Әлеуметтік белсенділік –– әлеуметтік ортамен қарқынды, саналы қарым- қатынасқа бағытталған, қоғамдық даму мәселелеріне сәйкес өзін және социумды өзгерту бойынша ішкі (психикалық) және сыртқы (практикалық) қызмет процесінде жүзеге асатын тұлғаның тұрақты қасиеті және әлеуметтік маңызы бар әрекеттердің жиынтығы.
Әлеуметтік серіктестік – білім жүйесінің және жұмыс беруші әртүрлі тараптармен өзара, сондай-ақ жүйенің сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуі.
Бәсеке –бәсекеге қабілеттіліктің негізгі ынталандырушы түрткісі.
Бәсекеге қабілеттілік – құндылық пен жоғары сапаның көсеткіші. Тұлғаның дамуы барысындағы мақсаттың нақтылығы мен құндылық бағдарларының жиынтығы.
Болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігі – білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру мен нақты нәтижеге бағытталуда көрінетін, болашақ педагогтың кәсіби қызметке қызығушылығын, рухани адамгершілік қасиетін, инновациялық белсенділігін, кәсіби ұтқырлығы мен рефлексияға қабілеттілігін көрсететін кіріккен даралық және тұлғалық сапасы.
Тұлғаның кәсібилігі - бұл кәсіби маңызды және тұлғалық-іс-әрекеттік қасиеттерді дамытудың жоғары деңгейін бейнелейтін еңбек субъектісінің сапалық сипаты, ілгерушілік дамуға бағытталған креативтіліктің жоғары деңгейі, түрткілер жүйесінің және құндылықтық бағдарлардың адекватты деңгейі.
Серіктестік – кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің мақсатты түрде бірігуі. Серіктестіктің барлық жақтары ортақ қызметтің нәтижесі үшін толық жауапкершілікті көтереді.
Шеберлік - иілгіш дағдылар мен шығармашылық көзқарас негізінде қол жеткізілген, белгілі бір саладағы кәсіби біліктердің жоғарғы деңгейі ретіндегі, практика арқылы жинақталған тұлғаның сапасын сипаттайтын, акмеология мен еңбек психологиясына жататын категория.
Іс-әрекет кәсібилігі – жоғары кәсіби біліктілікті және құзыреттілікті, сонымен бірге шығармашылық шешімдерге, қазіргі алгоритмдер мен кәсіби міндеттердің шешілу тәсілдеріне негізделген тиімді кәсіби дағдылар мен біліктерді, бейнелейтін жоғары тұрақты өнімді іс-әрекетті жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін еңбек субъектісінің сапалық сипаты.
|