«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет50/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

ДІРІЛДЕТУ 
 
Дірілдету (вибрация) – атына сәйкес бұл тәсіл немесе бірнеше саусақтармен алақанмен немесе 
жұдырықпен жасалып, тканьдерді қозғап дірілдетеді.
Кейінгі кезде ел арасында массаждың осы тәсілі кейіннен таралуда. Өйикені оның нәтижесі 
айтарлықтай. Әсіресе, нерв жүйесіне тигізетін әсері ерекше. Дірілдету тәсілі жүрек соғысын реттеп, 
қан қысымын қалпына келтіреді. Асқазан сөлін көбейтіп, нерв жүйесінің арнасына түсіреді, ауырған 
жерді тыныштандырады.
Сонымен қатар дірілдету бұлшық еттің тонусын көтеріп, жүректің жұмысын жақсартып, тыныс 
алу мүшелерінен ауа өтуін реттейді. Науқастарды емдегенде қолмен жасалатын массаж еш уақытта 
аппартпен жасалатын массаждың (вибромассаж) орнAына жүрмейді. Ол тек біріншіні толықтырып 
отырады, әрі вибромассаж үнемі қолданыла бермейді, ауырған адамдар көбінесе қолмен дірілдеткенде 
сүйсіне қабылдайды.
Оның дірілдету деп аталуында гәп бар. Денеге бір немесе бірнеше саусақты тербелте 
дірілдетеді. Ол тербелістің желігі, кіші, екпіні ауытқып, әр түрлі болады. Бір нүктеде пайда болған 
қозғалыс айналысына жылдам тарап кетеді. Оның екпініне байланыста нерв жүйесін, бұлшық еттердің 
тонусын көтеруге не әлсіретуге болады.
Діріл үздіксіз және кідірмелі болып екіге бөлінеді.
Үздіксіз дірілдеткен кезде массаж жасаушының қолы денеден бір сәтке де ажырамайды. Егер 
үздіксіз қозғалтқанда тек бір нүктені ғана дірілдетсе, онда бұл тұрақты деп аталады. Ал бір нүктеден 
қолды көтермей, жылжып, екінші, үшінші ...нүктелерге келсе, онда оны тұрақсыз дірілдету деп 
атайды.
Бұл тәсілді массаж жасап отырған қолды бұлшық ет талшықтарының тараулы бағытымен тік не 
көлденең қозғалтуға болады. Тканьнің тек жоғарғы бөлігін ғана емес, оның тереңде жатқан жерін де 
дірілдетеді. Бір немесе екі қолмен бірдей дірілдетуге болады.
Нерв ұштарының шыққын жеріне массаж жасау үшін 1 саусақты (сұқ жіне ортаңғы саусақ және 
басбармақ). Сол нүктеге қойып, нерв түйінін басып тұрып дірілдетеді. Саусақ денеге тік 
(перпендикуляр) тұрады. Осы қимылды барлық саусақтарды қосып доға жасау ете отырып орындауға 
болады. 
Денедегі қалың етке массаж жасау үшін алақан не жұдырықпен дірілдетеді. Жұмылған 
жұдырық денеге кіргенде қимыл жасап, ауқымды аймақты шайқайды.
Кеуде бұлшық еттерін алақанның білезік тірегімен дірілдетеді. Оны орындау үшін массаж 
жасаушы қабырғаның төменгі доғасынан бастап дірілдете отырып қолтықтың астына дейін жетеді.


Іштің бұлшық еттеріне массаж жасағанда сыртын, алақан не жұдырықта пайдаланады. Мұндай 
қолмен әрбір жаққа дірілдете қимыл жасалады. Онда тек іштің еттері ғана емес, құрсақ ішіндегі 
ағзаларға да әсер етеді. Әсіресе ішек, асқазан ауруларында ішің қатып қалғанда немесе ішектер 
жиырылу қасиетінен айырылғанда – дірілдету тәсілі қте пайдалы.
Бұл айтылғанның бәрі үздіксіз дірілдету (вибрация) тәсіліне жатады. Екінші түрі кідірмелі 
немесе үздік – үздік дірілдету. Ол қолды денеге қойып,бір-екі діріл қаққызыл шайқап жіберіп,сәлдең 
соң қолды жұлып тыныштандыру. Онда болатын діріл қысқа,жылдам және тез-тез,әлсін әлсін 
толқындап отырады. Оның пайдасы денеге үзілді кесілді күш түсіру. Мұнда әрбір қимылдың арасында 
массаж жасаушының қолы да демалып қалады. Денеге түскен күш үдемелі жылдамдықпен жетеді 
Қандай түрі болмасын денені дірілдетіп,тканьдердің,қан-лимфа сияқты сұйықтардың 
жылжуына үлкен ықпал жасайды. Бұл аталғандар дірілдетудің қосымша түрлері де бар. Оны спорттық 
массажда соққылау және сілкілеу тәсілдері деп жеке тарау еткен. 
Дірілдетудің қосымша түрлері де үздіксіз және кідірмелі болып екіге бөлінеді. Олардың 
әрқайсысы жеке-жеке тәсілдерге бөлініп кетеді. 
Үздіксіз дірілдетуге шайқау,сілкілдеу,жұлқып итеру, қағу, ал кідірмелі дірілдетуге пунктирлі,
шапқылау (рубление), шапалақтау (похлопывание), ұрғылау (поколочивание), осу (стегание)не 
шықпырту жатады. 
Шайқау –дірілдетудің мұндай тәсілінде бес саусақты бес жаққа тарбитып денеге қойып ұн не 
бидайды електен өткізгендей қимыл жасайды. Алақанның астындағы бұлшық еттер оңға. солға, 
жоғары-төмен қозғалып, іркілдеп шайқалады. Бұл тәсіл бұлшық еттер тастай болып қатып қалғанда 
немесе мұрын, жұтқыншақ, іш ауырғанда да қолданылады. 
Сілкілеу бір қолмен орындалады. Ол ішектің жиырылуын күтпейді, әр түрлі себептерден 
болған спазмаларды босатады. Лимфа сұйығының тез жылжуына,бұлшық еттің босауына,ауырған 
жердің басылуына жағдай туғызады. Сілкілеу тек аяқ пен қолға қолданылады. Аяқты дірілдету үшін 
науқас адам шалқасынан жатады. Массаж жасаушы бір қолымен өкшеден, екінші қолымен аяқтың 
басынан мықтап ұстайды, одан соң өзіне тартып тұрып тербете сілкілейді. Қимыл өте тез,шапшаң болу 
керек. 
Қолды сілку үшін ауру отырады не жатады,оның бір қолын массаж жасаушы тартып білезіктің
ұстайды да тағы да бірнеше рет сілкілейді. Қозғалыс жылдам,оңға –солға шайқала дірілдетеді. Қол 
шынтақтан бүгілмей, түзу болу керек. 
Бұл буын ауруларында нерв жүйесі зақымдағанда, қол ұйып қалғанда өте пайдалы. Ал аяқты 
сілкілеген кезде ондағы барлық бұлшы еттер дірілдеп, қозғалысқа түседі. Тек тізе, тірек буындары 
ғана емес, тіпті ұршық буыны да дірілдеп, қимыл – қозғалысы артады. 
Жұлқып – итеру. Бұл қосақы тәсілдің сілкілеуден айырмашылығы, маманның қол қимылы 
салмақтырақ болады. Ол ішкі ағзаларға массаж жасағанда қолданылатын тәсіл. Мәселен, асқазан, 
бауыр, ішек. Массаж жасаушы қолын осы аталған органдардың үстіне қояды, екінші қолымен соған 
қарай екпіндетіп көршілес тканьді итеріп қалады. 
Сол арқылы ішкі ағзалардың қызметін арттырады, сөл бөлінуіне көмектеседі. Іш қатып 
қалғанда ішектің жиырылуына ықпал жасайды. Бір сөзбен айтқанда, ас қорытылуына, зат алмасуына 
септігін тигізеді. 
Қағу – бұл шайқаудың бір түрі. Бірінші және төртінші немесе бірінші және бесінші саусақтарды 
үлкен бұлшық еттерге тіреп қойып, жастықтың жүнін көпсіткендей қимыл жасады. Мұнда бір ғана 
бұлшық ет емес, бірнеше бұлшық етті қосып ұстап әрі – бері, жоғары – төмен және көлденең бағытта 
қозғайды. Балтыр бұлшық еті, иық бұлшық еті, бөксе, арқа бұлшық еттерін бостау үшін қолданылады.
Енді дірілдетудің кідірмелі түрлеріне тоқталып өтейік. 
Пунктирлеу. Бұл саусақтың жұмсақ ұшымен орындалады. Мысалы, сұқ саусақты бір нүктеге 
қойып үздік – үздік сызықша жасайды.
Ол көбінесе нерв ұштары шыққан жерге, бетке, бас терісіне массаж жасаған кезде кеңінен 
қолданылады. 
Шапқылау. Балтамен отынды щапқандағы қимыл жасайды. Ол ауқымды аймаққа: арқа, сан, 
бөксе бұлшық еттеріне қолданылады. Шапқылау қолдың қырымен орындалады. Саусақтарды жазып,
қолды бір-бірінен
2-4 см алшақ ұстап қырыменен бұлшық етті алма – кезек ұрғылай бастайды. Мұнда саусақтардың бір – 
бірінен алыс тұрғаны абзал, сонда арқаға соққан кезде олар жиналып, ұрған жерді ауыртпайды. 


Бұл тәсіл жылдам, екпінді, екі қолмен кезек, ет шапқандай қимылмен жасалады. Ол адам 
денесін сергітіп, лимфа ағысын, арттырады, май және тері бездерінің қызметін жақсартады, зат 
алмасуын күшейтеді. 
Шапқылаған кезде қол ақырын тисін десе – тек қолдың басын, ал қаттырақ тисін десе – шынтақ 
буынынан бастап қосады. Қысқасы буынның ұзындығына байланысты денеге тиетін дірілдету 
тәсілінің күші де әр түрлі болады. Сол сияқты саусақтардың бірігіп тұруы мен алшақ тұруы да роль 
атқарады. Бір – бірінен алыс ұсталған саусақтар күші де аз, нәзік болып тиеді. Ал біріккен 
саусақтардың денеге тиген күш әлдеқайда артық келеді. Сондықтан ауырған жерге, адамның жасына, 
жағдайына қарай тәсілдің өзін өзгешелеп өткізуге болады.
Шапалақтау – саусақтарды сәл бүгіп алақанмен жасалады. Сонда денеге жұмсақтау тиеді. Екі 
қолдың ара қашықтығы 2-4 см болады. Алма – кезек екі қолмен бұлшық ет талшықтарына көлденең 
бағытта шапалақтайды. Мұнда білезік, шынтақ буындардың жамбастың, арқаның иықтың, қарынның 
қалын еттеріне массаж жасағанда қолданылады. 
Үстіртін шапалақтау тамырларды тарылтады, олардың соғуын баяулатады, ал күштірек 
шапалақтау тамырларды кеңейтеді, массаж жасаған жердің температурасын көтеріп, аурығанын 
басады.
Бұл тәсілді бүйректің тұсына, мойынға, жауырынның арасына қолданбайды. Соққан кезде екі 
қолдың ырғағы бірдей болғаны дұрыс.
Ұрғылау – толық жұмылған жұдырықпен немесе бүгілген саусақтармен орындалады. Бұл 
жоғарғы екеуінің (шапалақтау мен шапқылау) ортасындағы тәсіл сияқты. Бірақ олардан гөрі 
салмақтырақ. Ұрғылаған кезде денеге саусақтардың сырты тиеді, ол онша ауыртпай жұмсақтау 
болады. Ұрғылағанда қол денеден 5 – 10 см жоғары көтеріледі, ал ұру жиілігі минутына 100 ден 300-ге 
дейін жетеді. 
Тері жұқа, еті аз жерлерге тек саусақтың ұшымен ұрғыласа, қоң еттерге жұдырықпен 
ұрғылайды. Бұл еттердің, жалпы дененің тонусын көтереді.
Осы шықпырту, - денеге төрт саусақпен немесе алақанмен жанай, жалатып өту. Ол сезімдікке, 
жарадан кейін болған тыртықты кетіруге өте пайдалы. Себебі бұлшық еттің тез жиырылуын, соңынан 
босаңсуын қамтамасыз етеді. Бұл қан айналымын үдетіп, денег оттегі мен қоректік заттардың көбірек 
келуіне мүмкіндік береді.
Дірілдету (вибрация) денеге ешбір зиян келтірмей оңай орындалу керек. Біз дірілдетудің 
аталған тәсілдеріне , олардың негізгі және қосалқы түрлеріне тоқталдық. 
Бір ескертетін жай – бұл тәсілді меңгеру оңай емес. Ол үшін адам ұзақ жаттығу керек. Егер осы 
тәсіл дұрыс орындалмаса, адам дірілдек (вибрационная болезнь) ауруына шалдығуы мүмкін.
Ғалымдардың тексеруінше, массаж дұрыс не бұрыс екенін тексеру үшін төмендегідей тәжірибе 
жасалған. Стол үстіне стақанға су толтырып құйып, столдың шетіне массаж жасаушы дірілдету тәсілін 
орындайды. Сонда ыдыстағы су төгілсе, не жылжып кетсе, - дірілдету тәсілі дұрыс орындалмаған, ал 
су төгілмен,ттек дірілдеп тұрса, онда дұрыс жасалған болып табылады. 
Дірілдету массаждың басқа тәсілдерінің арасында 2-3 рет қайталанады. Әр тәсіл – 1-1,5 
минуттан аспайды. 
Қолдың және санның әш жағына дірілдту тәсілін қолданбайд, өйткені онда қан тамырлары мен 
нерв жүйесі көп шоғырланған. 
Сүйекке жақын орналасқан немесе еті аз жерлерге соққылау әдісін қолданбайды. Сондай –ақ 
жасы келген, әлсіреген адамдарға да бұл тәсілді қолдануға болмайды. 
Бұл айтылған барлық тәсілді де жеке – дара қолданбайды, бірімен – бірін байлныстырып
араластырып жасайды. Тек сонда ғана олардың көмегі айтарлықтай болады. Қандай тәсіл болмасын – 
бәрінен соң сипауды, сондай-ақ әрбір түрін келесісі толтырып отырса ғана массаждың маңызы артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет