Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет50/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Аталған заңда (13-бап) білім беру мазмұнының ұғымы былайша берілген: «Білім беру 
мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып 
табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені)». Білім беру 
мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін 
білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады. Мемлекетіміздің білім беру жүйесі 
мынадай екі түрлі маңызды үдерісті жүзеге асыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа 
арнаға салу; әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу. Қазақстан білім кеңістігінде қалыптасып 
жатқан осы заман білімін реформалау бағыттары жалпы әлемдік бағдар мен үндес келіп, іске 
асырылуда. 
Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытуда шешілуге тиіс міндеттер: 

ЖОО-дағы білім беру нәтижелерінің сапасын арттыру; 

білімге қол жетімділіктің теңдігін қамтамасыз ететін шараларды енгізу; 

білім беру жүйесінде әріптестілікті дамыту үшін жағдайлар жасау; 

оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету; 

білім мен ғылымның іс жүзінде интеграциялануын қамтамасыз ету; 

ресурстарды жұмылдыру және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруда 
қамтамасыз ету; 

білім беру ісін басқару жүйесін жетілдіру; 

студенттерге білім берумен қоса, тәртіптік, құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыруды 
жоғарлату мен дамыту болса, осы міндеттерге сәйкес бүгінгі білім жүйесін реформалаудың 
басты бағыттары: білімді гуманизациялау; оқуды үздіксіз жүргізу бағыт-бағдары; білім 
технологиясындағы пәнаралық байланыстарды (интеграция) іске асыру; оқу үдерісін 
компъютерлендіру және технологияландыру; білім берудің ақпараттандыру формасынан 
проблемалық, ғылыми ізденіс, оқушылардың өзіндік жұмыстарын кең қамтитын оқудың 
белсенді әдістері мен формаларына өту; оқу желісінде оқытушының оқыту жұмыстарынан 
гөрі білім алушылардың танымдық іс-әрекеттеріне көбірек мән беру; оқу-танымдық үдерісін 
ұйымдастыру мен сол процесті басқаруда жоспарлы қадағалау, қатаң бағдарластыру 
тәсілдері орнына оқудың дамытушылық, белсенділікті арттыру, жеделдестіру мүмкіндіктерін 
мейлінше тиімді пайдалану; білімнің дамытушылық және азаматтық баулу қызметтерін 
назарда ұстау.
Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру процесі халқымыздың салт-дәстүріне, 
мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. ҚР 
тәуелсіздігіне орай білім беру мәселелері жаңаша бағытта дамуға көшті. Осыған сәйкес ҚР 
білім беру бағытын, мақсатын, мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар қабылданып, 
онда білім берудегі мақсат пен жаңа міндеттер айқындалып көрсетілді, елімізде білім беру 
жүйесінің дамуы үшін Заңнамалық база негізі қалыптасты: 

«Білім туралы» Заң 1999 ж., 7 маусым; 2007 жылғы 27 шілде (
№ 319-III ЗРК, Астана, 
Ақорда), 
2012 жыл 09 қаңтардағы толықтырулармен;

«Ғылым туралы» Заң. 18 ақпан, 2011 ж.; 

ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. 16.11.2009ж.;

ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-II ҚР Заңы 
(2011ж.толықтырулармен); ҚР баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-
ІІ ҚР Заңы;ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы. 7.12.2010 ж.
Аталған заңнамалық құжаттардың барлығында дерлік қарастырылған өзекті мәселе 
мемлекет экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін 
қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру 
мен бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған жаңа білімді үйренуге қабілетті, 
шығармашыл, ғылыми зерттеулерге белсене қатысуға ынталы маман дайындау; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет