1. Этнос және ұлт. Этнос белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениеті және тіл белгілері бар, мінез-құлық, қоғам жане басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері:тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа беріетін мәдениет компононттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі-мәдени құндылық. Этнос дегеніміз бір мемілекет территориясындаөмір сүретін адамдардың тұрақты өзара әрекеті. Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл,өнер, әдет-ғұрып, мәдениет, т. б.білігі жатады.Олар жиынтығында белгілі этникалықмәдениетті құрады. Әдеттеэтнос территориялық және экономикалық бірлік нагізінде құрылады. Қазіргі ұлттар-дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халық, этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.
Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ-ұлттық топтасу. Ұлт дегенімізтерритория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көріетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы.Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері территория, тіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік, князьдық, хандық-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қауымдастықтардың арасында тұрақты экономикалық қарым-қатынас, бірлік болмады, сондықтан бытыаңқы шаруашылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады.
Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт – капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлінісі, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т.б. талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөль атқарады.
2. Ұлт этностың жоғары типі. Ұлт этностың жоғарғы типі – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт – дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге, көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ эконмикасы, сол ұлт өкілдерінің біріктіретін мемлекеті болады. Ұлттың қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт және этнос » ұғымдары біріне – бірі өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан айырмашылығы ұлттар этностық белгілерде қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси - әлеуметтік ой - пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Жер шарында 2.мыңнан асатам ұлттармен этностар бар. Олар 5.мыңнан астам диалектілерде сөйлейді 330 – ға жуық этностың 1.мил және одан коп өкілдері бар. Ал қалған 1700 – ден астамы 1.мил-ға жетпейтің адамы бар аз саңды этностар қатарына жатады. Осыншама көп саңды ұлттар мен этностар әлемде 200- ден астам мемлекеттерге біріккен. Соңдықтан әлемдегі мемлекеттердің 90 % - ы көп ұлтты немесе көп этносты мемлекет болып табылады. Көптеген көп миллионды халқы бар этностардың жеке, тәуелсіз мемлекеттері жоқ. Ұлттық өмір мен ұлтаралық қатынастардың өте күрделі екндігін осы деректерден - ақ көруге болады. Олардың арасында жерге, қазба байлықтарына, билікке, тілге байланысты этностық қайшылықтар тоқтаусыз жүріп жатады. Мысалы Таяу Шығыстағы еврилер мен арабтардың жер үшін таласы, Испаниядағы, Ресейдегі, Солтүстік Ирландиядағы т.б. елдердегі этно қайшылықтар ұзақ жылдар бойы үздіксіз жалғасуда. 19 – 20 ғасырларда азсанды этностық топтар аса жылдам ассиммляциялана бастады.Мысалы 1939 ж өткен халық санағында Кеңес Одағында 193 этнос, ал 1959 ж 135 ұлт пен ұлыс ресми тіркелген. Немесе 20 жыл ішінде 60 – қа жуық саны аз этностық топтар жойылып, ассимиляцияланып кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |