Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы



бет5/34
Дата14.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#495572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
?ëåóìåòò³ê-ãóìàíèòàðëû? ï?íäåð êàôåäðàñû

Электронды оқулықтар
1. Основы антикоррупционной культуры [Электронный ресурс]: учебное пособие / под ред. Б. С. Абдрасилова. - Электрон. текстовые дан. (702Мб). - Астана: Акад. Гос. упр. при Президенте РК, 2016. - 176 с.
2. Гендерная социология. Акбаева Л.Н., 2017. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
3. Әлеуметтану. Ертаев М.А., Тасқымбаева С.М., Қаратаева Ф.М., 2020. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
4. Әлеуметтану. Тесленко А.Н., Сембина Ж.Ж., Аязбаева А.Т., 2019. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
5. Решетников, А. В. Социология медицины / Решетников А. В. - Москва: ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 864 с. - ISBN 978-5-9704-3067-5. - Текст: электронный. http://rmebrk.kz/
6. Тәжітаева, Р.С. Саясаттану: Электрондық оқулық. - Жетісай: «Сырдария» университеті, 2016. http://rmebrk.kz/
7. Ритцер, Д., Степницки, Д. Әлеуметтану теориясы: Оқулық. - 10-басылым - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 856б. - ISBN 978-601-7943-17-2. http://rmebrk.kz/
6. Бақылау сұрақтары (Feedback кері байланысы):
1. Стратификацияның негізгі критерийлерін және тарихи типтерін атаңыз.
2. Әлеуметтік ұтқырлық ұғымын қалай түсінесіз?
3.ХХІ ғ.қазақстандық отбасының қазіргі жағдайы қандай?
4.Қазақстандағы көп әйел алу мәселесін анықтап беріңіз?
5.Әкесіз өсудің әлеуметтік мәселелерінің зардаптары қандай?
6. Әлеуметтендіру дегеніміз не?

3 дәріс


1. Тақырыбы. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау. Дін, мәдениет және қоғам. Этнос және ұлт әлеуметтануы.
2. Мақсаты: Девиантты мінез-құлықтың түсінігі, себептері мен типологиясын талдау, қоғам түсінігі мен оның мәдениетпен өзара әрекеттесуі, әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар түсініктерін білім алушылардың меңгеруі.
3. Дәрістің тезистері:
1. Девиация мен әлеуметтік бақылау. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық).
2. Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау. Дін және әлеуметтік теңсіздік.
3. Мәдениет элементтері. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен ара-қатынасы. Мәдениет әлеуметтануы. Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар. Ұлттық бірегейлік пен мәдениет.
4. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар. Этнос, халық, ұлт. Этникалық бірегейлік. Ұлттық бірегейлік.
Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пракикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.
Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.
Әлеуметтік білім –теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар мен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстрактіліден нақтылыққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.
Теориялық білім жан-жақты, әмбебапты, ал эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.
Теориялық әлеуметтану – ол алуан түрлі теория мен тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең жан-жақты түсінік береді.
Бұрынғы КСРО-да әлеуметтануды тарихи материализммен шатастырып келді. Бұл дұрыс емес. Тарихи материализм- бұл әлеуметтік философия. Ол қоғамды тек абстрактылы түрде қарап, оны нақтыламады. Ал, әлеуметтану нақтылы әдістермен қоғамды, оның дамуын жан-жақты зерттеп, ғылыми теорияны қалыптастырды. Адам өзінің даму өркениетінде әлеуметтік дамудың алуан түрлі теориясын ашып тұжырымдады. Мысалы, XX ғасырдың ортасында әлеуметтік стратификация (яғни, жіктелу), индустриялы қоғам, конвергенция, жалпы әлеуметтік теориялардың арнаулы түрлерін тұжырымдады. Әлеуметтанудың арнаулы теориялары әлеуметтанудың жеке қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарының негізінде пайда болды. Әлеуметтануда бұларды орта деңгейдегі теориялар деп атайды. Қазіргі уақытта мұндай арнаулы орта деңгейдегі теориялардың саны 100-ден астам. Бұл теориялардың негізін салушылар М.Вебер, Э.Дюркгейм, К.Маннгейм, Т.Парсонс. Әсіресе, американдық әлеуметтанушы Роберт Мертонның есімін ілтипатпен айтуға болады. Бұл орта деңгейдегі арнаулы теориялардың пайда болуының тағы бір басты себебі мынада: жалпы теориялақ әлеуметтану қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, оның кейбір жақтарының дамуына көңіл аудармауы мүмкін. Ал, әлеуметтану құрамында орта деңгейдегі теориялардың болуы қажет. Орта деңгейдегі теориялар, мысалы, отбасы, әлеуметтік топтар, жіктер, т.б. қоғамның біртұтас жүйесімен өзара байланыс, қатынастарын, даму заңдарын ашып, анықтайды. Қазіргі уақытта орта деңгей теориялары қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде дұрыс, нақтылы жауап бере алады.
Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:
1. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым, қағида өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұнын зерттейді.
2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын- экономикалық, саяси, рухани, т.б. салаларын, әрбір салада жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесінде алатын орны мен байланысы туралы білімдер болуы керек. Әлеуметтік топтар деп отырғанымыз – үлкен топтар, кішігірім топтар, кәсіби мамандандырылған топтар, демографиялық және этникалық топтар.
4. Саяси әлеуметтануға кіретін алуан түрлі ғылыми түсініктер, ой-пікірлер, теориялар. Бұған жататын зертеу объектілері:
а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;
ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;
б) қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, қызметі және функциясы туралы;
5. Әлеуметтік институттардың (мемлекет, құқық, ғылым, мәдениет, отбасы, т.б.) қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қортындылар;
6. Қоғамның жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.
Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процесттерді терең талдап, кең қортынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік үш негізгі деңгейі бар:
а) жалпы әлеуметтану теориясы;
ә) эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтану;
б) орта деңгей теориялар.
Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмпирикалық зерттеулер деп екіге бөледі.
Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланысы екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін – одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әртүрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюі мен қатар қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам, мамандану және жіктелу жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.
Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін егер мәселе дамыған қоғам жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқада әлеуметтік жүйелермен институттар мен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер дамушы қоғамда болса ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.
Жанжалдар тек діни топтар арасында ғана болмайды, сонымен бірге олардың ішінде де болады. Топ ішіндегі әлеуметтік жүріс-тұрыстар көбіне индивидтердің өзімшілдік мүдделерін қанағаттандыруға ұмтылуының нәтижесі болып табылады және билік, артықшылық, мәртебе үшін күрес барысында жанжалдар туындайды. Мысалы, діни топтардың көпшілігінде (ортодоксальді иудаизмге қатысты, провословие де, католик шіркеуінде, протестанттық конгрегациялардың көпшілігінде, исламда да солай) ер адамға басым рөл беріледі, әйел адам дін қызметкері бола алмайды. Басқа бір қарапайым жанжал ол клир мен миряндар арасында. Ол діни басылар көпшілік қоғамдарда, пұрсатты қоғам топтарының еншісінде болуы сияқты әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Қазіргі заманғы қоғамда діни өмір консерватор-дәстүршілдер мен модернистер, діни жаңару мен реформалардың жақтастары арасындағы жанжалдармен көрініс береді. Әдетте, олардың арасындағы күрес таза теологиялық пікірталас шеңберінен шығып кетеді және дін басыларының әлеуметтік саяси бағыт ұстануының біртекті еместігін көрсетеді.
Дін ішіндегі жанжалдар көбінесе қоғамдағы өзгерістердің де көзі болып келді, оған әулиелік діндер мысал бола алады. Көне Өсиетте әулиелер, құдай әлеуметтік теңдікті көреді, оны құдай жасап берді ал адамдар оны өз еркімен бұзды деп жария еткен. Әулиелер үлкен әділеттік үшін қоғамды өзгерістерге шақырды және көбінесе төмен, кедей таптардың мүдделерін қорғаушылар ретінде алға шықты. Германиядағы шаруалар соғысында бұқара халықтың жетекішісі реформацияның радикалды қанатының өкілі Томас Мюнцер болды. Ол жер бетіндегі тәртіптерді ортақ мүдделерге сәйкес (билеп төстеушілердің мүддесінде ғана емес) қайта өзгертуге шақырды. Бұл жерде ол құдайдың о баста ойластырғанының орындалуын көрді. Бұл діншілік жанжал (Мюнцер католик шіркеуін және дін қызметкерлерін сынға алады, бірқатар қасаң қағидаларды мойындамады) қалайша нағыз соғысқа әкелетін әлеуметтік жанжалға айналуының мысалы бола алады.
Осыған орай дін социологиясы харизмалық жетекшілердің рөлі жайлы мәселеге ерекше назар аударады. Вебер харизмадан әлеуметтік тұрақтылықтың іргелі қарсы әсерін және өзгерістердің маңызды бастамасын көрді.
Дін қоғам тұрақтылығының факторы ретінде ғана болмай (бұл жерден функционалисте оның негізгі қызметін жиі көреді), сонымен қатар, әлеуметтік өзгерістердің қайнар көзі болып қызмет етеді. Мысалы, Вебер протестанттық реформацияның шешуші рөлін “капитализм рухын” жасауда кальвинизмнің ерекшеліктеріне негіздеді және нәтижесінде Еуропа тарихында жаңа дәуір мен индустриалдық өркениеттің дамуының басталуын білдірген орасан зор тарихи алға басушылықты дәлелдеді.
Басқаша түрдегі мысалдарды келтіруге болады. Алайда діни тұрақтылық көбінесе бүкіл қоғам үшін сөзсіз өте үлкен игілік бола отырып, радикалды саяси қозғалыстарға өзін балама ретінде көрсетті, ал белгілі бір жағдайда функционалды түрде қоғам үшін пайдалы болатын тұрақтылықты қиратуға бағытталған қозғалысқа қосылуы мүмкін. АҚШ-тағы Мартин Лютер Кинг бастаған негрлердің азаматтық құқық үшін күш көрсетусіз түрде болған қарсылығы, апартеидке қарсы болған діни қозғалыспен байланысты болды. Егер діни идеология, барлық адамдар құдай алдында тең деп айтқанымен де, сонда да әлеуметтік, ұлттық теңсіздік құқығын шектеушілік болатын болса, онда жапа шегуші топ өкілдері үшін, құдай алдында адамдардың бәрі тең дегені жайындағы діни оқылымдар, теңдік үшін, бостандық үшін күрестің рухани себепкері ретінде қызмет етуі мүмкін.
Сонымен, егер функционалды теория діннің тұрақтылықты ұстап тұратын факторы ретіндегі рөліне назарын шоғырландыратын болса, жанжалдар теориясы - оның өзгерістердің шығатын көзі ретіндегі рөліне назарын шоғырландырады. Жанжалдар теориясы діннің рөлін өзінше түсінуін, салмақты тарихи мәліметтермен дәлелдеу мүмкіндігіне ие. Ол қоғамды әлеуметтік статикаға бағыт алушы, тек функционалды байланыстарды анықтауға ғана көңіл бөліп, жанжалдарды елемеуге бейім деген түсініктерге маңызды түзетулер енгізеді. Діни жанжалдар әлеуметтік өзгерістерге жол ашуы мүмкін және өз кезегінде әлеуметтік өзгерістер мен әлеуметтік жанжалдар діни салада өзгерістерге алып келуі мүмкін немесе алып келеді.
Сонда да жанжалдар теориясы өз назарын қарама-қарсылық пен күреске шоғырландыра отырып, оларсыз қоғам өмір сүруге қауқарсыз деп ынтымақтастық пен кооперацияны түсіндіруде айтарлықтай қиыншылыққа тап болады. Әлеуметтік өмір теориясы екі сәтті де - үйлесім мен диссонансты есепке алуға міндетті, - алайда олардың сәйкестенуі, тепе-теңдігі нақты материалды таңдауда бірде басқасына, екіншісінде басқасына екпін салуға мүмкіндік бере отырып, айтарлықтай кең шектерде құбылып отырады. Соңына келе бұл екі тұрғы өзара жоққа шығарушы емес, өзара бірін-бірі толықтырушы болады. Діннің қоғамдағы рөлі тек фунционалдыққа немесе тек дисфункционалдыққа келіп тірелуі мүмкін еместігі анық. Діннің кері интеграцияның, қиратудың, жанжалдың факторы ретінде көрініп жататын жағдайлары, оны әлеуметтік патология қатарына қосу үшін негіз болмауы керек.
Қарастырылып отырған ара қатынастың маңызды жағы - белгілі бір әлеуметтік топтар, қоғамдық стратификация мен наным-сенімдердің белгілі бір жүйелер арасындағы байланыс. “Сословие, таптар, дін” мәселесі Вебер тарапынан “әлемдік діндердің шаруашылық этикасы” атты жұмысында өте тамаша қарастырылған. Ол қандай да бір топтардың өмірлік жүріс-тұрыстары тиісті діндердің іс жүзіндегі этносына күшті әсер еткенін және оларға бір-бірінен ерекшеленіп тұратын өзіндік ерекшелігі бар белгілер бергенін көрсетуге тырысты. Айталық, конфуцишілдік, пайда болған ақсүйектік рационалдық бюрократияның сословелік этикасы болды. Ерте индуизм иеленушелрі, әдеби тұрғыдан ойдан ойластырылған мұрагері касталардың өкілдері болды; керісінше, ешқандай қызмет орындарында болмаған, тек ведалық білімі бар брахмандар діни дәстүрлерді иеленуші шынайы діни сословие ретінде болды. Буддизм болса, ойға шомуға берілген және дүниеден безіп қаңғырып, ел аралап жүрген монахтар тарапынан көпшілікке таратылды. Ислам алғашында дін үшін күресуші жауынгерлердің, басқыншылардың, рыцарьлық орденнің діні болған. Иудаизм вавилондық тұтқыннан кейін - “пария - халық” діні болды; ал христиандық әуел баста ел аралап жүрген қол өнершілердің ілімі, сипаты бойынша өзіндік ерекшелігі бар қалалық дін болды.
Тағы бір естен шығармау қажет жағдай; ол діни тиістілік кез келген топтардың өздерінің “сәйкестенуі” арқылы топтасу құралы ретінде, мысалы ескі дәстүршілер ресми- провославиелік ортада, иудаизмнің жақтастары христиандық ортада, яғни азшылық жағдайда қызмет етуі мүмкін.
Діннің саясатқа қатынасы түрлі аспектілерде зерттелген. Мемлекеттің пайда болуы мәселесі ерте кезеңдерде діни тұрғыдан қарастырылды. Алайда деректі тарихқа жүгінер болсақ, ол жерде дін мен саясат архаикалық мәдениет заманынан бері екі жеке дербес сала ретінде көрінеді. Онымен қоса, саяси билікті заңдастыру қажеттілігі туындайды, бұл қызмет белгілі бір қатынастарда саяси элитамен бәсекелестікке түсе алатын ерекше топтың, діни кәсіпқойлар мен дін басыларының қолына шоғырланды. Алайда мемлекеттік - ұйымдасқан қоғамдардың көбісінде саяси элитаға діни жағынан шынайы қауіп тудыруға өте сирек болды. Атап айтқанда, антикалық Грецияда немесе Римде. Сонда да дін басыларының саяси амбицияларының белгілі бір жағдайда күшейе түсуі (былайша айтқанда “құтқарушы діндерде” олардың нақтылы тарихи күштердің әрекет ететін саласынан тыс жататын бұл әлемдік емес мақсаттары - “құдай патшалығы” деген ұстанымдарымен) әбден мүмкін. Осындай негізде өзін шіркеуге саяси жақындығы бар зайырлы биліктен жоғары қоятын теократиялық идеал түріндегі баламаның қалыптасуы мүмкін. Әсіресе исламда азап шегу мен қарама-қайшылықтарда рухани және зайырлы биліктің тең позицияларының қалыптасуы жүреді, ол жерде о бастан діни шектеулер қасаң қағидалышылық түрінде бекітілген.
Қазіргі қоғамда діни мен саяси институттардың өзара қатынасы келесі екі аспектіде қарастырылады. Біріншісі діннің сол қоғамның құндылықтарын негіздеу мен қолдау қызметін орындауымен байланысты. Бұл құндылықтар заңға және билікке қатысты көзқарасқа әсер ете отырып, саяси әрекетке (қарсы шығу немесе қолдау) тартылған. Екіншісі - діннің саясатпен, қандай да бір әлеуметтік топтардың ықпалының күшеюіне байланысты мүдделерін білдіруші институция ретінде қатыстығын анықтау. Діни ұйымдар, институционалды діни ұйымдарды қоса алғанда, белсенді идеологиялық әрекет арқылы саясатқа араласады, адамдардың ақыл-ойы үшін идеологиялық шайқастарға қатысады. Діни топтар қалай болғанда да түрлі формаларда және түрлі дәрежеде қоғамның саяси өміріне қатысады. Бұл қатысу діни идеологиямен немесе оның қызмет етуінің объективті жағдайларымен анықталады. Қатысу саяси енжарлыққа, қатыспауға бағыт алуда, бұл топтардың қатыстырылмауында көрінуі мүмкін, ол халықтың белгілі бір бөлігінің биліктен жатсынғанын білдіреді.
Қазіргі тарихи кезеңнің ерекшелігі ол этикалық өлшемдермен санасатын саясатқа қажеттілік болып табылады. Моральдық міндеттемелерге тәуелді болмайтын саясат ядролық ғасырда өте қауіпті. Осыған байланысты діннің саясатқа, саяси күштердің күресінде төреші рөлін орындаушы этникалық фактор ретінде әсер етуі ұлғая түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет