Ортағасырлық мұсылман əлемінің ойшылдары үшін адаб (кемел адам) білімділік пен адамгершіліктің көрсеткіші болып саналды. Мұндай білімнің мақсаты – мəдениетті жəне нəзік сезімді адам жасау болып табылады. Сопылық философиясында адаб идеясына көп көңіл бөлінді. Нақты өмірде діни, адамгершілік жолдан таю, құқықтық жəне мемлекеттік нигилизм болатынын атап көрсете отырып, сопылыққа рух берушілер руханиадамгершілік кемелдену жолын ұсынды. Тек кемеліне жеткен адамға ғана ақиқат ашылады. Сопылардың ойынша, кемел адам бейбіт өмір сүріп, қоғамдағы адамгершілікке жат нəрселерге, əділетсіз мемлекетке қарсылық танытады. Зұлымдық бой бермейтін жəне күйреткіш, жүрегінде құдайға деген сүйіспеншілікке орын жоқ адамдарды өзіне қатты тартады. Мұндай адамдар табиғатының қалауымен əрекет етіп, қылмыс, зұлымдық жасауға барады

ҚҰРАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ САНАҒА ӘСЕРІ.
Х ғасырдан бастап исламның саяси iлiмi шеңберiнде мемлекет пен саясатты зерттеу — оны нормативтi-құқықтық жəне этикалыфилософиялық тұрғыда қалыптастырды. Нормативтi-құқықтық бағыт мұсылмандық-құқықтық теорияға сүйендi жəне басқа iлiмдердiң ықпалын сезiнбедi. Философиялық-этикалық бағытта зерттеушiлер гректiң саяси философиясының дəстүрлерiне сүйендi жəне оны мұсылман мемлекетi — Араб халифатының ерекшелiктерiне қарай бейiмдеп пайдаланды.Қазақтың бірінші фəлсафашысы, əлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика жəне тіл маманы, музыка зерттеушісі Əбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан əл-Фараби 870-950 жылдары өмір кештіƏбу Насыр əл-Фарабидiң (870—950 жж.) еңбектерiнде орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет жəне билiк пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет жəне билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң басқа варианттарын (нұсқаларын) ұсынды. Саяси мəселелердi қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгi грек философиясына, əсiресе Платон, Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi. Саясат, олардың көпшiлiгi үшiн өздерi «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет iстерi туралы ғылым болып саналды. Мұндай қалалар ретiнде олар бiрге тұрған, мақсаттары бiр, бiр басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейiнгi адамдар қауымдастығын түсiндi. Грек дəстүрлерiн мұсылманның саяси өмiрiмен байланыстыру араб-мұсылман философиясының барлық тармағында өз белгiсiн қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |