Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет42/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Жоғары оқу орны оқытушысы педагог болғандықтан осы аталған қызметтердің 
барлығы оған да тиесілі болғанымен, ол - әсіресе ғылыми ақиқатты іздеуші, ғалым-
зерттеуші және болашақ маманды дайындаушы. Оқытушы – жалпы білім беретін әр түрлі 
типтердегі мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыратын 
маман; дүниеге ғылыми дидактикалық-материалистік көзқарасты, әлеуметтік, 
психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапасын, қоғамдық 
белсенділікті, білім алушыға және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім 
алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген біздің заманымыздың алдыңғы 
қатарлы мүшесі. Жоғары мектеп оқытушысы — арнайы даярлығы бар және
педагогикалык ic-әрекетпен айналысатын кәсіпкер адам. Оқытушының педагогикалық 
мәдениеті - интеллектуалдық, рухани, шығармашылық педагогикалық қабілеттердің
тұлғалық қасиет-сапалардың жиынтығы, қалыптасқан педагогикалық іс-әрекет стилі, жалпы 
және өзіндік педагогикалық-психологиялық білімі, жағымды тәжірибесі, т.б.
Педагогикалық мәдениеттің құрылымы: Педагогикалық шеберлік Психологиялық-
педагогикалық эрудиция Педагогикалық техника Кәсіби-педагогикалық сапалар: 
педагогикалық байқағыштық; педагогикалық талап; педагогикалық такт; т.б. Кәсіби-
этикалық мәдениет. Оқытушының маңызды қызметі - оқыту, білім беру,
тәрбиелеу, тәрбиелеу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптасыру. 
Тәлімгер 
Оқытушы 
Педагогикалық еңбекті ұйымдастыру мәдениеті: педагогикалық қарым-қатынас 
мәдениеті; мінез-құлық мәдениеті; педагогикалық сезім мәдениеті; танымдық мәдениеті; 
педагогикалық ойлау мәдениеті; сөз сөйлеу мәдениеті (ритор-шешен) 
Педагогикалық мораль – мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-
қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бip талап-тілектердің, қағида мен 
ережелердің, қалыптық, мазмұндық ой-тұжырымдардың жүйесі, жиынтығы. 
Педагогикалык стиль – мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде қалыптасқан педагогикалық 
шеберлікке тән сипат. 
Педагогикалық шеберлік - балаларды сүйетін, жүрек қалауымен әpбіp 
педагогтың қол жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отырылатын өнер. 
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік белгісі. Мұғалім 
кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен ,оның педагогтік әдебінде. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, 
сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттерімен өлшенеді. 
Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар: 
1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы; 
2. Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық 
нормаларды бiлyі; 
3. Қазіргі 
білім 
беру 
технологиясын 
пайдалана 
отырып, 
жаңа 
білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі; 
4. Компьютерлік техниканы меңгеруі; 
5. Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік 
және шетел тілдерінде сөйлесе білуі. 
Жоғары мектептегі оқыту үрдісі студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін 
дамытып, олардың дербес зерттеуші қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді. Әр уақытта 
педагогикалық қызмет пен ғылымды бip-бipiмен ұштастыра жүргізудің маңызы зор. Сол 
себепті біздің
Қ
оғам жоғары мектептердің ғылым мен мәдениетті дамытудағы ролін 
арттыруды басты мақсат етіп отыр. Оқытушының аудитория алдындағы сөйлеу кезіндегі ең 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет