Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет39/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
ғылыми проблемалармен, педагогикалық жоғары оқу орындары және мектептерге арналған 
оқулықтар, оқу құралдарын дайындаумен жемісті түрде айналысатын үлкен ғылыми күш 
шоғырланған. Тек ғылым, өндіріс, эксперименттік білім беру салалары арасында тығыз 
байланыс қана оқу процесінің және болашақ мамандардың практикалық дайындығының 
жоғары сапалылығын қамтамасыз ете алады. Сондықтан университет ұжымы оқу процесін 
академиялық ғылымның соны жетістіктеріне орайластыра құруға тырысады. 
Университеттің алдағы міндеттері отандық жоғары мектептің болымды нәтижелерін 
сақтай және көбейте отырып, білім берудің әлемдік стандарттарын біртіндеп тәжірибеге 
енгізіп, жетілдіруге саяды. 
Университеттік білім беру ұзаққа созылған кезеңінде тарихи түрде парадигмалар 
типтері өзгеріп отырды. Олардың әрқайсысы өз кезегінде универсалды білімнің 
доминантасы болып көрінді. Университеттік білімнің даму үдерісінде мәдени-құндылық 
тұғыры өткен ұрпақтың мәдениеті мен құндылықтарының әмбебап элементтерін ұлы 
ойшылдардың еңбектері арқылы жүйелі де терең меңгеруге табан тіреді (ең алдымен латын, 
кейін грек тілдерінде). Бұл әлемді жан-жақты тануға бағдарланды. Осы парадигмамен білім 
алған бітіруші жоғары білімді адам ‒ философ, діндар атанды. Әлемге танымал мәдениет пен 
ғылымды, құндылықтарды меңгеруге бағытталған білім стратегиясы біздің кезеңімізге 
дейінгі уақытта классикалық білім феномені болып саналады. «Академиялық тұғыр» ‒ 
университеттік білімнің теориялық білім мен фундаменталдық білімнің дамуына, түлектерді 
жаңа білімдерді іздеп, дүниені, адамның іс-әрекетін ғылыми, теориялық, ғылыми болжамдық 
тұрғыда түсінуге бағдарлау приоритетінің басымдығымен сипатталды. Бұл тұғыр 
шеңберіндегі басты құндылық табиғат пен жануарлар дүниесі, жер мен космос, адам мен 
қоғам, өмір мен өлім туралы ғымыми білім. ЖОО профессор оқытушылар құрамының іргелі 
және қолданбалы зерттеулерінің ғылыми білімдерді меңгеру типі мен зерттеу сапасының 
нәтижесі болып мынадай университеттік білім түрлері саналды: биологиялық
математикалық, филологиялық, физикалық, химиялық. Университеттің академиялық дәстүрі 
ретінде студенттердің ғылымның іргелі негіздерін жүйелі де терең меңгеруі мен ғылыми 
зерттеулерге қатысуы танылды. Кәсіптік тұғыр – университеттік білім мазмұнын байыту 
мен кеңейтуді ұстанды. Ғылым әлемді тану мен түсінудің ең тиімді тиесілі болуы 
(самоценное) тоғыстады. Ол дамуы қарқындаған техника мен өндірістің өндіргіш күштерінің 
қызметін атқарды. Нәтижесінде университет ғылыми білімдерді ғылыми білімдер спекторын 
кеңейту ғана емес, адамның әлеуметтік-мәдени, кәсіби іс-әрекетінің жоғары үлгілерін 
дайындау бағытталды. Осы уақыттан бастап университетте мемлекет пен қоғамның 
әлеуметтік тапсырысы бойынша жоғары медициналық, заңгерлік, экономистік, 
педагогикалық, инженерлік-техникалық және басқа да кәсіби білім беріле бастады. 
Университеттік білімнің технократтық тұғыры – ХІХ-ХХ ғ. ғылым мен мәдени 
құндылықтарды кейін тастап, тар прогматикалық бір бағыттағы техника мен технологиялық 
ғылым және білімді мамандар дайындау алдыңғы қатарға шықты. Мұндай парадигмалы 
университеттік білімннің мақсаты мен мазмұны өндіріс, экономика, және бизнес, 
техниканың дамуы және өркениет құралы болуды көздеді. Осыған байланысты ХХ ғ. 
университеттің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары айтарлықтай өзгерістерді 
бастан кешірді. Технократикалық және прагматикалық тұғырларға альтернатива ретінде 
университеттік білімнің гуманитарлық бағдары келді. Гумандық тұғырдың – негізгі мақсаты 
адамның жеке тұлғасы мен оның қабілеті және қызығушылығы. Университетте студенттер 
әлеуметтік мәнділігіне емес, қалауы бойынша универсалды білім алу арқылы тұлға ретінде 
өзіндік ашылу. Өзін-өзі іске асыру мақсатында мамандық алады. Білім парадигмаларының
ықпалы мен әртүрлі факторларға қатысты университеттік білім моделі қалыптасты. 
Университеттік білімнің мақсатты бағытына және мазмұнына байланысты алдыңғы екі 
моделдің айырмашылығы бар. Дәстүрлі немесе классикалық модель жас ұрпаққа 
мәдениеттердің универсалды элементтерін, ғылымның жетістіктері туралы білімдерді, адам 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет