Әлеуметтік-саяси білім модулі (Әлеуметтану, саясаттану) №2 семестрлік жұмыс


ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ОЙ- ПІКІРЛЕРІ: Ж. БАЛАСАҒҰН, М. ҚАШҒАРИ, Қ. ЯССАУИ



бет6/6
Дата06.05.2023
өлшемі32.72 Kb.
#473312
1   2   3   4   5   6
Мұсылмандық Шығыстағы саяси ойлар Сағиден Нұрбол

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ОЙ- ПІКІРЛЕРІ: Ж. БАЛАСАҒҰН, М. ҚАШҒАРИ, Қ. ЯССАУИ.


  • Жүсіп Баласағұни "Құтты білік"Өмірі. 9-13 ғ.ғ. (840-1212) Қарахандар дəулетінің дəуірлеген тұсы. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн өмірі туралы там-тұм деректерді негізінен шығарма мəтінінен табамыз. Қарахандар мемлектінің Баласағұн("Тауарих хамса": "Бала"- көрікті қашалған тас, "сағұн"-қала деген монғол сөзі) шаһарында 1015-1016 жылдары дүниеге келген. "Құтты білік". 1069 жылы жазылған. Дастанды Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтайды. Еңбекті Бограханға (Табғаш Қара Богра хан, Қарахан мемлекетінң қожасы) тарту етеді. Бұған разы болған Бограхан Хас Хажип атағы, береді (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы). Онда əлеуметтік, саяси, мораль, этика, адамгершілік мəселелері қамтылған. Бұл дастан-мемлекет басқару əдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мəні бар түрлі ережелер мен заңдарды, əдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дəрежеде жазылған көркем туынды

Махмұд Қашқари


  • Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.

  • Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы.

Қожа Ахмет Ясауи


  • Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, ИсфиджабБаласағұнЯсыСауранСығанақ ШашСүткентЖентКудурОтлукӨзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет