II. Жыныстық жетілген кезең (жеткіншек).Бұл мерзім әр адамда жеке-дара жүреді. Әйел адамдарда ол 16-18 жасына, ал ерлерде 18-20 жасқа сай келеді. Осы кезең ер мен әйелдің бала тууға дайындығымен, қанда гормондардың максимальды дәрежеде болуымен сипатталады.
III. Жыныс әрекеттің бәсеңсуі ерлерде шамамен орташа 60 жастан кейін, әйелдерде 45-50 жас шамасына сай келеді.
Адамның жыныстық мінез-құлқы – соматикалық компонент пен реттеуші механизмдер кіретін жалпы репродуктивті қызметтің іске асырылуына бағытталатын жыныстық жүйе әрекетінің көрінісі.
Әйел жыныс жүйесінің қызметі — репродуктивті.
Атқаратын қызметтері:
Аналық без:
1. Герминативті — овогенез,овуляция.
2. Эндокринді — эстроген, прогестерон, релаксиндер, ингибиндердің синтезі мен секрециясы.
Жатыр түтігі: тасымалдау (овуляцияланған жұмыртқа жасушаның жатыр түтігі бойымен жылжуына қатысады, ұрықтану).
Жатыр: бала көтеру.
Жатыр мойнының түтігі мен қынап: туу жолдары.
Сүт бездері: нәрестені тамақтандыру үшін қажет.
Бала тууға қабілетті әйелдің герминативті қызметіне бала көтермеген жағдайда ай сайынғы циклды процесс тән болып келеді (овариальды-менструальды цикл).
Овариальды цикл
Жұмыртқа жасуша анабез фолликулдарында түзіледі.
Фолликулдардың дамуы 4 фазада өтеді:
1) Пісіп-жетілу (әр 28 күн сайын гипофиздің ГТГ анабезде 8-ден 12-ге дейін біріншілік фолликулдардың өсуін шақырады). Фолликулдардың өсуі кезінде эстрогендер көп мөлшерде бөлінеді. Олардың дамуы келесі схема бойынша жүзеге асады: примодиальды →біріншілік→екіншілік→үшіншілік (пісіп жетілген фолликул, грааф көпіршігі).
2) Овуляция (пісіп жетілген фолликулдардың жарылып, одан пісіп жетілген жұмыртқа жасушаның шығуы).
3) Овуляцияланған фолликулдың орнына сары дененің түзілуі. Сары дене прогестерон мен эстроген синтезейді.
4) Сары дененің сіңірілу фазасы.
Циклдың бірінші жартысында – фолликулярлы (ФСГ ықпалымен примордиальды фолликулдың бір бөлігі дамиды), екінші жартысы – лютеиндеуші (ЛГ әсерінен овуляцияланған грааф көпіршігінен эндокринді без түзіледі — сары дене). Овуляция шамамен циклдың ортасына тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |