Емдік гимнастика ауру асқынбаған кезде жасалынады. Оның мақсаты: кең құрсақтың ішінде
қан-лимфа айналымын, зат алмасуын жақсарту,
жараның аузын бітеу, жараны тыртық қалдырмай
тезірек жазуға, науқастың көңілін көтеруге негізделген.
Алғашқы кезде жаттығулар қол-аяқ қимылдарымен шектеледі. Құрсақ еттеріне күш
түсірілмейді. Аяқты тізеден бүгіп жазғанда табанды төсектен көтермей жылжытып отырады.
Жаттығулар қарқыны баяу, бәсең болады. Ұзақтығы 15-20 минут.
Палаталық режимдегі науқас әр түрлі қалыпта (отырып, тұрып, жатып) барлық бұлшық
еттерді қозғайды, тек құрсаққа күш түсірмейді. Ірі буындар қимылы жай қарқынмен орындалып тыныс
алуды қадағалайды. Жаттығулар жасағанда барлық ой-өрісті соған бағыштайды.
Бұл кезеңде
жаттығудың ұзақтығы 30 минутқа ұзарады.
Бос режимде науқас көтеріңкі куатпен жұмыс істейді. Ақырындап іштің бұлшық еттерін де
қосады. Тек күш жұмсайтын, зорлайтын жаттығулар керек емес. Адамды еңбекке баулап, бау бақшада,
аулада жұмыс істеуге икемдейді, суда жүзу сияқты дене шынықтырудың түрлерін
біртіндеп қосып
отырады.
Достарыңызбен бөлісу: