- Рахаттану – қарапайым қажеттіліктердің қанағаттандырылуы кезіндегі бастан кешу және
- Рахаттанбау – қажеттілік күшті бірақ оны қанағаттандыру мүмкін емес болғандағы бастан кешу
Адам эмоцияларының формалары (эмоциялық процестер): - Аффект
- Эмоция
- Сезім
- Көңіл-күй
- Стресс
Аффект - Өте күшті, қарқынды, қысқа мерзімді эмоциялық күй.
- Мысалы, өте қатты ашу-ыза, қорқыныш, қайғы, қуаныш
- Аффект кезінде өте қарқынды эмоциялық қозу туындайды.
- Барлық психикалық функциялардың жұмысы күрт өзгереді, әсіресе зейін. Зейіннің ауыспалылығы төмендейді, адам тек бастан кешіріп жатқан эмоциясына қатысты нәрселерді ғана қабылдай алады.
- Ойлау өзгереді – адам өзінің әрекеттерінің салдарын болжай алмайды.
Эмоция - Аффектпен салыстырғанда ұзағырақ, сонымен қатар, тек осы мезетте болып жатқан жағдайларға ғана емес, есімізге түскен немесе қиялдаған жағдайларға да реакция болып табылады.
- Түрлері:
- Жағымды (қуаныш, сүйсіну, махаббат, ырзашылық)-
- жағымсыз(ашу, ыза, жиіркеніш, көңіл қалу, жабырқау)
- Стеникалық – іс-әрекетті белсендіреді, энергия береді (адам «тау қопаруға» дайын болады);
- Астеникалық – керісінше, пассивтілік, енжарлық тудыратын эмоциялар.
- Төменгі (қарапайым қажеттіліктер мен инстинктерді қанағаттандыруға бағытталған – тәтті тағамнан немесе демалудан алатын рахаттану ) – жоғарғы (жоғары қажеттіліктерді қанағаттандыру сезімдері – балаңның жетістігі үшін мақтану)
- Қарапайым – күрделі
- Рационалды және иррационалды
- Рационалды (шынайы) эмоциялар – шынайы нәрсе туралы хабар береді: биіктен қорқу, басқа біреуге зиян келтіргендегі кінәлілік сезімі, бізге біреу зиян келтіргенде ашулану.
- Иррационалды (жалған) эмоциялар – ойдан шығарылған нәрселер туралы ақпарат береді: биіктік фобиясы, ешқандай жамандық жасамаса да өзін кінәлі сезіну, басқа біреудің заты менікі емес деп ренжу.
- Иррацоналды эмоциялар – жалған эмоция деген сөз емес, эмоция шынайы, оның себебі жалған.
Достарыңызбен бөлісу: |