Әлеуметтік серіктестік



бет39/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77
бәскеге (1)

Рефлексивтік компоненттің біздің моделіміздегі орыны ерекше. Қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында білім алушылардың өз құндылықтар жүйесін қайта қарауға, көп білетін, тіпті оны қолдана да білетін адам ғана емес, өз әрекетін бағдарлай, дұрыс ұйымдастыра, оны қайтадан ой елегінен өткізіп рефлексия жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатын көздейді. Кез келген күрделі жүйе дами, жетіле келе, ерте ме, кеш пе рефлексия феномені туындайтындай жағдайға жетеді. Сол сияқты адам да өз әрекетін ойында қорытып, оның барысын бақылап, реттеп, нәтижесіне баға бере отырып, өткен практикадан қорытынды шығарады, алдағы әрекетін жоспарлайды.
Философиялық сөздікте рефлексия (лат. reslexio – кейінге оралу) – бейнелеуді, сондай-ақ таным актісін зерттеуді білдіретін термин ретінде сипатталып, оның үш түріне түсініктеме беріледі. Олар: қарапайым (әрекеттер рефлексиясы); ғылыми (жаңа білімді меңгеру әдістерінің рефлексиясы); философиялық (ойлау мен болмыстың шектелген қатынастарын және біртұтас адамзат мәдениетін қайта түсіндіру) [200].
Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша рефлексия мен өз-өзіне жасалған рефлексия өмірлік және кәсіби мақсаттармен, өмірлік құндылықтармен, тұлға қалыптастырушы факторлармен тығыз байланысты. Бұл рефлексиялар адамның дамуын бақылайды және өзін-өзі бейімдеуші, өзін-өзі тәрбиелеуші қызметтерін атқарады 201. Рефлексияға бейімделген адам мәдениетке жақын келеді, ондай адам әрекетті асыра орындауға, сол арқылы өзін-өзі тануға талпынып тұрады. Сондықтан рефлексия–бұл өзінің бойынан «рухани болмысты» іздеуге бағыттайтын жол, яғни өзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға апаратын жол.
Біздің пікірімізше бұл сипаттамаларда рефлексия әрекеттің барлық түрлерінде қолдануға болатын әмбебаптығымен ерекшеленеді. Қазіргі білім беру жағдаяттарын оқытушыдан рефлексиялық қабілетті талап етеді, себебі, бұл
қабілет кәсіби сапаны жетілдіру үшін маңызды болып табылады. Болашақ педагогты да рефлексияға үйрету бәсекеге қабілетті болудың басты шарты деп санаймыз. Болашақ педагогтың өзінің алып жатқан білімінің мазмұнын, өзінің эмоционалдық жағдайын, жасаған әрекеттерін ой елегінен өткізіп қорытындылауды меңгеруі оның дербестік, бәсекеге қабілеттілік сияқты кәсіби маңызды сапаларын жетілдіруге көмектеседі.
Болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытудың әдістері мен формаларын айқындау зерттеуге қатысты модель жасаудағы келесі қадам болды. Біздің жағдайымызда қолданылатын
«әдіс» ұғымы нақты педагогикалық міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық немесе теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы ретінде қарастырылады. Оларға ең алдымен арнайы құрастырылған тренингтерді, серіктес мекеме басшыларымен кездесу, дөңгелек үстел, және т.б. белсенді әдістерін жатқыздық. Бұл әдістерді өзіміз ұсынған «Кемел» ресурстық орталық аясында еріктілерге жүргізуде практикаға қолдандық. Олар жайлы жұмысымыздың эксперименттік бөлігінде кеңінен тоқталатын боламыз.
Ресурстық орталық жұмыстары жеке, топтық жағдайда: кейс стади, дөңгелек үстел, пікіралмасу, тренинг, миға шабуыл, психологиялық диагностика жасау, ұйымдастырушылық практикалық әрекеттер формаларында ұйымдастырылды. Біздің зерттеу жұмысымыз барысында жүргізілген сайыстар болашақ педагогтардың дүниетанымының кеңеюіне, ойлау жүйесінің креативтілігінің дамуына, теориялық және практикалық білімдерді шеберлікпен қолдана білуге, қалыптан тыс жағдаяттарды ұтымды шешуге жағдай жасайды деп білеміз. Бір жағынан бұл форма мамандық иелерінің кәсіби қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін арттырады. Кәсіби шығармашылық сайыстарға қатысу уақыты (шамамен екі апта уақыт) білім алушылардың арнайы ұйымдастырылған бәсекелестік ортада болуын қамтамасыз етеді. Бұлар жайында диссертациямыздың практикалық- эксперименттік бөлімінде толық баяндалатын болады.
Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың құрылымы белгіленген соң оның көрсеткіштері мен өлшемдері және деңгейлерін айқындау міндеті тұрды. Ғылыми әдебиеттерде «өлшем» және «көрсеткіш» ұғымдарының анық, біркелкі анықтамасы көрсетілмеген. Психологияда «критерий» - стандарт, эталон деп түсіндіріледі [202]. Осыған ұқсас И.И.Монаховтың пікірі бойынша,
«өлшем»-бұл белгі, оның негізінде шынайы педагогикалық құбылысты, сапаны немесе процесті эталонмен салыстыруға, бағалауға болады [203].
С.А. Алешина, өлшем – зерттеу объектісінің жағдайы, дамуы және қызмет ету деңгейі жайлы көрініс беретін оның сапалары, қасиеттері мен белгілері болып табылады. Көрсеткіштер - дегеніміз зерттеу объектісінің әрбір сапасы, қасиеті, белгісінің қалыптасу деңгейінің сандық және сапалық сипаттамалары, яғни критерийдің қалыптасу өлшемі [204]. Зерттеудің басты мәселесінің өлшемдері мен көрсеткіштері қатар ашылуы үшін, даму көрінісінің деңгейі жайлы түсінік алуға мүмкіндік туады. Зерттеу мәселесі бойынша талданған еңбектердегі түйінді ойларды жинақтай келе, ғалымдардың әртүрлі
көзқарастарын жинақтау негізінде болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігінің мотивациялық, іс әрекеттік, рефлексиялық компоненттерге сай төмендегі көрсеткіштері нақтыланды:

  • кәсіби қызметке қызығушылық,

  • рухани адамгершілік қасиеттерін дамытуға ұмтылыс педагогикалық мамандыққа оң қатынасы;

  • мамандыққа қажетті рухани адамгершілік сапаларын жетілдіруі.

  • кәсіби ұтқырлық

-инновациялық белсенділік,

  • мамандыққа қатысты тәжірибе жинақтаудағы жылдамдық,

  • инновациялық әдістерді меңгеруге құлшыныс

  • мамандыққа қатысты тәжірибе жинақтаудағы жылдамдық,

  • инновациялық әдістерді меңгеруге құлшыныс

  • өз әрекетіне баға бере алу, өзгерте білу

ЖОО мен әлеуметтік серіктес мекемелердің бірлескен жұмысы жағдайында болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігінің дамуының деңгейлері:
- жоғары деңгей: білімділігі мен рухани адамгершілік қасиеті жоғары, кәсіби ұтқырлықты табысты меңгерген, инновациялық әрекетке дайын, стандартты емес идеялары мол, білімді игеруге құмарлық түрткісі мен, рефлексияға қабілеттілігі жоғары;
- орта деңгей: білімділігі мен рухани адамгершілік қасиеті қалыптасқан, кәсіби ұтқырлықты меңгеруі мен инновациялық әрекетке дайындығы орташа, стандартты емес идеялары төмен, білімді игеруге құмарлығы мен рефлексияға қабілеттілігі орташа;
- төмен деңгей: білімділігі мен рухани адамгершілік қасиетінің көрінісі төмен, кәсіби ұтқырлықты аз меңгерген, инновациялық әрекетке дайындығы нашар, стандартты емес идеялары жоқ, білімді игеруге құмарлығы мен, рефлексияға қабілеттілігі төмен .
Cонымен, болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін әлеуметтік серіктестік негізінде дамытудың моделі олардың еңбек нарығы жағдайында табыстылығын қамтамасыз етіп, болашақ педагогтың жалпы практикалық, инструменталдық, әлеуметтік-тұлғалық сияқты әмбебап қасиеттерін және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуды көздейді және жұмыс берушілердің талаптарына сай болуын нәтижелі етеді деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет