Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет55/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103
Педагигика

 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
2.4 (9-дәріс). Жоғары мектептегі оқытудың заңдылықтары мен қағидалары. 
Жоспары: 
1. Жоғары мектептегі оқытудың заңдары мен заңдылықтары.
2. ЖОО-дағы оқытудың заңдылықтарына сипаттама.
3. Оқыту қағидалары.
4. Биологиялық білім беру концепциясы және қағидалары.
 
Оқыту үдерісін iске асыру белгiлi бiр заңдылықтарды меңгеру негiзiнде жүзеге асады. 
Құбылыстар мен үдерістер арасындағы объективті, маңызды, қажеттi, жалпы, берiк, белгiлi 
жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар 
объектiлер, байланыстың түрi, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп 
бiлемiз. Оқыту үдерісінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейдi. Оқыту заңдылықтары 
сыртқы және iшкiжалпы және жеке деп бөлiнедi. 
Н.В. Бордовская (2003 ж.) оқытудың сыртқы және ішкі заңдылықтарын бөліп 
қарастырады. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттарға, саяси-әлеуметтiк
жағдайларға (әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдаяттар, мәдениет деңгейі, білім беру 
жүйесіне қоғам тарапынан қойылатын талаптар және т.б.) тәуелдiлiгiн сипаттайды. Iшкi 
заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдiстерi, құралдары, түрлерi арасындағы байланыстарды 
сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкiл оқыту жүйесiн қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту 
жүйесiнiң нақты, жеке бөлiктерiн қамтиды. Жоғары мектеп дидактикасын теориялық зерттеу 
оқыту үдерісінде белгілі бір ұстанатын идеялар мен нормативтік ережелердің болуын 
туындатады, осындай ұстанымдар дидактикалық принциптер деп аталады. 
Принцип – латын сөзі – «негізгі», «бастапқы» деген ұғымдарды білдіреді. Оқытуға 
қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. 
Оқыту процесінің бірнеше ұстанымдарын атауға болады. Оқыту ұстанымдары – жас ұрпақты 
оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі ережелер.
Негізгі оқыту ұстанымдары: теория мен практиканың байланысы, тәрбиелілік, 
ғылымилық, көрнекілік, түсініктілік.
Жоғары оқу орындарының дидактикалық ұстанымдары: Оқыту процесінің 
мақсаттылық ұстанымы. Оқытудың ғылымилық ұстанымы. Оқытудың жүйелілік және 
бірізділік ұстанымы. Оқытудың саналылық пен белсенділік ұстанымы. Көрнекілік ұстанымы. 
Студенттер білімінің беріктігі және түсініктілік ұстанымы. Ынталандыру ұстанымы. 
Гуманизациялау (ізгілендіру) ұстанымы. Интеграциялау ұстанымы. Бұл – жалпы білім 
мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін 
маңызды ұстаным. Интеграция – әртүрлі пәндердегі негізгі ұстанымдар мен заңдылықтарды 
өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-
біріне жақын пәндердің (тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, 
өнер мен еңбек, этика мен эстетика, т.б.) өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың 
арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған 
орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше. 
Зерттеуші Н.В.Басова ұсынған дидактикалық принциптер: 
• 
Оқытудың дамытушылығы мен тәрбиелілігі; 
• 
Ғылымилық, түсініктілік және еңсерілуге боларлық қиындық; 
• 
Саналылық 
және 
оқытушының 
басшылық 
ықпалындағы 
студенттің 
шығармашылық белсенділігі; 
• 
Көрнекілік және шығармашылық ойлаудың дамуы; 
• 
Оқытудың бірізділілігі мен жүйелілігі; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет