Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет47/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Фундаментальдылық, тұлғаның қызығушылығын қанағаттандыру мақсаттылығы 
және бағыттылығымен қатар білім берудің жаңа парадигмасының көрінісі. 
«Фундаментальді ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім адамға дүниенің 
қазіргі таңдағы біртұтас ғылыми-жаратылыстану туралы түсінік беруге, кәсіби қызметті 
бағалау үшін ғылым іргетасын қалап, тұлғаның шығармашылығын дамытуға және өз 
мүмкіндігі, қабілеті, қажеттілігін тану арқылы өмірлік бағдарламасын жасауға мүмкіндік 
тудыруы керек» (ЮНЕСКО-ның халықаралық меморандумы). 
Егер, 1960-1980 жылдары білім беру «бәрінен аз ғана білу» формуласымен 
сипатталса, 1990 жылдары одан «Жаңа жағдаяттарды тану үшін барлығының мәнін білу» - 
ге көшті. 
Барлық пәндердің негізгі мәнін білу арқылы ортақ ақпарат жинақтау білім алушыға 
әсіресе, студентке болашақ маман ретінде қойылатын негізгі мақсат. Оқытудағы мәндік 
тұрғы жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар синтезін құрайды. 
Оқытудағы мәндік ұстаным – бұл оқытушылардың студенттің қабілетін дамыту бағытында 
пәнаралық байланыс негізінде олардың (пән мазмұнының) мәнін жүйелі ұғынуға жағдай 
жасайтын жүйелі, синергетикалық («синергия» - грекше серіктестік, екі адамның бір 
бағыттағы бірлескен әрекеті) ұстаным. 
Акмеологиялық парадигма инновациялық білім беруде мәндік тұрғымен тығыз 
байланысты. «Акмеология» (грекше «акме» - шың, биіктік, жоғарғы деңгей) – зерттеу 
нысаны (объектісі) өмірдің кез келген сферасындағы өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, 
өзінің қол жетер мүмкіндігін жүзеге асыру динамикасындағы адам болып табылатын ғылыми 
білімнің жаңа аймағы, ғылыми пәндер кешені. Акмеология пәні – адамның шығармашылық 
әлеуеті, субъектінің шығармашылық деңгейге жету заңдылықтары мен шарттары, өзінің 
мүмкіндігін шарықтау шегіне жеткізуі. Акмеология міндеті іс-әрекет субъектісін кез-келген 
әрекетте, сондай-ақ, өзі таңдаған мамандықта үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік 
беретін білім және технологиялармен қаруландыру. «Акме» - бұл кәсібилік шыңы – тұрақты 
жоғары нәтижелер, келешекке сенімділік. Шығармашылық – кәсібиліктің қажетті 
компоненті. Өзін-өзі дамыту – кәсіби шыңға жету жолы. Барлық білім алушылардың 
бойында өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өз бетімен білім алу, өзін-өзі бақылау
дағдысын қалыптастыру қажет, бұл «акме» жағдайына жету факторлары. 
Жоғары білім мазмұнын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттар: мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік оқу жоспары, оқу бағдарламалары, 
оқулықтар. Қазақстан Республикасының Конституциясында (1995 ж.) «мемлекет білім 
берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы 
стандарттарға сай келуі керек» деп көрсетілген (30 бап, 4-тармақ). Стандартта жоғары 
білім беретін оқу орны дайындайтын мамандығына сәйкес білім мазмұнына, оқу 
жүктемесінің көлеміне және бакалаврлардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
беріледі. 
Стандарттың ережелері олардың ведомстволық бағыныштылығынан, ұйымдық-
құқықтық оқыту нысандарынан тәуелсіз, бакалаврларды және дипломды мамандарды 
дайындауды іске асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін 
қолданылуы және сақталынуы міндетті. 
Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандартында типтік оқу жоспары 
беріледі. Типтік оқу жоспары – мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарты негізінде жасалатын және студенттердің меңгеруге қажетті ең аз көлемдегі 
кредиттерін, бақылау формаларын, сондай-ақ оқытудың қосымша түрлерімен қорытынды 
атестаттауын көрсете отырып жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП), 
кәсіптендіру пәндері (КП), циклдеріне шоғырландырылған оқу пәндері тізімі тұрғысынан 
міндетті компоненттерді белгілейтін негізгі оқу құжаты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет