Францияның инновациялық саясаты жекеменшік инвестицияларды ғылымға тартуға, бәсекеге қабілеттілік полюсі аясында инновациялық процестың барлық негізгі қатысушылары арасындағы өзара әрекеттерді жақсартуға, кіші және орта кәсіпорындарды дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған, ол кәсіпорындарға, университеттер мен зерттеушілерге бірігіп, бір бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Францияда әлеуметтік серіктестікті ұжымдық шарттар аясында және мемлекет заңдары мен басқа да құқықтық актілерге сәйкес үкімет реттейді. Білім саласында техникалық немесе кәсіптік сертификат берумен аяқталатын оқытуға бағытталған «оқушылық» бағдарламасы үлкен рөл атқарады.
Француз білім беру жүйесі соңғы екі жүз жылдық қарсаңында қалыптасты және әлемдегі ең алдыңғылардың бірі болып саналады. Оның негізгі ерекшеліктері - мемлекеттік оқу мекемелерінің басымдылығы және шетелдіктерді қосқанда барлығы үшін оқудың тегін болуы. Білімді дамытуға мемлекеттік бюджеттен 25% -дай жұмсалады. Тағы бір ерекшелігі - астанасында да, басқа да ірі қалаларында, сондай-ақ шет аймақтарында да білім сапасы бірдей екенін байқатады.
Франциядағы кәсіби білім мен білім алу ұжымдық келісім шарт шеңберіндегі әлеуметтік серіктестік (ұлттық салалық келісім-шарттар және аймақтардағы салалық келісім шарт) заңға және басқа да құқықтық құжаттарға (Еңбек кодексі және бастауыш кәсіби білім туралы Заң) сәйкес Өкіметпен реттеледі. Сонымен қатар, елде оқу дәрежелерінің және дипломның, білім сатыларының кезеңдерінің өз жүйесі бар. Мемлекеттік оқу мекемелерінің дипломдары жекеменшік университеттер мен мектептердің дипломдарына қарағанда әлдеқайда жоғары бағаланады [179]. «Оқушылық» бағдарламасының аясындағы әлеуметтік серіктестіктер болашақ маман дайындау процесінде үлкен маңызға ие екенін көреміз.
Әлеуметтік серіктестікті ұйымдастырудың швециялық үлгісі де жоғары деңгейдегі мемлекеттік реттелуімен ерекшеленеді [180]. Онда халық өкілдерінен, кәсіпорын, кәсіподақ, оқу орындары басшылары құрамынан комитеттер құрылып, олар мамандарды дайындау, жаппай қайта оқыту жұмыстарына көмек көрсете отырып, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға ат салысады.
Достарыңызбен бөлісу: |