Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Ж) Аналитикалық-бағалаушылық іс-әрекет кері байланыстан, яғни педагогикалық
процестің тиімділігі мен қойылған мақсатқа жетуді дәлелдеуден тұрады. Бұл әрекет
педагогикалық процеске түзету енгізу мүмкіндігіне әкеледі.
З) Зерттеушілік-шығармашылық іс-әрекет педагогикалық еңбектің шығармашылық
сипатымен анықталады. Бұл іс-әрекетті нәтижелі жүзеге асыру үшін оқытушы
педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеруі тиіс.
ЖОО оқытушысының негізгі іс-әрекет түрлері: Білім беруші (дидактикалық) –
студенттерге ғылыми түсінік пен ғылыми әдістер жүйесін меңгертуді қамтамасыз етуге
бағытталған іс- әрекет. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекеті, мақсаты – оқыту әдістерін меңгеру
және оны жетілдіру. Ғылыми-әдістемелік жұмыс - ғылым жетістіктері мен озық
педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін
және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі. Ғылыми іс-әрекет мамандарды
даярлау үдерісінің құрамдас бөлігі бола отырып оқытушылар мен студенттер іс-әрекетін де
қамтиды.
Педагогикалық іс-әрекет барысында мынадай функциялар атқарылады: ақпараттық;
дамытушы; бағыт беру; жұмылдыру, зерттеумен қоса оқыту, тәрбиелеу, дамыту,
қалыптастыру процестерін басқару: мақсатқа жету, диагностикалау, болжау, өзінің және
білім алушының іс-әрекетін жобалау және жоспарлау; ұйымдастырушылық, бақылау және
коррекциялық, аналитикалық және педагогикалық білімді насихаттау. Педагогикалық іс-
әрекеттің құрылымы: іс-әрекеттің мақсаты; іс-әрекет субъектісі; іс-әрекет объектісі; іс-
әрекет мазмұны; іс-әрекет тәсілі; іс-әрекет нәтижесі. Педагогикалық іс-әрекет формалары:
әңгіме (сократтық әңгіме) немесе майевтика; шеберханадағы жұмыс; сабақ; лекция;
семинар; сынақ; практикум; тренингтер және т.б.
Педагогикалық және инновациялық іс-әрекеттің өзара байланысты. Инновация - білім
беру жүйесінде оның жеке бөліктерін, компоненттерін және тұтастай білім беру
жүйесінің сипаттамаларынжақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін, мақсатты
көздейтін өзгеріс. Инновация - оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту немесе өзгерту.
Инновациялық іс-әрекет – оқытушының жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-
тәрбие процесінде өз кәсіби тәжірибесіне, білім беру мекемесі жағдайына, оқушылардың
білім дәрежесіне сәйкес енгізу. Инновациялық іс-әрекет міндеттері: Жаңалықты тұтастай
және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау; Жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап,
оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу; Жаңалықтарды басқа
жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін таңдап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;
Жаңалық енгізетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.
Инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыру реті: жаңа білім беру бағдарламаларымен,
әдіс-тәсілдермен танысу, талдау; оларды өз тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін
ойластыру, қолдану, тиімділігін анықтау бойынша зерттеу жұмыстарының кезеңдерін
жоспарлау; қиыншылықтарды болжау; жаңашыл әдіс-тәсілдерді педагогикалық процеске
енгізу; инновациялық іс-әрекеттің нәтижесін қорытындылап, бағалау. Инновациялық іс-
әрекет өлшемдері: Инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезінуі; Оқу
үрдісіне жаңалық
енгізуде шығармашылықпен
қызмет
етуге
даярлығының
болуы;
Енгізілетін
жаңалықтардың бағытының
дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуы;
Белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіне
қабылдап, оны енгізе білуі.
Достарыңызбен бөлісу: |