Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Абайдың ағартушылық қызметі



Pdf көрінісі
бет92/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

5. Абайдың ағартушылық қызметі.  
Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, 
олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастарды 
өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа табандылық көрсетуі, міне, 
осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл өмірінің идеялық желісіне айналады. 
Абайдың ойшылдыққа, даналыққа жетелейтін принципі, этикалық ұстанымы «Адам бол» деген 
ұғымды білдіреді. Ұлы Абайдың қай шығармасын алсақ та адамға, оның өмірінің дұрыс 


123 
қалыптасуына, еңбекті сүюіне, кісі ақысын жемей адал болуына арналған. Абай 
шығармаларының негізінде жас ұрпақтың бойына ұлтымыздың ұлттық қасиетін сіңіріп 
тәрбиелеу, жауапкершілік қасиеті мол іс демекпіз.
Адамның тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән 
бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеп отыру керектігіне айрықша 
көңіл бөледі. Өзінің «он бесінші қара сөзінде» ол: «Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, 
күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір рет өзіңнен өзің есеп ал. Сол алдыңғы есеп алғаннан 
бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңде өзің 
өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей 
қалыппысың?»-дейді [3,39].
Ұлы Абай мұнда: «Өз өміріңе өзің сын көзбен қарай біл, қажетсіз іс-әрекеттен тыйылып, 
пайдалы іс істеуге дағдылан, сонда ғана «есті адам» бола аласың»,- деп адам өміріне үлкен мән 
береді. Күнделікті күйбең тіршілікте көзді ашып-жұмғанша өтіп жатқан «уақыт» атты алыптың 
шырмауында қалмай қажетті тұрмыс-тіршілігімен айналысып, бос уақытыңды дұрыс мөлшерлей 
біл, білім алуды бойыңа қалыптастыр дегенді айтады. Абай мұрасын жүйелей келіп, адамның 
жетілу жолын үш сатыға бөлуге болады. Оның жетілмеген төменгісін ол «жарым адам» деп атаса, 
материалдық жетілуді «адам» деп, ал ең жоғарғы, рухани жетілуді «толық адам» деп атайды [4,8].
Егер ақыл болмаса, адамның хайуаннан өзгешелігі болмас еді, дейді ұлы Абай. Адамның 
ақылы оның барлық әрекетін, соның ішінде оның еркін де басқарып билеп отыруы тиіс. Егер 
адамның еркі жоқ болса, онда ақылдың өзі де мақсатсыз өзімен-өзі болып кетер еді. Жүректе 
ақыл болмаса
Ұйықтаған ойды кім түртпек. Ақылға 
сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.
Аспаса ақыл қайраттан,
Тереңге бармас үстірттер,-деп Абай сана арқылы ғана (Абай сананы көп ретте оймен және 
ақылмен бір деп қарайды) адам обьективтік шындықты таниды, ғылымды меңгереді, қас пен 
досты, ізгілік пен залымдықты ажыратады, санасыз немесе ақылсыз ешнәрсе танылмайды
білінбейді. Ақыл бұл дүниенің де, ол дүниенің де мәнін ашып береді,-дегенді айтады [4,143].
Адам бойындағы бірінші жерде ақылдылық пен саналылық қасиетін ұлы Абай жоғарыдағы 
берілген өлең жолдарымен ашып көрсетіп отыр. Ақылы мен санасы арқылы өмірдегі шындықты 
таниды, жаны тереңге бойлайды, бұл дүниенің жақсылығын танып біледі тіпті ол дүниені де 
шарлайды. Ол өзінің «отыз тоғызыншы қара сөзінде» былай дейді: «Рас, бұрынғы біздің ата-
бабаларымыздың бұл замандағылардан» білімі, күтімі, сыпайы тілі, тазалығы төмен болған. Бірақ 
бұл замандағылардан артық екі мінезі бар еді. Сол екі ғана тәуір мінездерін жоғалтпай тұрсақ, біз 
де ел қатарына кірер едік. Енді сол екі мінез жоқ болған соң, әлігі үйренген өнеріміздің бәрі де, 
адамшылыққа ұқсамайды, сайтандыққа тартып барады; жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың 
бір себебі сол. Ол екі мінез қайсы десек: Әуелі сол заманда ел бастайтын, топ бастайтын кісілер 
болды... «Қой асығын қолыңа ал, қолыңа жақса саққа ғой»- «Бас-басыңа би болсаң, Манар тауға 
симассың. Бас алқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің», деп тілеу қылып, екі тізгін бір 
шылбырды соған бердік. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң, жақсылары да көп озбайды 


124 
екен... Бәрі өз бауыры, өз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, олардың қамын 
жемей қайтеді?»,-дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет