Әлеуметтік серіктестік


Тәжірибелік-экспериментке қатысушы болашақ педагог-психологтың мектеп



бет72/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
бәскеге (1)

Тәжірибелік-экспериментке қатысушы болашақ педагог-психологтың мектеп жұмысына байланысты атқаратын міндеттері:

    1. Мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтау, ішкі тәртіпті сақтау, мектеп әкімшілігінің жарлығын орындау, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының тәртіптерін қатаң сақтау, үлгілі, сыпайы, ұйымшыл, еңбексүйгіш болу;

    2. Мектепте оқытуға байланысты балалардың психологиялық дайындықтарын анықтау, мұғаліммен біріге оларды мектепке бейімдеу бағдарламасын жоспарлау, жүзеге асыру ісіне араласу;

    3. Балалардың даралық ерекшеліктерін-қызығушылықтарын, қабілеттерін, сезімдерін, өмірдегі мақсаттарын т.с.с., - сонымен бірге жаскезеңіндегі даму ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдермен және ата-аналармен бірге дамытатын бағдарламалар құрастыруға қатысу;

    4. Мектеп психологымен бірге балалар өміріндегі жасерекшелігіне байланысты әр өтпелі, ауыспалы жайтттарды ерекше бақылауға алу;

    5. Сынып жетекшілерімен бірге үлгерімі, тәртібі төмен балаларды анықтап, түзету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысу;

    6. Оқушылардың оқыту және тәрбиелеу үрдісінде қиындықтар тудыратын интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктік және тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, оларды түзетуге көмек беру;

    7. Қолайлы психологиялық шырай (климат) жасауды қолдау, оқушылардың мұғалімдермен, құрбы-құрдастарымен, сыныптастарымен, ата-аналарымен және басқа адамдармен ара қатынастарындағы келеңсіздіктің бұзылу себептерін анықтап, оларды жоюға әрекеттер жасау;

    8. Мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі психологиялық мәселелерге, зейінді,есті, ойлауды, мінездерін, қабілеттерін дамытуға кеңестер беру;

    9. Оқушылардың сұрақтарына оқу іс-әрекетіне, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін анықтауға, ересектермен және құрбы-құрдастарымен қатынастарындағы мәселелерге жеке және топтық кеңестер өткізу;

    10. Мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге мерекелік іс-шаралармен кәсіпке бағдарлау жұмыстарына белсенді қатынасып, ұйымдастырып, өткізуге көмектесу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет