«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


 Тақырып: «Массаждың әр мүшеге орындалу әдісі»



Pdf көрінісі
бет51/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

2.4. Тақырып: «Массаждың әр мүшеге орындалу әдісі» 
 
Тәжірибе сабағы жоспары: 
1. Дене мүшелеріне жасалынатын массаждың орындалу техникасымен әдістерінің ерекшеліктері. 
2. Гидромассаж, пневмомассаж (вакуум-массаж) әдістері, техникасы. 
3. Банкамен массаждаудың қолдануға болатын және болмайтын кездері. 
4. Өзін-өзі массаждау әдісі жүргізілуінің ерекшеліктері.


5. Дененің жеке бөліктеріне жасалатын массаж кезіндегі пациенттің отыру-жату қалпы. 
СӨЖ-тан бақылау жұмысы: 
1. Баромассаж туралы түсінік, емдік мақсатта қолдану. 
2. Қолмен аппараттық массажды араластыра пайдалану.
3. Құрастырылған массаж, аппараттық және өзін-өзі массаждау. 
4. Бастың шашты бөлігіне өзін-өзі массаждауда қолдану ерекшеліктері. 
Массаждың қасиетін, әдісі, негізін білмей қолдану – адамға зиян келтірумен бірдей. Кейбіреуі 
сол массаждың қандай бұлшық етке салмақ түсіргенін тіпті сезбейді. Сондықтан массаж жасар 
алдында әр адам анатомияны тыңғылықты бір, қарап шығу керек. Тек сонда ғана қолдың шипасы 
тиеді.
Массаж дененің барлық бөлшегіне әсер етеді. Теріден бастап, тамырлар мен бұлшық еттердің 
ішкі ағзаларының бәрін қамтиды. Терінің жалпы қасиетін жоғарыда арнайы бөлімде айтып кеттік. Бұл 
жерде қайталап айтатынымыз – массаж адамның қандай мүшесіне әсер етсе де, тек сол тері арқылы 
ғана жетеді. Теріден өткен массаждың әсері басқа органдарға беріледі. Оның методикасына
жылдамдығына, ырғағына, мөлшеріне байланысты ішкі ағзалар әр түрлі күйге түседі, бірде босаңсиды, 
бірде қатайып шынығады. Массаж, әсіресе жоғары нерв жүйесін өзгертіп отырады, ал өзіне қатысты 
барлық мүшелерін қарым – қатынасын реттейді. Осыған орай оқырман қауымды әр мүшеге жасалатын 
массаж техникасымен, қысқаша таныстыруды мақсат тұттық. 
Басқа жасалатын массаж. Бетке және бастың шашты бөлігіне екі түрлі әсер етеді. Сондықтан 
олардың әрқайсысына жасалаған массаждың өзіне тән ерекшеліктері бар.
Ал бастың терісі қалың, ол тез жиырылып,тез жазылады. Онда май және тері бездері өте көп 
орналасқан. Қан тамырлары бір-бірімен тығыз байланысып, өрмекшінің ұясындай өріліп жатады. Олар 
қан тамырлар ішіндегі ең ірісі, күре тамырдан тармақталып жайылып кеткен. Мұнда артериялар 
бастың төбесіне қарай бағытталса, веналар (көк тамырлар)керісінше ағады. 
Лимфа 
түйіндері 
құлақ 
түбінде, 
мойында 
шоғырланған. 
Сондықтан 
құлақ
артындағы,шүйдеден желкедегі лимфа түйіндеріне бағытталады. Шаштың өсуі де осылай 
тармақталады. 
Нерв жүйесі,нерв талшықтары бас терісіне мойын өрімімен таралады. 
Басқа массажды шашты өсіру үшін, тері ауруынан (себоря)құтқару үшін және әр түрлі 
ауруларда (қан қысымы жоғарылғанда сақина болғанда)қолданады. Массаж жасауда шашты ыңғайлап 
бөліп алады. Ауруды отырғызып,массаж жасаушы артында биік орындыққа отырады немесе түрегеліп 
отырады. 
Қолданылатын тәсілдер:сипау,ысқылау,жұмсарту,дірілдету. 
Бастың терісіне массаж жасағанда шаштың өсуіне, без түтікшелерінің шығу бағытына қарай 
қолды жүргізеді. Керісінше қимылдатса шаштың түбі жарақаттанады. 
Сипаған кезде қолды ұзынан және көлденең жүргізеді. Маңдайдан
желкеге дейін шашты жарып тастап,бір сипап өтеді.
Ұзыннан-ұзақ сипағанда алақанмен тең жарған сызық бойынша маңдайдан желкеге дейін 
жүргізеді. Ол 3-4 рет қайталанады қолды келесі жүргізгенде батырып,жылдамырақ,екпінді өткізеді. 
Тек бір емес, екі қолмен алма-кезек орындауға болады. 
Бұл тәсілді басқаша орындауға да болады. Мәселен, бір қолмен төбеден маңдайға,ал екіншісі 
қолмен- желкеге қарай сипайды. Екі қолдың қимылы бірдей шығу керек. 
Сипап болған соң,ысқылауға кіріседі (жарты шеңбер немесе зигзаг жасап). Мқнда бірінші және 
екінші саусақтармен алдыңғы көрсетілген бағытта ысқылап шығады. Массаждың бұл тәсілін оң 
қолмен орындаса, сол қолмен басты сипап ұстап тұрады. Ысқылау саусақтардың ұшымен екпінді, 
жылдам қимылмен жасалады. Оны да төбеден төмен қарай шыштың шекарасына дейін жеткізеді. 
Кейде бас бармақты пайдаланады. Екі қолмен бірдей ысқылауда жиі қолданылады. Содан кейін 
жұмсарту тәсіліне жол беріледі. Ол үшін екі қолдың саусақтармен не бас бармақтармен бастың терісін 
қосып жиырады, жылжытады. Дірілдету саусақтың ұштарымен пунктирлі сызықша жасағандай немесе 
ақырындап ұрылғандай өткізледі.
Соққан кезде саусақтардың ұштарымен алма –кезек күш түсіре жылдам қимылдайды. Қолды 
білезік буыннан бастап екі үш немесе бес саусақпен бірдей соққыласа да жақсы әсер етеді.
Шашты ыңғайына қарай жара отырып, аталған қимылдарды оңға –солға, алға – артқа – бүкіл 
басқа толық жасап шығуға болады.


Кейде шаштың арасын ашпайда массаж жасай береді. 
Аталған тәсілдердің бірнеше түрін жасайды. Лимфа- қан айналымын күшейту үшін , массаж 
баспен қоса желкеге, иықтың үстінеде жасалады.
Шыштың түбін қопсытуға түрлі бездердің көзін ашуға, ондағы қабыршақтардан құтылуға 
қайызғақтан тазартуға массаждың тигізер пайдасы айтарлықтай.
Ал қан тамыры тарылып, бас ауырған кезде, сақина болып шеке солқылдағанда, қан қымсымы 
көтеріліп, шүйде тырысқанда – бірден –бір ем – осы массаж. Тек тәсілдерді дұрыс қолдана білу керек.
Массаж жасау уақыты 5-10 минуттан , 15-20 минутқа дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет