Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Абай шығармашылығындағы адамгершілік тақырыбы



Pdf көрінісі
бет91/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

4. Абай шығармашылығындағы адамгершілік тақырыбы  
Ұрпағыңа үлгі боларлықтай іс істе, «адам бол», деген түйіндерді ұлы Абайдың еңбектерінен 
көптеп байқаймыз. Адам мінезін түзеуге және жастарды ізгілікке, имандылыққа, адал еңбекке 
тәрбиелейтін шығармалар жазып, тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлген ұлы Абай: «Ақыл, 
қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» десе 45-қара сөзінде, «Адам 
баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват» деп, заман мен 
адамның арасындағы байланысты ашып көрсетеді[1,192].
«Мен егер закон қуаты, қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің 
тілін кесер едім» деп тәрбиенің қоғамдық ортамен тығыз байланыстылығына ерекше мән береді. 
Адамның жақсы я жаман болуы оның айналасындағы жора-жолдастарына, замандастарына 
байланысты дегенді айтады. «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі - 
жұмысының жоқтығы. Егер зейін салса, я саудаға салынса, бұл ауылға біреуден бір жылқының 
майын сұрап мініп, тамақ аңдып, қулық, сұмдықпен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың 
кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал 
еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме?»,-деп Абай жаман әдетке, 
жалқаулыққа, өсекшілдікке үйір болудың, әдеттенудің бір ұшығы жұмыссыздық, пайдасыз 
қаңғып жүрушілік екенін сынай отырып, адал еңбекке үйренген адамның ондай жат қылыққа 
бармайтындығын дәлелдейді [1,221].
Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін және адам бойындағы жаман әдеттердің 
бірі-еріншектік, жалқаулық, салғырттық екендігін өзінің отыз үшінші қара сөзінде айта отырып, 
жастарды сондай әдеттерден бойын аулақ ұстауға үгіттейді. «Егерде мал керек болса, көп өнер 
үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнері - 
қазақтың әулиесі сол»-деп, адал еңбекпен өмір сүрген адамды әулиеге теңеп, өнердің ешқашан 
жұтамайтынын ұрпағына уағыз етеді. «Екінші, ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, 
малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектікке, жалқаулыққа, 
салғырттыққа, кербездікке салынады. Үшінші - «дархансыз ғой, өнерлісің ғой шырағым», немесе 
«яғни, нең кетеді, осыны ғана істеп берші», дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен 


121 
екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға түсіп, қу тілге алданып өзінің уақытын өткізеді»,- 
деп ұлы ойшыл қазақи психологияға сай қарапайым өмір күйбеңінен пайда болатын адам 
бойындағы кісімсу, көлгірсу, мақтану сияқты келеңсіз іс-әрекетті мінеп, аз ғана қолы жеткен 
табысқа тоқмейілсіп жалқаулық пен еріншектікке салынғандарды сынайды [1,187].
Абайдың адами жетілуі, толық адам туралы тағлымы Сократтан бастау алған. Платондағы 
сүюді сүйеніш, тірек еткен адам қытайлардың «дао» іліміндегі әбден жетілген адам (современно 
мудрый человек), шығыс ойшылдары мен суфизимдегі камили Инсани мен пенделіктің 
кәмәлаттығына ұмтылған адам жуанмәрттілікпен сабақтасып, туыстасып жатыр. Абайдың 
адамгершілікті жырлаудағы ең басты жаңалығы мен жетістігі де осы. Олардағы халықтық 
педагогика мен психология мәселесі құбылыс ретінде әбден жетілген толық адам арқылы көрініп, 
ең түпкі мәні махаббат пен әділет, ізгілікке дейін дамып ұштала түседі. Әбден жетілген, толық 
адам мен оның негізі - сүю, әділет, ізгілік аралығында адамгершілік асыл қасиеттің қыр-сыры 
жан-жақты ашыла береді. Ұлы Абайдың «Адам» ұғымына байланысты айтылған бұл пікірлерінің 
негізі адамгершілі мол, сүйе білетін және сүйікті бола алатын, толық адамның яғни, бізше 
тұлғаның бойындағы әділеттілік, ізгілік, адамгершілік қасиеттері қазіргі заман талабына 
лайықты. Ұлы Абай бұл игі қасиеттерді одан әрі жалғастырып, адам мен қоғам арасындағы 
байланысты еңбекпен, біліммен, ақыл-ой санамен байланыстырады. Ол халық болмысын 
адамның кісілігімен, қабілет-қасиетімен түсінуге әрекет жасайды. Абай адам табиғатын этикалық 
тұрғыда қарай отырып, оны тұтас алғанда кісілік қалпын, ұжданын «Сегіз қырлы, бір сырлы» 
сырбаз адамның яғни кемеліне жеткен толық адамның кейпін алға тартады. «Адам деген атым 
бар, қайтіп надан болайын»,-дейді Абай. Сол арқылы неден қашық болуды, неге жақын болуды, 
жақсылық пен жамандықты ажырата отырып, бойында имансыздық пен надандық қасиеттері бар 
адамдарды сынайды. Ол: «Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр 
демей, пәленшенікін әпер демек құдайға айтарлық сөз бе? Құдайдың біреу үшін біреуге жәбір 
қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не ғылымы жоқ бола тұра, 
өзімдікін жөн қыламын деп, құр өй, тәңірі-ай, деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам? 
Оларды «мұсылман» деп, қалайша иманы бар ғой дейміз. Надандарға бой берме, Шын сөзбенен 
өлсеңіз!»-деп, адами қасиеттерді талдап көрсетеді.
Ұлы Абай: Әділет пен ақылға, Сынатып көрген білгенін, -деп, дүниеде «ақымақ көп, 
ақылды аз», өмірдің тірегі ақылда, ғылымда, ақылдыларда, «ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез 
келсеңіз», деп шындық үшін, ақиқат үшін қажымай-талмай соқпақ іздеудің қажеттілігін айқын 
аңғартады. Сонымен қатар қазақ қоғамының сол кездегі болмысына қатты күйзеледі, өмір 
тіршілігінің мүшкіл жайларын аяусыз сынайды. Абайдың күйігі - қайғының, үмітсіздіктің күйігі 
емес, халқын, елін сүюдің, оның келешегіне жол іздестірудің күйігі. Алайда Абайдың күйігі 
өмірден түңілген пессимистік түңілу емес. «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек 
қайратсыздық... қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, ағы мол, жадыраған жаз келмеуші 
ме еді?»,-деп Абай жақсылықтың болатынына кәміл сенеді [2, 41].
Ұлы Абай шындықты ту ететін, ақылын өміріне серік қылатын, жамандықты көре білетін, 
халқының ертеңін ойлайтын, елін сүйетін азаматын бағалайды. Қандай «қары қалың қатты қыс 
болса да, ертең оны ерітетін көгі мол көктемнің келетініне», сенімі мол болған. «Қары қалың 
қатты қыс» деп, Абай, жүрегі суық, пейілі тар, пиғылы жаман, ақылсыз, адам баласына зиянды 
топ өкілін айтып отырса, «көгі мол көктем» деп, шуақты күндей жайдары, еліміздің ертеңін 


122 
ойлайтын, жаны жайсаң, өсіп келе жатқан жас ұрпағын айтады. Мұндай тұлғасының бойында 
ақылы мен адамгершілік қасиетінің және білімінің сабақтасып жатуын қалайды, ұрпағын сол игі 
қасиеттерге уғыздайды.
Ақыл-ойдың даму дәрежесі талаппен байланысты болады. Алайда, кейбіреулер белгілі бір 
талап кімде болса, сол ғана ақыл таба алады, ал кімде талап аз болса, сол ақыл таба алмайды 
дейді. Бұл бекер деп үйретеді Абай. Өйткені талап әр балада да бар, бірақ ондағы «жан» қуаты 
басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, тек ескерсе ғана, күтіп аяласа ғана 
зораяды дегенді айтады қырық үшінші қара сөзінде.
«Адам баласының ең жаманы - талапсыздық». Ақылды адамда айрықша үш түрлі сапа болу 
керек: Оның біріншісі, «орысша подвижной элемент» деп аталады. Ол - не көрдің, не естіп білдің, 
оны тездікпен ұғынып, онымен ғана шектелмей, «арты қайдан шығады, алды қайда барады» - 
соған байланыстырылып отыратындығы... Енді екіншісі – орысша «сила притягательная 
однородного» деп аталады. Барлық естігендерің мен көргендерің яғни барлық қабылдағандарың 
соған ұқсас басқа заттармен, құбылыстармен салыстырылып, олардың ұқсастық жақтары 
айқындалып отырылуы керектігін айтады. Абай жаңа қабылдаулардың ұқсастық жақтарын ғана 
қосып қоймайды, оған ақыл-ойдың, қоршаған дүниенің үздіксіз тануға бағытталғандығын, 
білмекке құмарлығы мен құштарлығын да қосады.
Үшінші сапа деп, Абай жүрек сезімін көрсетеді. Абайдың айтуы бойынша, жүрегіңді 
мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілтектік, салғырттық сияқты төрт түрлі пайдасыз 
нәрселермен кірлетпей сақтасаң, онда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына 
анық болып түседі. Осы төрт нәрсемен жүректі кірлетіп алсаң, онда жүректің айнасы 
бұзылатындығын, ия қисық, ия күңгірт көрсететіндігін де нақтылап көрсетеді.
«Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік осыған ұқсаған әрбір 
күңгірттік маскүнемдікке тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетін нәрселер осы 
екуінен болады»-дейді [2,146].
Абай атамыз әр-бір істелінген істің дұрыс немесе бұрыстығын анықтап, істеген ісіңе жауап 
бере алатын бол; істелінген істің жақсы немесе жаман екендігін әр уақытта салыстырып, терең 
зерттеп оның адамға пайда келтіретін жағын анықта; мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік 
пен салғырттықтан бойыңды аулақ ұста, сонда ғана адамдық, адалдық қасиетті бойыңа 
дарытасың, деген пікірлерін ұрпағына өсиет етеді. Ұрпағының жаман әдеттерден аулақ болуы, 
жаманшылықтардан арылу үшін ақылды және қайратты болуы керектігін баса көрсетеді. 
Сонымен қатар адам үнемі әрекетте болуы керек, білімін, кәсібін үнемі дамытып отырған 
жағдайда ғана өмір талабына, уақыт сұранысына ілесе аласың, деп жастарды еңбек сүйгіштікке, 
адалдыққа, болашақты болжай білуге тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет