді. Ал шынына келгенде ақынның өнер 
жарысына түсетін, сыналатын бір тұсы-осы басқа ақындардың шығармасына үңіліп соны өзінше 
қалай айтып жеткізетіні десек, артық емес. Дәл аударма болсын, тек жалпы сарынын сақтай 
отырып еркін тәржімаланған шығарма болсын, түпнұсқасымен салыстыра тексерілсе, ақынның 
көркемдік талғамы, тақырып таңдауы өзінше айта білетін, тапқырлығы, шеберлігі жайында 
нақтылы ой түйіндер жасауға мүмкіндік береді.
Түгелдей алғанда Абай аудармалары қазақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға 
жетпес зор табысы болды. Олардың өткен ғасырда қазақ сөз өнеріне мол жаңалық әкелген тарихи 
мәнін былай қойғанда, қайталанбас көркемдік сипаты да ешқашан кемімейтін айрықша 
құндылығын таныта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет