Әлеуметтік серіктестік



бет71/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
бәскеге (1)

Қосымша Қ




2017-2018 ЖЫЛДАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ
ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ-ШАРТ


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті атынан институт директоры Б.А. Әлмұхамбетов, бір жағынан және М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдиректоры Е.А.Жиенбаев, екінші жағынан, ҚР «Білім туралы» Заңын, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау стандарты мен мектептің Жарғысын басшылыққа ала отырып, төмендегі мәселелер бойынша шартқа отырады.


І. ЖАЛПЫ ҚАҒИДА
Осы келісім шарт – университетте білім алушыларға қойылатын жаңа талаптарға сай бәсекеге қабілетті педагог-психологтарды сапалы дайындауды көздейді.


ІІ. ҮШ ЖАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Абай атындағы ҚазҰПУ:

    1. Осы келісім-шарт негізінде «5В010300 - Педагогика және психология» мамандығында білім алушы студенттердің мамандарға қойылатын талаптарға сәйкес, құзыреттіліктерді меңгеруі үшін серіктес Алматы қаласы № 92 мектеп-лицейімен жан-жақты тығыз байланыс орнату;

    2. Университет оқытушы профессорлар құрамы мен ғалымдарының серіктес білім мекемесінінің үжымына ғылыми-әдістемелік көмек көрсетуін қамтамасыз ету;

    3. Серіктес мектептің жоғары сынып оқушылары үшін мамандыққа бағыттау мақсатында университеттің материалдық-техникалық базаларын, кітапхана, оқу-зертханаларын, т.б. пайдалануына мүмкіндіктер жасау;

    4. Мектеп мұғалімдері мен оқушыларына ғылыми жобаларына кеңес беруге басшылық жасау;

    5. Алдыңғы қатарлы озат педагогтардың тәжірибелерінен туындаған еңбектеріне (оқу- әдістемелік құралдар, жинақтар, дидактикалық материалдарға және т.б.) сараптамадан өткізу, пікірлер беру;



Мектеп міндеттері:



    1. Тәжірибелік экспериментке қатысушы студенттің осы келісім-шартта көрсетілген міндеттер мен жоспарға сай оқу-тәрбие жұмыстарына қатысып, кәсіби біліктіліктерінің қалыптасуына жағдай жасау;

    2. Студенттердің мектеп құжаттарымен танысуға, мектепішілік іс-шаралардың өтуіне атсалысуға мүмкіндік беру;

    3. Мектеп оқушыларына психологиялық қолдау көрсету, олардың даму үрдісін диагностикалау, түзету іс-шарасына мектеп психологымен бірлесіп жүргізуіне жағдай жасау; 2.9.Студенттің мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушы және сынып жетекшілерімен

бірлесе сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жоспалауға, ұйымдастыруға, жүргізуге мүмкіндіктер жасау;

    1. Студенттің тренингтер жүргізуіне қажет болған жағдайда,тиісті әдебиетпен, ТОҚ, интерактивті тақта және т.б. құралдармен қамтамасыз ету.

    2. Мекеменің ішкі тәртібін сақтау ережелерін студенттерге түсіндіріп, орындалуын қадағалап отыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет