Екі қолмен бірдей массаж жасағанда бастапқыда бас бармақтар бір – бірімен түйіседі, ал төс
ойығына жеткенде сұқ саусақтар өзара кездеседі. Егер мойын терісі болса,
салбырап тұрса, онда
массажды төс ойығынан бастап жоғары қарай құлақтың түбіне дейін әкеледі. Алдымен осы жолмен
сипап өтеді, кейін бұғана – төс – емізікше бұлшық етін екі саусақпен қысып жұмсартады. Мойын
бұлшық етіне ысқылау, жұмсарту тәсілдерін қолданғанда арасында сипап отырады.
Мойынның
екі қапталын, желке жағын массаждағанда, массаж жасаушы аурудың артына
орналасады. Саусақтардың қимыл қозғалысы жеңіл жоғарыдан
төмен қарай жылдам ырғақпен
орындалады.
1-2 саусақтардың ұшымен 3-5 минут жақтың бұрышынан иектің астына дейін жылдам-жылдам
сипау арқылы баспа ауруының алдын алуға болады.
Мойынға массаж жасағанда адам еркін дем алу керек. Массаж жасаушы төс ойығына қолын
батырмай, нерв талшықтарын түршіктірмей өте нәзік орындау керек. Олай болмаса адамның жүрегі
айнып, лоқсып, құсып жіберуі ықтимал. Оқытса тілдің астындағы сүйекке басып қалса ,
адам қатты
жөтеледі. Сондықтан оны абайлаған жөн.
Қиғаш жатқан бұғана – төс – емізікше бұлшық етін босаңсыту үшін басты бір жағына бұрса
болғаны.
Мойынға жасайтын массаж емдік гимнастикамен бірге жүрсе (басты алға –артқа иіп, оңға –
солға бұрып, шыр айналдырып т.б. ) тіпті жақсы болады. Жаттығулар жинағын массажға дейін де,
кейін де өткізе береді. Әр қимылды тек екі рет орындайды,тодан асып кетсе бас айналуы мүмкін. Ал
остеохондрозда одан басқа да жағымсыз әрекеттер де кездесіп қалады. Ми
қан тамырлары склероз
болып зақымданса, мойын қозғалысын аяқ – қол жаттығулармен бірге өткізген өте пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: