Норвегияның білім беру жүйесіндегі салалық (компания), ұлттық және округтік деңгейіндегі үшжақты ынтымақтастық жолға қойылған. Білім беру шеңберінде Ұлттық кеңес - жалпы ұлттық жүйе саласындағы ғылым және білім министрлігіне кеңес береді. Ал, кәсіби білім беру мекемелері - білім бағдарламасы мазмұны сұрақтары бойынша, еңбек нарығының болашақ қажеттілігі үшін, ұлттық басқару органына кеңес береді.
Округтық деңгейіндегі Техникалық және Кәсіби Білім Беру (ТжКББ) жергілікті кеңесі:кәсіби тәлімгерлік;қамтамасыз ету; сапа; жергілікті ТжКББ дамыту сұрақтары бойынша кеңес беруді жүзеге асырады.
Елдегі әлеуметтік серіктестер барлық әкімшілік деңгейде білім беру саласы шеңберіндегі мәселелерге белсенді түрде қатысады. Басқару компанияларының тренинг орталықтары тағылымдамадан өту үшін жаңа орындар ретінде білім беру жүйесі құрамына кіре алатын жаңа компанияларды табу мен оларды тартуда белсенді айналысады.
Білім беру бағдарламасы Үкіметтен жалпы грант ала алатын жергілікті басқару органдарымен қаржыландырылады. Білім алушыларға тағылымдама өту барысында келісілген еңбек ақы төленеді. Аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер және тағылымдамадан өтушілер білім алу үшін білім беруді кредиттей алатын Мемлекеттік қордан қарыз немесе грант ала алады. Қосымша гранттарды өз қаласынан жырақта білім алған студенттер иеленеді. Қолдау көрсетудің негізгі формасы - грант. Компания округтен 12 мың евро көлеміндегі көмекті тікелей ала алады, ол екі жыл бойы өтілетін тағылымдаманың және де колледжде оқыған бір жылдың төлемақысына пара- пар.
Оқытудың стандарттық моделі «2+2» болып табылады.Оның ішінде, болашақ маманды оқыту 2 жыл бойы колледжде өтеді. Бірінші жылы жалпы пәндер бойынша және кәсіби - техникалық білімге кіріспе оқытылса, екінші жылы білім алушыларға мамандану бағытында білім беріледі. Келесі екі жыл студенттер тағылымдаманы әлеуметтік серіктестік компанияларда өтеді. Білім алушы-тағылымгерлер алатын еңбек ақысынан, тағылымдама өту мерзіміне байланысты білікті жұмыскердің еңбек ақысының 30% дан 80% құрайды. Егер студент теориялық бөлімі біткенде тағылымдама өтетін әлеуметтік серіктес- компанияны таппаса, онда ол іс тәжірибені колледжде өте алады (шамамен30%). Бұл ретте, тағылымдаманы компанияда не оқу орнында өтсе де бірдей кәсіби - техникалық біліктілік беріледі. Оқу біткеннен кейін, университетке түсу мүмкіндігі бар, бірақ қосымша бір жыл оқу талап етіледі.
Елде білім мен ғылымның өзара әрекетіне үлкен назар аударылады: жекеменшік те, мемлекеттік те ғылыми-зерттеу институттары көп (оларда ғылыми-зерттеу қызметіне шығынның 23% жуығы және барлық ғылыми зерттеулердің 27% орындалады). Норвегияның барлық жоғары оқу орындары (ЖОО) болашақ мамандарының жұмысы мен докторанттар бағдарламаларын пайдалана отырып, іргелі зерттеулер жүргізу және ғылыми қызметкерлер
дайындауға міндетті болып есептеледі. Жоғары оқу орындары тек іргелі зерттеулер жүргізу және ғылыми қызметкерлер дайындау үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қызметкерлері жасаған өнертабыстар нәтижелерін коммерциялық пайдалану үшін де жауап береді.
Норвегияда институттар мен университеттердегі іргелі зерттеулерге қолдау көрсету инновациялық саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, өмір бойы білім алу практикасы да қызметкерлердің өмір бойы біліктілігін көтеруге мүмкіндік береді. Мемлекетте ғылыми-зерттеу қызметінің шығындарын серіктес компаниялардан грант есебінде бөлінетін қаржының негізінде төленеді [183]. Бұл болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін дамытуға түрткі болып табылады.
Әлеуметтік серіктестік мәселесінде шығыс елдерінің ішіндегі экономикасы ең жоғары мемлекттің бірі – Жапонияның практикасы да өзгеріссіз қызықты. Кіші бизнеске мамандандырылатын 56 университет пен ғылыми-зерттеу орталықтары құрылған, бұл елде 524 жергілікті тауар-өнеркәсіп палаталары жұмыс істейді Оқу қызметімен қатар, коммерциялық негіздегі басқа мүдделі ұйымдар мен мекемелердің жеке мүдделері мақсатында ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. Іс жүзінде барлық дерлік ЖОО базасында құрылған жобаларды коммерцияландыру міндеті болып табылатын бөлімшелер кездеседі.
Кәсіпкерлер мамандарды дайындаудың мәселелерімен тікелей айналысады. Атап айтқанда, кәсіби-білім процесіне қаражаттарды құю ағындары өсті. Оларды ең жаңа техника тұрғысынан жекеменшік білім орталықтарын құру мен жабдықтауға, мамандарды дайындау бағдарламаларын әзірлеуге қаржы аударыла бастады. Яғни, әлеуметтік серіктес мекемелер өндірістік міндеттерді орындаумен қатар, мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мен кәсіби дайындау мәселелерін шешуге айтарлықтай мән берілді [184]. Біздің пікірімізше, дамудың заманауи кезеңіндегі әлеуметтік серіктестіктің осындай тәсілін ұйымдастыру кәсіпорын үшін де, ЖОО үшін де бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Келесі Оңтүстік Кореядағы білім беру жүйесінде КRІVЕТ-болашақ мамандарды дайындау және ұлттық кәсіптік білім беру аймағында зерттеуге арналған мемлекетпен каржыландырылатын зерттеу ұйымы. Бұл кәсіптік техникалық білім беру мен оқыту бағдарламасын бағалау және үйлестіру әзірлемесімен айналысады. Сонымен қатар, КRІVЕТ болашақ маманға өздерінің қабілетіне сай мамандық таңдауы, сол бойынша дайындалып және үзіліссіз жұмыс істеу үшін көмек көрсетеді. Мұнда басқару, мәліметті тарату, деректерді жинаумен айналысып, академиялық жетістіктерде тең дәрежеде құзыреттілігі мен біліктілігі танылатын ұйым құру үшін біліктілік саясаты бойынша зерттеулер жүргізеді.
Жұмыс беруші ретінде, Кореяда білім беру жүйесінің ұлттық деңгейдегі жоғары билік басқаруында орналасқан, нәтижесінде саны аз кәсіптік - техникалық училищелерге қатысты әлеуметтік серіктестермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұндағы, қаржыландыру өз компаниялары аясында
оқыту үшін бағытталған және белгілі бір белгіленген еңбек шығыны, Корея әлеуметтік серіктестерінің пайдасынан алынатын қаржы Салық Заңнамасымен қарастырылған. Бүкіләлемдік банкінің деректері бойынша, Оңтүстік Кореяның ІЖӨ – нің 15% білім беру саласын қаржыландыруға бөлінеді.
Болашақ мамандарды жұмысқа орналастыру еңбек Министрлігі тарапынан қамтамасыз етіледі. Елде әлеуметтік серіктестер тарапынан іріктеу жұмыстары негізінде бәсекеге қабілетті болашақ мамандардан талап етіледі.
Кореяның оқыту формасы: дуалды, ІТЕ оқыту жүйесі Германияның дуалды оқыту жүйесіне ұқсайды. Болашақ маман білімінің нәтижесі қоғамдық тестілеу және ұлттық сертификаттау арқылы бағаланып, нақтыланады. Бұл тесттер қажетті кәсіби машықты алған қоғамдық кандидаттар мен бәсекеге қабілетті болашақ мамандар үшін қолжетімді болып табылады. [185]. Аталған мемлекеттегі әлеуметтік серіктестік практикасы Германиямен қатар болашақ мамандар дарлаудағы механизмдері мен ұстанымдарына сүйенуге болатындығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |