Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет51/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
мамандардың беделін арттыру; жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, 
әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және 
көшбасшылық қасиеттер мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты 
қалыптастыру. Білім беру жүйесінің даму басымдығы, барлық азаматтар үшін сапалы білім 
алудың жариялылығы мен қолжетімділігі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың 
негізгі принципттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы білім беру 
жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі 
негізінде мынандай білім беру деңгейлерін қамтиды: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. 
Бастауыш білім беру. Негізгі орта білім беру. Орта білім беру (жалпы орта білім беру, 
техникалық және кәсіптік білім беру). Орта білімнен кейінгі білім беру. Жоғары білім беру 
(бакалавриат, университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, 
жоғары мектеп, жоғары училище). Жоғары оқу орнынан кейін білім беру (магистратура, 
аспирантура, докторантура). Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторантура 
Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық 
стандарттарға сәйкес келеді. 
ҚР Білім туралы заңында (47-бап) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, 
міндеттері мен жауапкершілігі төмендегідей: 
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты 
тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім 
беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады. Бiлiм 
алушыларға оқушылар, кадеттер, студенттер, магистранттар, адъюнкттар, интерндер, 
курсанттар, тыңдаушылар және докторанттар жатады.Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі
интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға; білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша 
жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, 
қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға; оқу жоспарларына сәйкес 
баламалы курстарды таңдауға; өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру 
қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға; білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына, ақылы 
негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан 
басқасына ауысуға; білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, 
оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз 
етілуге; спорт, оқу, акт залдарын, компъютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін 
пайдалануға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту 
саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға; өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге; өзінің 
адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне; оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі 
табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
ҚР «Білім туралы» заңға сәйкес (35-бап): 
1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен 
кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға 
құқығы бар. 
2. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк білім беретін оқу бағдарламалары жоғары оқу 
орындарында iске асырылады. 
3. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды 
аттестаттаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік және (немесе) «бакалавр» 
академиялық дәрежесі беріледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет