Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама
жиынтығы.
Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі дамытудың көрсеткіштері мен белгілері:
Мамандық құралдары арқылы өзін-өзі дамытуды көздейтін дербестік: тұлғаның өз
біліктілік деңгейін, кәсіби білімділік дәрежесін, кәсіби ынтасы мен өз іс-әрекетіне
қанағаттанушылық деңгейін бағалай алу қабілеті; өз жұмысын орынды жоспарлау мен
ұйымдастыру, өзін-өзі реттеп отыру қабілеті, ұжымда жұмыс істеудегі ұйымдастырушылық
және коммуникативтік қабілеттері; өз бетімен мамандығына сәйкес білім, білік және
дағдыларды меңгеру, кәсіби маңызды сапалар мен қабілеттерді тереңдету және кеңейту,
кәсіби жаңаруға деген тұрақты дайындық.
Кәсіби бағдарланған ойлау, нақты білім беру саласындағы мәселелерді шешуде
қабылданған тәсілдерді қолдана білу, кәсіби әрекет стратегиялары мен әдістерін өңдеу:
орынды-қисынды ойлау (кәсіби іс-әрекет ережелері мен заңдылықтарын айқындау қабілеті,
жалпы және кәсіби мәдениет аясында өзіндік дамуды жүйелі талдау мен болжау, тұтас
көзқарас); кәсіби-жады (қисынды және пайымдық байланыстарды орнату, белсенді ойша
өңдеу қызметімен қатар, маңызды ақпарат сақтау қызметін атқаратын есте сақтау
қабілеттерін дамыту); ауызекі қабілеттер (кәсіби таңбалық түсіну, эрудиция, кәсіби сөздік
қоры, тілдесу қабілеті). Кәсіби педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық қарым-қатынас,
еңбектегі инновациялық қабілет, жеке шығармашылық еңбек есебінен тәжірибені байыту:
шығармашылық пайымдау; үлгілік кәсіби жады; актерлік өнер (тілдік импровизация, бойлау
өнері, тұлғаралық тілдесудегі сөздік қоры). Олай болса, педагогикалық іс-әрекет – аға
ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған,
олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлдерді
орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі, ал кәсіби іс- әрекет-кәсіптік
мақсатқа бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің бір түрі. Педагогтың негізгі әрекеті - кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеті болып табылады. Педагог қызметі: ұйымдастырушылық,
коммуникативтілік, креативтілік, диагностикалық, болжау, зерттеу, шығармашылық,
инновациялық. Осы мұғалімнің қызметтері кәсіби-педагогикалық іс-әрекет болып
табылады. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетте педагогикалық қарым- қатынас жүзеге асады.
И.Ф.Харламов педагогтың жұмысында бір-бірімен тығыз байланысқан іс-әрекеттің
мынадай түрлерін көрсеткен:
А) Диагностикалық іс-әрекет – білім алушыларды зерттеумен және олардың даму
мен тәрбиелік деңгейлерін белгілеумен байланысты. Ол үшін оқытушы бақылай алуы және
диагностикалық әдістерді меңгеруі тиіс.
Б) Бағдарлық-болжамдық іс-әрекет нақты мүмкіндіктерді ескере отырып
педагогикалық процестің мақсат, міндеттерін қою, соңғы нәтижені болжау.
В) Конструктивті-жобалық іс-әрекет оқу-тәрбие жұмысын жобалау, білім
алушылардың танымдық қабілетіне сәйкес мазмұнды таңдау, оны түсінікті әрі қызықты
түрде жеткізе білу іскерлігінен тұрады. Бұл іс-әрекет түрі оқытушының шығармашылық
қиялымен байланысты.
Г) Ұйымдастырушылық іс-әрекет оқытушының білім алушыларға әсер ету, соңына
ерте білу, белгілі іс-әрекет түріне жұмылдыру іскерлігінен тұрады.
Д) Ақпараттық іс-әрекет көбінекей оқытушының әлеуметтік қызметі іске
асырылады: бізге дейінгі ұрпақтар жинақтаған тәжірибелерді өскелең ұрпаққа тасымалдау.
Осы іс-әрекет барысында білім алушылардың бойында білім, дүниеге көзқарас және
адамгершілік-эстетикалық идеялар қалыптасады. Бұл жағдайда оқытушы мәліметті
тасымалдаушы ғана емес, білім алушылардың сенімін қалыптастырушы да.
Е) Коммуникативтік-ынталандырушылық іс-әрекет мазмұны оқытушының білім
алушылармен қарым-қатынас орната алуында, олармен түсінісе білуінде.
|